3. Зерттеу нәтижесі және әдістемелігі
3.1 «Алтын-Орда» әмбебап сауда кешенінің сипаттамасы
«Алтын-Орда» әмбебап сауда кешені Қарасай ауданы Іргелі ауылында орналасқан. Бұл орталықта тек қана ауыл шаруашылық бұйымдары емес сонымен қатар тұрмыстық заттар киім-кешек, тағамдық өнімдер, мал және өсімдік шаруашылық өнімдері сатылады. Сауда кешенінде мал сою қасапханалары малды союға дайындаю орындары, ет сапасын сараптау зертханасы бар. Әмбебап сауда кешенің орналасу орны ауыл және қала тұрғындары үшін өте қолайлы, экологиялық және тасымалдау жағдайына тиімді.
Сурет 1. «Алтын-Орда» әмбебап сауда кешені
3.2 Ірі қара мал етінің сапасын сараптау .
3.2.1 Ірі қара мал етін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және сақтау.
Ет өңдеу цехына қабылдайтын мал еттері, саны және сапасына байланысты жүргізіледі. Етті әр түріне байланысты қабылдайды. Партия деп – бір категориялы, бір түрлі термикалық өңделген, сапасы бір ветеринарлық куәлікпен және бір құжат формасымен толтырылған, қабылдау бір уақытта жүргізілген мал еттерінің шикізат санын айтады.
Мал еттерін жергілікті жерде сатқанда және оларды кәсіпорын орнында өсіретін жолмен өңдегенде, сапасын куәләндыратын куәлік беріледі немесе тауарлы – тасмалдау құжатында арнайы штамп қойылады.
Мал еттерін қабылдап алу мына стандарттар талабына сай іске асырылады. МСТ 779, МСТ 20079, МСТ 16020.
Сиыр және жас малдың етін қабылдау, саны және сапасына байланысты жүргізіледі.
Ірі қараны және бұзауды партиямен қабылдайды. Ірі қара немесе бұзау саны бір категориялы партиямен болады, термикалық өңдеу бір түрде, сапасы, ветеринарлық куәлігі және бір құжат формасымен толтырылады, қабылдау бір уақытта жүргізіледі.
Ірі қарада және бұзауда орнықты таратуға және өндірісік өндеуге шығарылған орнына, өнеркәсіпте сақтауда сапасына құжат (өңдеуде шығарылған орнында өнеркәсіпте сақтауда) беріледі немесе тауарлық тасымалдау құжатына сәйкестік мөр қойылады.
Ірі қараны және бұзауды қабылдау, көрсеткіштері мен талаптарына сәйкес берілген стандарт бойынша жүргізіледі. Ал ұшаға жартылай ұшаға және төрттен бір бөлігіне тексеру қабылдаған кезде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |