Африкандықтардың апартхейд жүйесіне қарсы күресі. Африканың Оңтүстігіндегі Апартхейд жүйесіне қарсы африкандықтардың азаттық күресі бірнеше кезеңнен тұрады, олар бір–бірінен мақсаттары жағынан емес, әдіс– формаларымен ерекшеленеді. 1961 жылға дейін күрестің бейбіт түрлері пайдаланылды. Ал одан ертерек, 1949 жылы АНК өзінің күрес бағдарламасын енгізіді және конституциялық емес әдістерді пайдаланды. АНК құрамында 100 мыңдай адам, және басқа да нәсілдік жүйеге қарсы тұрған ұйымдар болды. Оның қатарында–Оңтүстік Африканың Комму нистік партиясы, Түсті халық ұйымы, Демократтар конгресі, ақ нәсіл ділердің біріккен өкілдері болды. Олар 1955 жылы маусымда бірге – Бостандық хартиясын қабылдайды, онда елдегі демократиялық қайта құрулар қарастырылады. Бұған үкімет жағынан көзқарас тез арада жүзеге асып, оларды «мемлекет жауы» деп айыптап, 156 адамды тұтқынға алады.
Биліктегілердің қатыгездігі мен келісімге келмеушілігі еркіндік қозғалысының жетекшілеріне күрестің әдісі мен түрін өзгертуге мәжбүр етті. Көбі күштеу формасын ұсынды, яғни «биліктегілерге теңбе-тең тер рор». Бұған аралық ретінде 1960 жыл болды. Йоханнесбургтің қала сыртын дағы Шарпевилеға бір топ демонстранттар келеді. Олар қатыгездікпен оққа ұшырайды. Шамамен 300 адам өліп, 20 мыңы тұтқынға алынады. АНК және басқа да ұйымдарға тыйым салынады. 21 наурызда болған Шарпевил оқиғасы нәсілдікке қарсы күрес күні болып атап өтіледі. 1961 жылы әлемнің бірнеше елдері ОАР байкот жариялап, оған экономикалық санкциямен қорқытады. 1961 жылы ОАР әскери ұйым «Умконкто ве сизве» («Ұлт найзасы») құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |