Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу Мазмұны


Ырымшылдық психологиялық феномен ретінде



бет4/8
Дата19.05.2022
өлшемі104.22 Kb.
#457850
1   2   3   4   5   6   7   8
Диплом

1.3Ырымшылдық психологиялық феномен ретінде

Ырымшылдық мәселесін философия, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, тарих ғылымдары да қарастырады. Сондықтан ырымшылдық пен наным-сенімдерді зерттеуде олардың ара жігін ажырату едәуір қиыншылық тудырады.
Халқымыздың бойында ғасырлар бойы жинақталған қасиеттердің айнасы іспеттес болған наным-сенімдер мен әдет-ғұрыптар – бір бүтіннің бірін-бірі толықтырып тұратын екі жартысы секілді. Әдет-ғұрып – халықтың өмір салтына сай әрекет-амалы болса, наным-сенім – халықтың ойлау жүйесін құрайды. Бірақ, наным-сенім елдің тұрмыс-тіршілігін бір ретке келтіретін күш-қуат ретінде әрдайым іс-әрекеттің алдында тұрады.
Халқымызда үйден шыққанда оң аяқпен шығу, малдас құрып отыру, жатқан кезде оң жағына қарап бір қырымен жату, тіпті әжетханаға кірерде сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу секілді амалдардың бәрі күнделікті тұрмыстың бір ережесі болып қалыптасып қалған.
Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата-баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде «сүннетті ұстану» ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел – көптеген әдет-ғұрыптар мен наным- сенімдеріміздің хадис және сүннеттермен үндесіп жатуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Көз тию. Киім мен аяқкиім кигенде оң жақтан бастап кию.Ақ шашты жұлмау. Қолды жерге тіреп отырмау.
Ресейде жүргізілген зерттеу жұмысында адам баласының ырымшылдығына ықпал ететін факторлардың жан-жақты таралуына қатысты мәселелер баяндалған. М.В.Ломоносов атындағы ММУ студенттер сиқыр сенімін зерттеу арқылы мынадай қызықты мәліметтер алады. Студенттерінің 38%-ы қара сиқырға сенеді, 25%-ы бойтұмарға, 21 %-ы ата-тектен келген қарғысқа сенеді, ал 10 %-ы бал ашуға сенеді. (М.С.Егорова 2009). Сондай-ақ сұрау нәтижесінде 2000 жылы 1600 адамның ішінде 60 %-ы басқадай ырымдарға сенетінін көрсетті. Соның ішінде әйел адамдар арасында – 71 %, ер адамдар арасында 46 %-ы ырымдарға сенетінін көрсетті.
Психологиялық әдебиеттерде қорқыныш – ырымшылдықтың негізі ретінде қарастырылады. Мұнда қорқынышқа деген түрлі көзқарастар, әсіресе, әлеуметттік-мәдени құрылымы негізге алынады. Жүздеген жылдар бұрын пайда болған иррационналдық қорқыныштың жеке түрлері - табыну, салт-дәстүр, бойтұмар, сол сияқты айрықша күші бар және сиқырға итермелейді. Соның көмегімен қауып-қатерден қорғайтын адамдар белгісіз құбылыстар, құдай мен сиқырға деген қорқыныштан пайда болды.
Рационалды және мистикаға сенбейтін адам көз тиюден сақтайтын салттарға жүгінеді екен. Болашаққа деген жоспарды айқындап, денсаулықты мықтап немесе кішкентай баламен сүйсінген соң көбісі ағашты ұрып және сол иығына 3 рет түкіріп әрекет етеді. Бұл әрекетті әр түрлі жастағы, қоғамдық статустағы, білімі бар адамдар іске асырады.
Ырымшылдықтың бір көрінісі - көз тиюге сену адамның басқа адамдардың сиқырлы түрде оған зиян келтіретін көзінен қорқу болып табылады. Көз тигіз деген бақытсыздық әкелу, мақтау айтып зиян келтіру, алдын – ала жорамал айтып , басқа адамның жетістігіне кедергі келтіру. Бірнеше жүз жыл бұрын және де қазіргі кезде қолданылатын көз тию әсерінің алдын алу бойынша салттар сипатталады.
Көз тиюге сену туралы тарихи ақпараттарға тоқталсақ, осы берілген жорамалға қатысты барлық мүмкін болатын ескертулер сипатталады (Ф. Аквинский, У. Бадж, Гелиодор, С. Зелигман, Г. Крамер, Р. Скот, Петроний, Плутарх, Я. Шпренгер). Психофизиологтардың, физиологтардың, психологтардың зерттеу пәні болып табылатын көз бен көзқарасқа арналған зерттеулерді кездестіруге болады. Адам жүзі белгілі бір сатыда адамдардың жан дүниесінің айнасы және вербалды емес коммуникациясы болып табылады. Адамның эмоциясын тануда беттің қимылы негізгі тармақ болып келеді. Бөлімде көз тиюге сипаттама, залалды алу облысындағы қазіргі профессионалдардың оны қалай түсінетіндігі келтіріледі. Қазіргі таңда танымал «энергетикалық қабат», «чакралар», «астралды денелер», «құртылған аура», түсініктері қолданылады, бірақ көз тию себебі «қызғанған көзқарас, қызғаныш сөз, жаман ниет» деп бұрынғыша түсіндіріледі.
АҚШ-та жүргізілген зерттеулер мәліметтері бойынша, ішімдік пен депрессиядан кейінгі 3-ші орындағы социофобиялық бұзылудың әртүрлі деңгейі халықтың 13,3%-на тән.
Көз негізгі қауіп сигналы ретінде қабылданатындығын дәлелдеу психологиялық сурет әдісін қолданылған. Оның нәтижесі келесідей көрсетіледі: суреттерде көзге ерекше мән берілді. Әдетте, олар бұрмаланған: қатты тартылған, пропорционалды емес үлкен мөлшерде, бетте бірнеше көздің болуы және т.б. Суреттерге пікір беру барысында респонденттер әсіресе, көзге қосымша сипаттама берді: «немқұрайлы көзқарас», «жүгіріп тұратын, қорқынышты көзқарас», «өткір көзқарас», «агрессивті көз», «оғаш, өңсіз, симметриялы емес көздер», «бір көз», «қысық көздер», «стандартқа сәйкес емес қиылған» және т.б.
«Осы адамның жүзінде сізді нақты не қорқытады?» деген сұраққа 45 адамның 40-ы көз деп жауап берген. 13 адам мұрынсыз, ауызсыз, құлақсыз, бірақ көзі бар адам жүзі қорқыныштың белгісі екендігін атап көрсетті. Тік көзқарас қауіп сигналы дей тұра, зерттелінушілер көздің қарап тұрған адамның ниеті мен эмоциясын ашатынын көрсетеді. Қандай көзқарас потенциалды қауіпті көрсетеді деген сұраққа 45 респонденттің 38-і «қозғалыссыз», «бедірейе қарау» сияқты сипаттағы көзқарастарды белгіледі.
Даттық наным-сенім зерттеушілерінің (А.Г.Леман) бағалауы бойынша, адамдар қорқатын объектілерге зиянды күш қоса тіркеледі- онсыз олардан қорқудың қажеті жоқ болар еді делінді. Қорқыныш ұялататын объектілердің күшке ие болуы немесе бақылаушының қиялында ғана болуы қоқыныштың пайда болуы үшін бәрібір нәрсе. Басқаша айтсақ, наным-сенімнің таралуы кейбір оқиғаларға сүйсінумен қолдау табады және бұл жағдайдың салдары оған себепке айналуы мүмкін.
Ырымшылдықтың ішіндегі көз тию наным-сенімі көзге деген ерекше қатынас көріпкелдік, емшілік, бұзушылық күштері қоса көрсетілетін мәдениетте мыңдаған жылдар сақталған. Көз тиюден қорқу – көрудің деструктивті потенциалы туралы қияли поэтикалық түсініктің заманауи салдары болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда ырымшылдықтың психологиялық аспектісі адамның психологиялық күйзелістері негізінде анықталады. Қорқыныш сезімі наным-сенімді, ырымшылдыққа табынуды күшейтеді. Сенім – сәтсіздік атрибуциясының бір түрі болып табылады және адам өмірінің қорғаныс функциясын атқарады(өзін-өзі бағалауды қолдау, үрей сезімін азайту және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет