Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу Мазмұны



бет5/8
Дата19.05.2022
өлшемі104.22 Kb.
#457850
1   2   3   4   5   6   7   8
Диплом

А тұжырымы

Халқымыздың бойында ғасырлар бойы жинақталған қасиеттердің айнасы іспеттес болған наным- сенімдер мен әдет-ғұрыптар – бір бүтіннің бірін-бірі толықтырып тұратын екі жартысы секілді. Әдет-ғұрып – халықтың өмір салтына сай әрекет-амалы болса, на- ным-сенім – халықтың ойлау жүйесін құрайды. Бірақ, наным-сенім елдің тұрмыс-тіршілігін бір ретке келті ретін күш-қуат ретінде әрдайым іс-әрекеттің алдында тұрады.


Қазір де жұрттың бәрі жаппай ырымшыл болып кетті демесек те, оған сенетін адамдар өте көп. Мәселен, өте ырымшыл адамдар­дың қатарына ғарышкерлер жатады. Оларды да түсінген жөн. Бір аяғы жерде, бір аяғы көкте тұрған адам ырымшыл болмай көрсін. Ырымшылдық Вебстер сөздігінде айтылғандай “ырымның өзі белгісіздіктен туындайтын, себепті-салдарлы байланыстарды дұрыс түсінбеуден, магия мен оқиғаларға сенуден шыққан түсінік немесе дәстүр”.
Ғылыми білімге қарағанда, дәстүрлі білім адамның күнделікті тәжірибесінде жиі қолданысқа ие. Ол ғылымға, өнерге, философияға арнайы құрастырылмаған. Ол ғылыми білімге ұқсамайтын ерекше психологиялық-логикаға тәуелді және қарама-қайшылықты, ақылға қонбайтын, әлемді рационалды танумен кереғар болып келеді.
Ырымшылдық барлық кезде өзімізбен бірге еріп жүретінін біз байқай да бермейміз. Адамдар бірден ырымшыл болып тумайды, ол оған жүре келе үйренетіні және айналасындағы қоршаған ортасы әсер ететіні белгілі. Күніміз сәтті басталсын деп үйден оң аяқпен аттап шыққаннан бастап, біз ырым­шылдықтың қалыптасқан дәстүрлерін бұлжытпай орындай бастаймыз.
Психологиялық әдебиеттерде ырымшылдықтың ғылыми аспектісі ретінде стереотиптер, теріс түсініктер және т.б. жатады. Оларды зерттеуге байланысты әдебиеттерге шолу жасайтын болсақ, стереотиптер, теріс түсініктер адамның өмірінде функциялары ретінде сипатталады.
Ырымшылдық құбылысына байланысты бірқатар психологиялық көзқарастарды қарастыруға болады.(Ю.В.Саенко, А.Леман, Д.В.Ольшанский, т.б. ) Ырымшылдық құбылысын қарастыру тәсілдері құрамдас бөліктерге бөлінген (Ю.В.Саенко). Сондай-ақ, авторлар ырымшылдықты танымдық аспектісі, мотивациялық-аффективтік және мінез-құлықтық аспекті ретінде қарастырған тәсілдер жайлы жазылған.
Қорыта келе, ырымшылдыққа қатысты бірқатар әдебиеттерге талдау негізінде мынадай қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, қарапайым және ғылыми ойлау, бұлар теориялық жағынан екі түрге бөлінсе де, бірақ нақты өмірдегі күнделікті танымда бір-бірінен ажыратылмайды,оларға рационалды, әрі «паралогиялық» қасиеттер тән. Екіншіден, қарапайым білімнің әртүрлі формалары негізінен, оның тасымалдаушысына бейімделу функциясын атқарады. Үшіншіден, адамдардың білімінен, жасынан, әлеуметтік статусынан тәуелсіз наным-сенімдері жиі өзгеріп отыратын әлеуметтік өмірдің образын жеңілдетіп, тұрақтандыра түсетінін, түсінікті әрі жорамалдауға болатындай етіп өзгертетініне болжам жасауға болады. Төртіншіден, түрлі қазақи наным-сенім мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ең кең тараған ырымшылдықтың түрі және онымен байланысты қорғану, одан жаманшылықтан сақтану, құтылу сияқты салттар осы уақытқа дейін өзгеріссіз сақталып келеді. Жалпы айтқанда, ырымшылдық, наным-сенімнің қалыптасуына ең басты себеп - жеке өмірдегі кездейсоқ қиыншылықтарға қарапайым жолмен түсініктеме іздестіруге тырысу болып табылады.
Психологиялық әдебиеттерде қорқыныш – ырымшылдықтың негізі ретінде қарастырылады. Мұнда қорқынышқа деген түрлі көзқарастар, әсіресе, әлеуметттік-мәдени құрылымы негізге алынады. Жүздеген жылдар бұрын пайда болған иррационналдық қорқыныштың жеке түрлері - табыну, салт-дәстүр, бойтұмар, сол сияқты айрықша күші бар және сиқырға итермелейді. Соның көмегімен қауып-қатерден қорғайтын адамдар белгісіз құбылыстар, құдай мен сиқырға деген қорқыныштан пайда болды.
Қорыта айтқанда ырымшылдықтың психологиялық аспектісі адамның психологиялық күйзелістері негізінде анықталады. Қорқыныш сезімі наным-сенімді, ырымшылдыққа табынуды күшейтеді. Сенім – сәтсіздік атрибуциясының бір түрі болып табылады және адам өмірінің қорғаныс функциясын атқарады(өзін-өзі бағалауды қолдау, үрей сезімін азайту және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет