Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу Мазмұны


Зерттеу процедурасы және алынған нәтижелерді талдау



бет7/8
Дата19.05.2022
өлшемі104.22 Kb.
#457850
1   2   3   4   5   6   7   8
Диплом

Зерттеу процедурасы және алынған нәтижелерді талдау

Зерттеу барысында жастар арасындағы ырымдардың таралу туралы келесі мәліметтер алынды:


«Қандай ырымдарға Сіз сенесіз (өміріңізде қолданасыз)?» сұрағына келесідей жауаптар алынды: ырымдарға сенетін жастар – 68 адам (97,1%), 2 адам «ырымдарға мүлдем сенбеймін» деп жауап берді - 2,9%.

Демек, біздің жастар арасында ырымдар кең таралған деген пікіріміз дұрыс болып шықты. 1 кестеден көріп отырғанымыздай, өмірде, көбінесе, болмыс ырымдары қолданылады - 24,5 %, ақша мен бақытпен байланысты ырымдар - 24, 5%, ақшамен байланысты ырымдар - 22,6 %. Сонымен қатар жастар ауа-райымен (9,4 %), жолмен (7,5 %) байланысты ырымдар кездеседі. Салыстырмалы түрде аз ырымдар денсаулық пен жүктілікпен байланысты (3,7 %). Өмірде ең аз қолданылатын ырымдар отбасымен байланысты ырымдар - 1,8 %.


Осылайша, жиі кездесетін ырымдардың нысаны ретінде: сәттілікке жету, бақыт, сәтсіздіктен қашу, ақшаны көбейту, ақшаны жоғалтудан қашу.

Кесте 1 -



Жауаптар

Тұрмыстық өмірмен байланысты



Бақытпен байланысты



Ақшамен байланысты



Ауа -райымен байланысты



Жолмен байланысты



Денсаулық пен жүктілікпен байланысты



Отбасымен байланысты



Барлығы

19

17

17

6

5

3

1

%

28,6

24,5

24,5

9,4

7,5

3,7

1,8

Сауалнаманың нәтижелері негізгі мотив ретінде адамның қауіпсіздігі, қорқыныш пен сәтсіздіктерден арылу болып табылатынын көрсетті (кесте 2).


Кесте 2 -Ырымдардың көмегі






Сәтсіздіктерден қашу

Сенімділік

Сәттілік

Пайдасы жоқ

Жауаптар

Жамандықтан сақтайды.-7
Бақытсыздықтан сақтайды.-19
Абай боламын.-1



Жақын уақытта қонақ келеді. -4
Емтиханды жақсы тапсырып шығамын-6
Ауа-райыны болжайды.-5
Көңілімді аударайын, жақын арада жалақы болады.-10

Көңіл-күйді көтереді - 3
Сәттілікке ыңғайлану- 4
Ақшаны алып келеді – 3
Сәттілікті алып келеді - 4

Ешқандай - 2

Барлығы

27

25

14

2

%

40

36,7

20

3,3

Осылайша, сұрақнама негізінде ырымдарға сенетін жастардың 100 %-ына қауіпсіздік мотивтері сай. Берілген мотивтер, біз көріп отырғанымыздай, жастардың өздерін қорғалған жағдайда сезінуін көрсетеді. Біріншіден, қазіргі кездегі жастардың сенімділікке, тұрақтылыққа қажеттілік байқалады (36,7%): істердің сәтті аяқталуы туралы сенімділік, ішкі комфорт, сенім, оптимизм.
Келесіде сәтсіздіктен қашудағы қажеттілік (30%): негативті жағдайларды алдын-алу, кедергілер, өмірдегі қиындықтар, өзін сәтсіздіктерден алшақтату.
Сұралған зерттелінушілердің 20%-нда жетістіктерге жету мотивтері анықталды. Берілген әрекеттерге жастардың өздерінің өмірлерін жақсылыққа өзгерту, ақша қорын көбейту, сәттіліктерге жетулерін жатқызамыз.
Жастардың жауаптарының қорытындысын көре отырып қазіргі кездегі жастардың ырымдарға сенуінің негізі бірінші кезекте қорқынышта, одан құтылу амалында, өзіндік теріс күйзелістерден қорғануда, сонымен бірге ырым ритуалдардың көмегімен, ешқандай күш жұмсамай ақша мен табысқа кенелуге ұмтылуында екенін атап өту керек. Қауіпсіздікке мұқтаждылық жетекші орында.
Ырымдар алатын ақпараттар көзі туралы сұрақтарға жауапты 3 кестеден алуға болады.

Кесте 3 - Ырымдардың қайнар көздері






Адамдар

Өзіндік тәжірибе

БАҚ көзі

Жауаптар

Халықтық - 6
Ата,әжелерден - 15
Қарт адамдардан - 5
Басқа біреулерден - 8

Өмірден - 11
Өзіндік бақылауларда тексерілген -9

Теледидардан -5
Кітаптан оқып алған
2
Әлеуметтік желілер - 7

Барлығы

34

20

14

%

50

30

20

Жастардың жауаптарын талдау негізінде ырымшылдық туралы көздерді алу мен таратудың негізгісі жоғарғы буын өкілдері екенін көрсетті(50 %).


Берілген нәтижелер ырымшылдықтың әлеуметтік сипатталатынын, яғни зерттелінушілер олардың айналасындағылар қаншалықты сенсе соған қарай қолданатынын көрсетеді.
Әлеуметтік уәждер жағдайда басқа адамдардың қорқынышымен сендірілген ырымдар мен нанымдарға бағынушылықты сипаттайтын қауіпсіздік уәжімен тығыз байланысты, егер жорамал бойынша алдын ала бір істі жасап қойса, онда бірдеме болады деген сияқты.
Сауалнамашылардың (30%) көп бөлігі өзіндік тәжірибе мен бақылауларға сүйенетінін айта кеткен жөн. Өмірлік тәжірибе мен бақылаулар болашақтағы оқиғаларды көруге көмектеседі, өзін ақтап шығу үшін тағдырға, жағдайларға сәтсіз жағдайларда жауапкершілікті өзінен алып тастауды қамтамасыз етеді.
Сауалнамашылардың 20%-ы ырымдар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан алатынын айтады.Жастардыңмәліметтері ырымдар арқылы болашақты түсінуге және түсіндіруге тырысады. Мұнымен жастар болатын құбылыстың, ойлаған істің мүмкін салдарына нұсқаулар түрінде тағдырдың алдын алуға ниетте болады.
Ырымдардың қолданылатын жағдайлары 4 кестеде берілген.

Кесте 4 - Ырымдарды қолдану жағдаяттары






Жағымсыз

Жағымды

Тұрақты

Жауаптар

Экстрималды - 3
Мәселелік - 2
Күйзелісте - 10
Мәселенің шешілу жағдайы – 3

Ауа райын болжауға - 2
Үй үшін - 2
Киім таңдау - 1
Ақшаны күткенде - 4

Тұрақты - 7
Өздігінен әрқашан еске алады - 5
Әрдайым - 10
Күн сайын - 5
Жалғыз қалғанда немесе біреуге үйреткенде - 5
Өмірлік - 9

Барлығы

18

9

41

%

26,7

13,3

60

Алынған мәліметтерді талдай отырып біз зерттелінушілердің 60 %- ы күн сайынғы өмірде ырымдарға сүйенетінін байқаймыз. 26, 7 % жастар өмірдегі қиын, жағымсыз, шарасыз жағдайларда ғана ырымдар туралы еске алады. 13,3 % ырымдық ритуалдық әрекеттерге өмірінің жағымды сәттерінде пайдаланады.


Жауаптарды талдау негізінде жастар ырымдарға ең алдымен сәтсіздіктерден қашу үшін жүгінетінін көрсетеді. Бұл мотив табысқа жету мотивіне басшылық жасайды. Ырымды күн сайын қолдану әрдайым белгісіз қорқыныштың болуын, олардан құтылу мақсатының болуын айтады, яғни біз тағы да өмірлік жағдайларды тұрақтандыруда мінсіз көрінетін жетекші қауіпсіздіктің мотивін бақылай аламыз.
Өздерінің ырымшылдық көзқарастарын жүзеге асыра отырып, жастар ең алдымен күтіп тұрған болашақ туралы біледі, содан кейін күтілетін жағдайлар бойынша эмоциялық уайымдарды бастан кешіреді.

Кесте 5 - Ырымшылдықтың эмоционалдық күйі






Жағымсыз

Жағымды

Бивалентті

Эмоцияның жоқтығы

Жауаптар

Жағымсыздар - 5
Қайғы - 5
Қорқыныш - 7
Жағымсыз эмоциялармен- 6

Жағымдылармен - 5
Қуаныш - 7
Жағымды эмоциялар - 4

Әртүрлі - 5
Жағдайға байланысты - 3
Кейде қуанышты, кейде онша емес - 2
Қандай ырым соған да қатысты - 3
Жағдайға байланысты - 3

Ешқандай - 3
Мән бермеу - 3
Ешкіммен - 2
Білмеймін - 5



барлығы

23

16

16

13

%

33,4

23,3

23,3

20

Жастардың жауаптарынан зерттелінушілердің көпшілігі жағымсыз эмоцияларда болатынын сипатты көрсетеді(33,3%) (Жастардың жауаптарына қарағанда өмірдегі қиын сәттерде ырымды қолдану).


Сауалнамашылардың бірдей саны жағдайға байланысты(23,3%) жағымды әсерде(23,3%) болады, немесе арман тілегінің орындалуында жолыболмаушылықтан қорғануға бағытталады. Ырымшылдық ритуалдық әрекеттердің нәтижелеріне байланысты теріс немесе басқа эмоционалды күй байқалады.
Респонденттердің 20 % жалған сенім және ритуалды іс-әрекеттермен қатар жүретін эмоцияларға назар аудармайтыны қызық. Мүмкін, ол жалған сенімдер мен ырымшылдық бұл адамдардың әдетіне айналғанын білдіреді, олардың күнделікті өмірлерінде алатын орны берік, және оларға жүгіну эмоционалды бояуларды қоспайды, тұрмыстық қарапайым жағдайларға да бояу бермейтіндей: тісті тазалау немесе қоқысты шығару.
«Ырымдарды неге және не үшін пайдаланасыз?» сұрақтарының жауаптары 6-кестеде келтірілген.
Жастардың максималды саны (46,7 %) атап өткендей, өмірде ырымдарды қолданудың себебі – өзіннің және өз жақындарының болашағына сенімділік болып табылады. Қауіпсіздікке мұқтаждық жалған сенім ойларында белгіленеді, олар адамға қорқыныш, үрейден арылып, сабырлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кесте 6 - Ырымдарды пайдалану себептері






Сәтсіздік-терден қашу

Сенімділік

Сәттілік

Себебі жоқ

Қолданысы жоқ

Жауаптары

Сақтық үшін - 9



Дұрыс әрекет жасау үшін - 4
Солай болуы тиіс деп сенемін. - 6
Жанымның тыныштығы үшін - 6
Жақсы көңіл-күй үшін - 6
Сабырлық үшін - 5
Жақындарымда барлығы жақсы болсын деп - 5

Қалағанына қол жеткізу үшін - 7

Себепсіз, саналы түрде емес - 2
Әдет - 16

Қолдан-баймын - 2

Барлығы

9

32

7

18

2

%

13,3

46,7

10

26,7

3,3

Жастардың26,7 % ырымдарға сенімді бекіту, фиксациялау және алдын ала көрінетін белгілерді (ырымдарға еру үшін себептің болуы қажет емес) қолдайды, ол өз кезегінде ырымдарды қолданудағы әдеттің пайда болуына себепкер болады. Жастар атап өтетін мәліметтер негізделген сәйкестіктер мен әдеттер, яғни жүзеге асырылған, респонденттер үшін заңдылық ретінде қабылданған болып табылады.


Ә тұжырымы

Эксперименттік зерттеу нәтижелері бойынша, жастардың жауаптарының көрсетуі бойынша, бірінші кезекте жалған сенімдер теріс эмоционалды уайымдарға толық құбылыстарды анықтауға көмектеседі (сәтсіздіктер, жағымсыз оқиғалар және т.б.). Жалған сенім жастардың эмоционалды саласын реттейді, уайымды өшіреді, тыныштандырады, сенімділікті қамтамасыз етеді.


Қорыта айтқанда:

  • жалған сенімді көріністер қазіргі кездегі жастарда кең таралымға ие болып табылады.

  • жалған сенімдер айналадағы қоршаған шыңдықты қабылдауға ұстаным ретінде, болашақты болжау ретінде қабылданады.

  • сауалнама мәліметтері дәлелдегендей, жастар экстремалды жағдайларда белгілі ырымдар көмегіне жиі жүгінеді. Берілген жағдайлар зерттелінушілердің көпшілігінде қорқыныш, үрей, уайым, сенімсіздік сияқты эмоционалды уайымшылдықты туғызады. Ырымдарға жүгіну өз-өзіне сенімділікті жетілдіріп, қазіргі кездегі жастардың эмоционалды сферасын ретке келтіреді.

  • Ырымдарды орындаудағы күш жұмсауларды минимизациялау жастардың 96,6 % мақсатқа жетудің аса оңай жолын таңдайтынын білдіреді, ол конструктивті іс-әрекеттерге қарама-қайшылықты тудырады (ақыл-ой немесе физикалық әрекеттер).

  • Белгісіздік, мүмкін болатын қауіптерді күту, болашақбелгісіздігі, өз күштеріне сенімсіздік өз жағымды тұрмысы мен жақындарының жағымды тұрмысы үшін қорқыныш, үрейді туғызады. Сонымен қатар эмоционалды тұрақсыздық пен ашушаңдыққа себепкер болады. Осының салдарынан қауіпсіздікке мұқтаждық басты мәселе болып қалады.

Қорытынды

Теориялық негізде қорыта айтқанда, ырымшылдықтың психологиялық аспектісі адамның психологиялық күйзелістері негізінде анықталады. Қорқыныш сезімі наным-сенімді, ырымшылдыққа табынуды күшейтеді. Сенім – сәтсіздік атрибуциясының бір түрі болып табылады және адам өмірінің қорғаныс функциясын атқарады(өзін-өзі бағалауды қолдау, үрей сезімін азайту және т.б.).


Ал эмпирикалық зерттеу бойынша қорыта айтқанда, эксперименттік зерттеудің мақсаты: заманауи жастардың ырымдарын және олардың өмірлеріндегі ырымшылдықтың ролін зерттеу болған.
Ырымдар, жалпы алғанда, қазіргі кездегі жастар арасында кең таралған. Негізгі мотив ретінде өз тұлғасын негативті толқулардан сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады деген болжам нақтыланды.
Зерттеу барысында жастар арасындағы ырымдардың таралу туралы келесі мәліметтер алынды:
Ырымдарға сенетін жастар – 68 адам (97,1%), 2 адам (ырымдарға мүлдем сенбеймін» деп жауап берді - 2,9%. Демек, біздің жастар арасында ырымдар кең таралған деген пікіріміз дұрыс болып шықты. өмірде, көбінесе, ақша мен бақытпен байланысты ырымдар, ауа-райымен, жолмен байланысты ырымдар кездеседі. Салыстырмалы түрде аз ырымдар денсаулық пен жүктілікпен байланысты. Өмірде ең аз қолданылатын ырымдар отбасыменбайланысты ырымдар. Осылайша, жиі кездесетін ырымдардың нысаны ретінде: сәттілікке жету, бақыт, сәтсіздіктен қашу, ақшаны көбейту, ақшаны жоғалтудан қашу.
Жастардыңжауаптарының қорытындысын көре отырып қазіргі кездегі жастардың ырымдарға сенуінің негізі бірінші кезекте қорқынышта, одан құтылу амалында, өзіндік теріс күйзелістерден қорғануда, сонымен бірге ырым ритуалдардың көмегімен, ешқандай күш жұмасамай ақша мен табысқа кенелуге ұмтылуында екенін атап өту керек. Қауіпсіздікке мұқтаждылық жетекші орында.
Берілген нәтижелер ырымшылдықтың әлеуметтік сипатталатынын, яғни зерттелінушілер олардың айналасындағылар қаншалықты сенсе соған қарай қолданатынын көрсетеді.
Сауалнамашылардыңкөп бөлігі өзіндік тәжірибе мен бақылауларға сүйенетінін айта кеткен жөн. Өмірлік тәжірибе мен бақылаулар болашақтағы оқиғаларды көруге көмектеседі, өзін ақтап шығу үшін тағдырға, жағдайларға сәтсіз жағдайларда жауапкершілікті өзінен алып тастауды қамтамасыз етеді.
Жауаптарды талдау негізінде жастар ырымдарға ең алдымен сәтсіздіктерден қашу үшін жүгінетінін көрсетеді. Бұл мотив табысқа жету мотивіне басшылық жасайды. Ырымды күн сайын қолдану әрдайым белгісіз қорқыныштың болуын, олардан құтылу мақсатының болуын айтады, яғни біз тағы да өмірлік жағдайларды тұрақтандыруда мінсіз көрінетін жетекші қауіпсіздіктің мотивін бақылай аламыз.
Өздерінің ырымшылдық көзқарастарын жүзеге асыра отырып, жастар ең алдымен күтіп тұрған болашақ туралы біледі, содан кейін күтілетін жағдайлар бойынша эмоциялық уайымдарды бастан кешіреді.
Жастардың максималды саны атап өткендей, өмірде ырымдарды қолданудың себебі – өзіннің және өз жақындарының болашағына сенімділік болып табылады. Қауіпсіздікке мұқтаждық жалған сенім ойларында белгіленеді, олар адамға қорқыныш, үрейден арылып, сабырлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, жастардың жауаптарының көрсетуі бойынша, бірінші кезекте жалған сенімдер теріс эмоционалды уайымдарға толық құбылыстарды анықтауға көмектеседі (сәтсіздіктер, жағымсыз оқиғалар және т.б.). Жалған сенім жастардың эмоционалды саласын реттейді, уайымды өшіреді, тыныштандырады, сенімділікті қамтамасыз етеді.
Сонымен, жалған сенімді көріністер қазіргі кездегі жастарда кең таралымға ие болып табылады; жалған сенімдер айналадағы қоршаған шыңдықты қабылдауға ұстаным ретінде, болашақты болжау ретінде қабылданады; сауалнама мәліметтері дәлелдегендей, жастар экстремалды жағдайларда белгілі ырымдар көмегіне жиі жүгінеді. Берілген жағдайлар зерттелінушілрдің көпшілігінде қорқыныш, үрей, уайым, сенімсіздік сияқты эмоционалды уайымшылдықты туғызады. Ырымдарға жүгіну өз-өзіне сенімділікті жетілдіріп, қазіргі кездегі жастардың эмоционалды сферасын ретке келтіреді; ырымдарды орындаудағы күш жұмсауларды минимизациялау жастардың 96,6 % мақсатқа жетудің аса оңай жолын таңдайтынын білдіреді, ол конструктивті іс-әрекеттерге қарама-қайшылықты тудырады (ақыл-ой немесе физикалық әрекеттер); белгісіздік, мүмкін болатын қауіптерді күту, болашақбелгісіздігі, өз күштеріне сенімсіздік өз жағымды тұрмысы мен жақындарының жағымды тұрмысы үшін қорқыныш, үрейді туғызады. Сонымен қатар эмоционалды тұрақсыздық пен ашушаңдыққа себепкер болады. Осының салдарынан қауіпсіздікке мұқтаждық басты мәселе болып қалады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Саенко Ю.В. Психологические аспекты изучения суеверий // Вопросы психологии, 2006, №6

  2. Строгальщикова М. Ю. Социально-психологические особенности феномена суеверия: автореферат дис. ... кандидата психологических наук: 19.00.05 - Москва, 2012.- 23 с.

  3. Энциклопедия психологических тестов. Психодиагностика:практика. М:Издательство «АСТ», 1997.

  4. Берн Э. Познай себя. – Екатеринбург: ЛИТУР, 2002.

  5. Блейлер Э. Аутистическое мышление // Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления. – М.: МГУ, 1981.

  6. Блонский П.П. Память и мышление. – СПб.: Питер, 2001.

  7. Габдуллин И.Р. Явление предрассудка: гносеологические корни и социальные детерминанты// http://credonew.ru/content/view/55/49/

  8. Гальперин П.Я. Лекции по психологии. – М.: Высшая школа, 2002.

  9. Грушко Е.А., Медведев Ю.М. Энциклопедия русских суеверий. – М.: ЭКСМО-Пресс, 2000.

  10. Демоз Л. Психоистория. – Ростов н/Д.: Феникс, 2000.

  11. Лебедев В.И. Духи в зеркале психологии. – М.: Сов. Россия, 1987.

  12. Леви-Брюль Л. Первобытное мышление. – М.: Атеист, 1930.

  13. Леман А. История магии и суеверий от древности до наших дней. – М.: Эксмо, 2002.

  14. Мюллер М. От слова к вере. – М.: ЭКСМО, 2002.

  15. Ольшанский Д.В. Психология масс. – СПб.: Питер, 2001.

  16. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. – М.: Мысль, 1974.

  17. Почепцов Г.Г. Психологические войны. – М.: Рефл-бук, 2000.

  18. Пропп В.Я. Сказка. Эпос. Песня. – М.: Лабиринт, 2001.

  19. Рассел Б. Может ли человек быть рациональным? / www.i-u.ru

  20. Саенко Ю.В. Исследование суеверности тестовым методом // Проблемы российской правовой системы. Инновационные процессы в образовании / Под ред. Г.П. Пазюковой, Е.Л. Монаховой. Таганрог: Изд-во ТИУиЭ, 2003.

  21. Саенко Ю.В. Социально-демографические и индивидуально-личностные различия в современных суеверных представлениях / Сб. науч. тр. каф. ТиПП. Вып. 1. Таганрог: ТИУиЭ, 2002.

  22. Саенко Ю.В. Суеверия как препятствие для личностного и профессионального развития // Акмеология: личностное и профессиональное развитие / Под ред. О.В. Москаленко, Е.В. Селезневой. М.: «ЭКО», 2004.

  23. Словарь практической психологии / Сост. С.Ю. Головин. Минск: Харвест, 1998.

  24. Флоренский П.А. О суеверии. Предисловие к публикации: А. Ф. Управителев // Философские науки. –199, № 5.

  25. Фромм Э. Бегство от свободы. – М.: Прогресс, 1989.

  26. Шрейдер Ю. Наука – источник знаний и суеверий // Новый мир, 1969, вып. 10.

  27. Ялом И.Д. Лечение от любви и другие психотерапевтические новеллы. – М.: Независимая фирма «Класс», 2005.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет