Курстың практикалық маңызы:
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи,мәдени мен рухани құндылықтарды анықтайтын бастаулары ретінде,тұрақты дамуды қамтамасыз ететін ғылыми-дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған болып табылады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Курстың құрылымы:
дінтану пәні,діннің бастаулары мен тарихи түрлері,әлемдік діндер.Қазақстандағы діни жағдай,жаңа діни қозғалыстар,Қазақстан конфессияаралық келісім аумағы,қорытынды.
Сабақты жүргізу әдістері:
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұқсаулық «Зайырлылық және дінтану негіздері»факултативтік курсының оқу процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас,дөңгелек үстел,шағын жиналыс,топпен талқылау,шағын жобаларды қорғау,рөльдік ойын,пікірталас және т.б формаларын қолдану.
Білім алушыларды меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:
Дін мәселері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар ,журналдар ,газет мақаларына талдау жасау,таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау,жағдаяттармен жұмыс жасау;
-діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;
-дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау,оларды дәлелдей білеулерін қалыптастыру;
-БАҚақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
-Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;
-толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;
Білім алушылардың меңгеруі тиіс біліктері мен дағдылары :
Білім алушылар діннің шығу тарихы мен қазіргі замандағы оның рөлін,діннің танымдық –дүниетанымдық және гуманистік аспектілерін,Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық,кқнфессияаралық келісімдердің жүзеге асыру.
Білім алушылардың білімін бағалау:
Пән бойынша мектеп бағдарламасынан алған білімдерін қорытындылай отырып,түрлі тақырыптарды қамтып сұрақ-жауап ,деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру.
Күтілетін нәтижесі:
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері,Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша ,жұйелі түрде игерілген білім, білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға ,өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік,радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады,екінші жағынан,адамның қандай дінге жататынын анықтау,діни сана –сезім,басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |