«ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру» Мазмұны



бет3/18
Дата24.02.2023
өлшемі1.86 Mb.
#469973
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дип.-ІРІ-ҚАРА-МАЛДЫҢ-ЕТІ-МЕМЛЕКЕТТІК-ЖАҢА-СТАНДАРТ-ЖОБАСЫН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-СТАНДАРТ-ТАЛАПТАРЫМЕН-СӘЙК

1.2 Сертификаттаудың негіздері.
Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді) сертификаттаудың құқықтық негізін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

  • өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;

  • сынақтың кәсіби түрде өтуі;

  • шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

  • өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

  • сертификаттау жұмысында ИСО\ МЭК аймақтың ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану т.б

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-і сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85 %-дей болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады: - адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; -- өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

  • заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттаудың екі түрі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет