Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу Мазмұны


Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі



бет2/8
Дата19.05.2022
өлшемі104.22 Kb.
#457850
1   2   3   4   5   6   7   8
Диплом

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізіретінде көпшілік саналылық, күнделікті саналылық сияқты феномендерді зерттеуге арналған тәсілдер жатады: (А.И. Донцов, Т.П. Емельянова, Л. Леви-Брюль, К. Леви-Стросс, С. Московичи, Г.Г. Почепцов, А.В. Юревич), күнделікті білімнің әр түрлі формалары, стереотиптер, теріс ұғымдар мен наным-сенімдер, әлеуметтік ұстанымдар сияқты (В.С. Агеев, Г.М. Андреева, Э. Аронсон, А.И. Донцов, Т.П. Емельянова, И.С. Кон, Д. Майерс, С. Московичи, Т.Г. Стефаненко) мәселелерді қарастырады.
Диплом жұмысының мақсаты: ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Зерттеу жұмысының пәні: көпшіліктік сана, стереотиптер, наным-сенімдердің көрінуі
Зерттеу жұмысының обьектісі: жастардың ырымшылдық ерекшеліктері
Зерттеудің негізгі міндеттері:

  • көпшіліктік саналылық туралы жағдайлар теориялық тұрғыда талдау жасау;

  • ырымшылдықты зерттеудегі әдебиеттерге шолу жасай отырып, зерттеудің негізгі бағыттарына талдау жасау;

  • қазіргі заманда ырымшылдықтың туындауына себеп болатын әр түрлі факторларды қарастыру;

  • заманауи жастардың ырымшылдық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.

Зерттеу болжамы: ырымдар жалпы алғанда қазіргі кездегі жастар арасында кең таралған. Негізгі мотив ретінде өз тұлғасын негативті толқулардан сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеужұмыстарының практикалық мәні –тұрмыстық деңгейдегі ырымшылдықты теориялық тұрғыда түсіндіру мүмкіншілігі ашылады. Көпшілік саналылығына сәйкес стереотиптерді сипаттау мүмкіншілігі беріледі. Жұмыс нәтижесінде алынған адамдардың неліктен ғылыми негізделмеген құбылыстарға сенетіндігі жайлы мәліметтер БАҚ қызметінде қолданылуы мүмкін. Жұмыс материалдары иррационалды қорқыныштар мен үрейлерден арылуға бағдарламалар құруға көмектеседі.
Зерттеудің мақсатымен міндеттеріне байланысты төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды: теориялық зерттеу – библиографиялық әдіс, (ғылыми әдебиеттерді талдау); эмпирикалық (әлеуметтік сауалнама) психологиялық-әлеуметтік эксперимент). Алынған нәтижелерді сапалық психологиялық талдау әдісі, салыстырмалы сипаттама әдісі қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет