70 жылдардағы ОАР үкіметінің саясаты. Белгілі бір уақытқа дейін күштеу әдісі билеуші жүйенің елдегі саяси жағдайына бақылау орнатты. Тұрақтану кезеңі басталды. Алайда 1976 жылдан бастап елдегі жағдай тағы да күрт өзгерді. Тағы да қобалжулар басталып, ол 1978 жылға дейін жалғасты. Қарсыласудың күші қатты болғандығы соншалық, ОАР елдегі африкандықтардың кейбір шектеулерін алып тастауға мәжбүр болды. Бұл жағдайды премьер – министр Форстер Оңтүстік Африканы революциядан сақтау деп түсіндірді.
1979 жылы ОАР премьер–министрі Питер Бота болды. Ол африкандық кәсіподақтар қызметіне рұқсат береді. 1984 жылы жаңа Конституция қабылданады, елде билеудің президенттік формасы қабылданады. Сайлау да жаңа парламент құрамына алғаш рет үндістер мен басқа түстілер қабылданады. Парламент енді үш палатадан тұрды: ақтар палатасы, үндістер палатасы, түстілер палатасы. Тек африкандықтардың ғана бұрынғыдай дауыс беру құқығы болмады, бұл елдегі 1985 жылғы жаңа толқуға алып келді.
70 жылдар аяғында апартхейд режиміне қарсы күрес жетекшілігі түпкілікті АНК – ға бекіді. Конгресс ресми және ресми емес ұйымдарды біріктіруде белсенді қадамдар жасайды. Нәтижесінде 1983 жылы АНК қызметінің арқасында Біріккен демокретиялық майдан (БДМ) құрылады, оған 400 астам африкандық, түсті және үнділік халық ұйымдары қосылады. БДМ – ға АНК – дан ерекше, басқа позиция ұстанған ұйымдар кірмейді. Бұл Азания халық ұйымы, зулустық Инката еркіндік партиясы.
80 жылдар ортасындағы елдегі толқулар созылмалы сипат алды. 1988 жылдың басында П. Бот үкіметі 18 ұйымның, сонымен қатар БДМ және Оңтүстік – африкандық кәсіподақтар конгресінің қызметіне тыйым салды, оған 2 млн. адам кіріп еді. Ол 1985 жылы елде бар ірі кәсіподақтар негізінде құрылған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |