Апартхейд жүйесі. Билікке ұлттық африкандықтардың келуімен ішкі отарлау жүйесінің өзіндік түрі қалыптасты. Апархейд доктринасының тек өзі біреулердің екіншілерге деген нәсілдік билігіне негізделді, бұл көпшіл ік қара нәсілдерді езуді ақтайтын жүйе еді. Сонымен қатар африкан тұрғын дарының отарлық дәрежесі еңбекті максималды қанауды жеңілдетті.
Барлық заң апартхейд жүйесінің дамуына тәуелді болды. Ұлттық партия жетекшілік еткен кезеңде парламент «Нәсілдік топ бойынша қоныстандыру заңын (1950ж)», осы жылы «Тұрғындарды есепке алу заңын», «Банту білім туралы заңын» (1953ж), «Банту арқылы өзін өзі басқаруды дамыту туралы заңын» (1959ж) қабылдады.
Халықты тіркеуге алу және нәсілдік топ бойынша қоныстандыру заңдары апартхейд жүйесінің ең басты тірегі болды. Қоныстандыру заңы үкіметке елдің қай бөлігіне қандай этникалық топты орналастырғысы келетінін анықтайтын құқық бере алды. Африкандықтарды күштеп қала сыртына, яғни «тауншиптарға» күшпен қоныстандыра бастады. Банту арқылы өзінөзі басқару заңы елде бар 264 қорықтарды біріктіріп, бірнеше тарриториялық бөлікке зулу, коса, ндебеле, тевена және тағы басқаларға «ұлттық отан» жасауды қарастырды. Ең бірінші бантустан 1963 жылы майда құрылды. Ол Транскей болды, онда коса халқы тұратын. Банту арқылы өзін өзі басқару заңы әлемге Оңтүстік африка үкіметі африка халқының құқығын кеңейту саясатын жүргізіп жатыр деп көрсеткісі келді. Өз жерінен басқа жердегі африкандықтар, ел территориясының 87 пайызындағылар, саяси құқыққа ие болмай уақытша тұрғындар деп есептелді. Олардың көпшілігі аштық пен аурудан өліп жатты. Транскееда балалардың 84 пайызы күніне бір уақ, шамамен 15 пайызы екі рет, тек 0,6 пайызы үш рет тамақтанды.
ОАР билеушілерінің арасында күрес «таза нәсіл үшін» болып, ол гипертрофиралық түр алды. Адамгершіліксіз заңға өзгертуге байланысты ақ түсті кез келген қара нәсілмен некеге отыруға тыйым салынды. «Мораль ды бұзушылардың» артынан әміршіл аңдушылар қойылды. Коммунизмді басу туралы заң бойынша апартхейд жүйесіне қарсы кез келген ұйым жазаланды. Билікке ұлттық африкалықтардың келуімен олардың Африка ның оңтүстігінде ақ нәсілді республика құру армандары орындалды. 1960 жылы елдегі ақ нәсілдер арасында мемлекет статусы жонінде референдум өткізілді. Онда ақ нәсілді тұрғындардың 90 пайызы қатысты. Мәселе оң шешіммен шешілді. 1961 жылы 21 сәуірде Оңтүстік – Африк Республика жарияланып, жаңа конституция қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |