Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


Нәсілдік емес, демократиялық мемлекет құру жолында



бет31/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
африка и израйль

Нәсілдік емес, демократиялық мемлекет құру жолында. Питер Баттың елде тұрақтылық орнатуды күттірген «ақырын» саясаты нәтиже бермеді, бұл жағдай Ұлттық партия жетекшілерінгің арасында өткір қарсыластық тудырды. Ол өз қызметінен бс тартуға мәжбүр болды. Партияның жаңа жетекшісі және елдің президенті Фредерик де Клерк болды. Бұл 1989 жылы болған еді. 1990 жылы 1960 жылы енгізілген қауіпті жағдай алынып тасталады, бұрын тыйым салынған саяси және кәсіподақтық ұйымдарға рұқсат беріледі, олар - АНК, Панафрикандық конгресс, Оңтүстік – африкандық компартия, БДМ, ОАКК және т. б. Түрмеден саяси қуғындағылар босатылады, олардың арасында 27 жыл тұтқында отырған аты аңызға айналған Оңтүстік Африкадағы еркіндік қозғалысының лидері Нельсон Ролиахла Манделада бар еді.

1991 жылдан бастап ОАР үкіметі мен саяси оппозиция арасында елдегі жағдайды қалыпқа келтіру туралы ресми келісімдер жасалы бастайды. Талап бойынша билеуші топтар арасында қабылданған «Жер туралы», «Нәсілдік топтарды бөлу», «Халықты тіркеуге алу туралы» заңдар алынып тасталады. Жауап ретінде АНК өзіне ақтарға қарсы «Умконкто ве сизве» қызметін тоқтатуды мойнына алды.

1991 жылы желтоқсанда оппозиция мен билеуші үкімет арасында тіке лей қарым–қатынас орнайды, ол Оңтүстік Африка демократиялық конвен тінде анықталады. 1992 жылы наурызда ақ нәсілділер арасында «1990 жылы 2 ақпандағы үрдісті» қолдау немесе қолдамау жөнінде референдум өтеді. Қатысқандардың 68 пайызы «иә» деп дауыс беріп, Клерктың одан ары қарайғы қызметін қолдайды. 1993 жылы ақпанда елде жалпы бүкіл нәсілдік негізде сайлау өткізу туралы келісімге келеді. Сайлауды 1994 жылдың 27 сәуір мерзімінде өткізуге келісіледі.

1993 жылы қарашада ОАР парламенті жаңа конституцияны қабылдайды, ол «1993 жылғы Оңтүстік Африка Республикасының Консти туциясы» деп аталады. Оның қызмет ету мерзімі екі жыл деп белгіленеді. Алдымен ала жоспарланғандай сайлау 1994 жылы 27 сәуірде өтеді. Сайлауда жеңісті 63 пайыз дауыс жинаған АНК алады, екінші орында 20,34 пайыз жинаған Ұлттық партия, «Инката» партиясы 10,5 пайыз дауыс жинайды. Осыған орай парламентте АНК – 152 орын, Ұлттық партия – 82, «Инката» - 43 орынға ие болады. 1994 жылы 9 мамырда болған Ұлттық ассамблеяда Нельсон Мендела бірауыздан Оңтүстік Африка Республика сының президенті болып сайланады. Оның орынбасары және премьер – министрі болып Табо Мбеки және Фредерик де Клерк болды.

1999 жылы кезекті президент сайлауында Нельсон Мандела жасына байланысты президенттікке кандидатурасын ұсынбады. Бұрынғы вице – президент Табо Мбеки жеңіске жетіп, ОАР жаңа президенті болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет