Ырғыз аудандық білім бөлімі м. ТӨлегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет3/7
Дата22.09.2022
өлшемі148.5 Kb.
#461130
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
КТП Динтану

Курстың өзектілігі:
«Зайырлылық және дінтану негіздері»курсы мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ,одан оқушылар сапалы,жасампаз мәнділігі бар білім алмайды.Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы,нығаюы және дамуы бойынша тарихи шолумен қатар : Зайырлы мемлекет және дін,зайырлық этикасы негіздері,адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі,діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелерінің танымдық ,психологиялық жайларды ұғындыру қажет.
Курстың мақсаты
-білім алушыларды «зайырлылық »ұстанымын құндылық,яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға ,дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
- зайырлылық рухани –адамгершілік құндылықтар,мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау,дінді мәдинет ретінде қабылдауға үйрету,білім жүйесіне және ой –өрісін кеңейтуге ықпал ету;
- діни сенім бостандығы ,әлемдік және дәстүрлі діндердің ,жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі,теріс пиғылды діни ағымдар мен тиым салынған діни ұғымдар туралы жан-жақты білім беру;
- білім алушыларды экстремизм ,терроризм жіне діни радикализм идеолияларын қабылдамауға үйрету,рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
білім алушыларға діннің мәні ,тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру ;
зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып,осы бағыттағы білімін қалыптастыру;
зайырлылық тұрғысынан діни сана ,діни сенім,діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету ;
діннің дүниетанымдылық,мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру
білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге,толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;
Қазақстандағы этносаралық ,конфессияаралық келісімді зайырлылықұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып,оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжірибенің ерекшеліктерін айқындау
Экстремизм,терроризм,діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке,зайырлылық ұстанымдарына,қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып,зайырлы мемлекет қағидаларына құрмет сезімін тәрбиелеу;
білім алушылардың бойына діни әдебиеттер,электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру ;
Құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,осы тұрғыдағы білімін арттыруға ,Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет