«ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру» Мазмұны



бет2/18
Дата24.02.2023
өлшемі1.86 Mb.
#469973
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дип.-ІРІ-ҚАРА-МАЛДЫҢ-ЕТІ-МЕМЛЕКЕТТІК-ЖАҢА-СТАНДАРТ-ЖОБАСЫН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-СТАНДАРТ-ТАЛАПТАРЫМЕН-СӘЙК

Әдебиетке шолу




    1. Сертификаттаудың қысқаша даму тарихы.

«Сертификация» термині жаңадан пайдалана бастаса да, ертеде 19-ғасырда пайда болған. 1890-1907 жылы басылып шыққан И.А. Ефрон мен Ф.А. Брокгауздың энциклопедиялық сөздігінде «сертификат» сөзіне бірнеше анықтама берген. Соның бірі «сертификат-это удостоверение». Бұрынғы кезде тауар өндірушілер өздерінің өнімдерінің сапасын жазбаша, яғни “сәйкестік туралы өтініштермен” бекіткен [2].
Ал Германияда 1934 жылдан бастап құрал-жабдықтарды электромагниттік сиымдылыққа сертификаттаған. АҚШ-та 1953 жылдан, ал басқа елдер 1991 жылдан бастап сертификаттау жұмыстарын меңгере бастаған.
Латын сөзінен аударғанда «сертификат сөзі дұрыс жасалған» деген мағына береді. Сапаны тексеру саласы бойынша сертификат Англияда 1926 жылы пайда болды. 1952 жылы Индияда “ИСИ сертификациялық таңбалар” туралы заң қабылданды. Сертификацияның дамуына жол ашқан, 60-шы жылдар соңында осы мақсатқа халықаралық стандарттарды пайдаланған ИСО болып табылады. Сертификаттауға арналған халықаралық стандарттарды құрастыруда табысқа жеткен бірлестіктер МЭК және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы.
Сертификаттаудың Қазақстан Республикасында даму сатысы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 1991 жылғы Қазақстан Республикасының заңын қабылдауымен байланысты.
Қазақстан Республикасының сертификаттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңда белгіленген. 1999 жылы қайта қаралып ҚР-ның «Сертификаттау туралы» жаңа заңы қабылданды. Бұл заңға 2003 жылдың 10 маусымында өзгерістер, толықтырулар енгізілді. 2004 жылы Қазақстандағы нарық реформасынына байланысты 9 қарашада № 603-II мен «Техникалық реттеу туралы » заңы қабылданды.
Бұл заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестіріп, МСЖ-нің құқықтық негіздерін анықтады. Сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, қолдану арқылы өнім, үрдіс (жұмыс) және қызмет сапалы мәселерінде мемлекет пен тұтынушылар мүддесін қорғау шараларын жүзеге асырады.
Заңның негізгі мақсаты өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет