ЫСҚАҚ Әкима иманбекқызы болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру



бет2/3
Дата28.05.2016
өлшемі465.28 Kb.
#99976
түріДиссертация
1   2   3

Экспериментке 128 студент қатысты, оның 63-ы эксперимент тобында, 65-ы бақылау тобында болды.

Анықтау эксперименті барысында анкеталық сұрақтардың көмегімен болашақ мамандарының үш компонент бойынша (мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік) сәндік-қолданбалы өнерден білім, іскерлік деңгейін тексердік. Нәтижесінде этнокөркемдік білім бойынша студенттердің кәсіби даярлықты теориялық білімінің төмендігін, практикалық тәжірибесінің жоқтығын байқадық.

Оқытушылар арасында жүргізілген сауалнамалармен да сабақтарда жасалған талдаулар оқыту әдістемелерін әлі де жетілдіру қажет ететіндігін дәлелдейді. Осының бәрін ескере отырып біз 3-кезеңнен тұратын қалыптастыру эксперименті барысында болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлаудың әдістемесін жасадық.

Біздің жасаған әдістемеміз қалыптастыру экспериментінің алғашқы кезеңінен, яғни бірінші курстан бастап «Композиция негіздері», «Өдірістік оқыту» пәндерін оқыту процесі жүзеге асырады.

Пәндерді меңгеру нәтижесінде студенттер оқу-танымдық әрекетінің жобасымен танысты (ақпараттық материалдар, журналдар, озық тәжірибе және пән бойынша әдістемелік құралдар) көркемдік білімі мен іскерліктерді меңгереді. Студентердің этнокөркемдік даярлығын қалыптастыруда олармен жүргізген студенттердің өзіндік жұмысы, оқу ізденіс, ғылыми ізденіс жұмыстарының рөлі үлкен болды. Этнокөркемдік білім беруді осылайша ұйымдастыру студент даярлығының мотивациялық компонентін дамытуға ықпал етті.

Мысалы, «Көркем тоқыма» мамандығы бойынша «Өндірістік оқыту І» - пәні барысында студенттер тоқыма өнеріндегі шеберлік, жобадағы өрнектерді тоқылған затқа енгізу, тоқыма өнерінің басты-басты әдістері. Түкті кілем ерекшелігі мен заңдылықтары туралы білімді игертіп, кілем тоқу, өрнек шығару әдістерін меңгертуді үйрету болып табылады..

Ал, «Композиция негіздері» пәні барысында композиция құрудың жалпы заңдылықтары, және принциптері, көркем-композициялық айқынды құралдарының категориялары мен, классификациясы анықталады. Сызық және градаций үндестігі, композиция категориялары мен қасиеттері жөнінде этнокөркемдік білім беріледі. Онда кредиттік оқыту технологиясына сәйкес лекция, практикалық немесе семинар сабақтарына ұйымдастырып студенттерді өзіндік жұмысқа, оқытушымен бірге өзіндік дербес жұмысқа , шығармашылық жұмысты , және этнокөркемдік үдеріске қажетті пәндер бойынша білімі мен іскерліктерді игеруге бағыттайды.

1-ші және 2-курстың соңында жүргізілген кескіндеме нәтижелерінен студенттердің көркемдік білім беру пәндер саласынан білімі артқандығын көрсетумен бірге кейбір компоненттер бойынша әлі де болса білімдерін шыңдай түсуі қажет болды. Мысалы базалық пәндер: «Композиция негіздері» пәні барысында болашақ сәндік өнер мамандары студенттерінің 32,5%-ы қамтылса, «Өндірістік оқыту» сабақтарында 40%-40% практикалық іскерлігі мен дағдылары төмен екендігін байқалды.

Біз осыны ескере отырып қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде 2-ші курс студенттеріне «Өндірістік оқыту ІІ», «Көркемдік композиция» барысында болашақ Сәндік өнер мамандары студенттерінің 32,5%-ы қамтылса, сәндік өнер сабақтарында 40% - 40% практиканың дағдылары төмен екендігі байқатты.

Біз, осыны ескере отырып қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде 2-ші курс студенттеріне «Өндірістік оқыту ІІ», «Көркемдік композиция» пәнін меңгертуде аса назар аударып студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы «Киіз басу технологиясы», «Ши тоқу», «Матаға жазу», «Киім тарихы» пәні бойынша меңгерген білімдерін жүйелеп іскерлігі мен дағдысын арттыруға назар аудардық..

Сәндік өнер (бакалавр) мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында келесі мамандар даярланады: суретші-тоқыма шебері, металды көркем өңдеуші, қышты көркем өңдеуші, суретші-көркем өңдеуші. «Бітіруші түлек мамандықтар бойынша келесі міндеттерді атқарады – сәндік өнер суретшісі, сәндік өнерінің оқытушысы және т.б. мамандықтар» - деп көрсетілген. Осы орайда жоғарыда атап өтілген қажеттіліктер мен қоғам сұранысын қанағаттандыру мақсатында, болашақ сәндік өнер мамандықтарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру мақсатында, аталған мамандандырылулар бойынша «Сәндік-қолданбалы өнер - қазақ этнокөркемдік мәдени мұрасы» атты элективті курс ұсынылды. Курсының мазмұнында: сәндік-қолданбалы өнердің мәні, ерекшеліктері және көркемдік қағидалары; терминдік түсіндірме сөзінің мағынасы. Сәндік-қолданбалы өнердің эстетикалық және практикалық қолдану функциясы; Сәндік-қолданбалы өнердің Бейнелеу өнерінің басқа да түрлерінен ерекшелігі сәндік – қолданбалы өнердің көркемдік қағидасының бірлігі. Белгілі көркем қағидалар; практикалық; халықтық сәндік қолданбалы өнердің өмірмен тығыз байланыстылығы; техникалық әдіс және материал тұтастығы; көркем құралдарды үнемдеу; шығармашылықтың ұжымдық табиғаты, ұжым аурасы; соңғысын үнемдеуі, сәнділігі, мерекелік әсері. Этнокөркемдік білім беру және мәдени мұраны меңгерудегі көркем қағидалардың маңызы; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің шығу тарихы, рухани құндылығы және өзіндік ерекшеліктері; отандық және шетел ғалымдарының зерттеулерінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріндегі басқа халықтардың мәдениетін, рухани құндылықтарымен байланысы; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің рухани - өнегелік және эстетикалық ерекшелігі анықталды. Халық шығармашылығында тарихи - әлеуметтік ақпаратты, өмір тәжірибесін, дүниетанымдық ұстанымын, өнегелі тірегін және эстетикалық мұрат-мақсатын, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуын қарастырды.

Студенттердің этнокөркемдік білімі, іскерлігі проблемалық әдіс, жобалау әдісімен ойын технологиясы, кейс технологиясы арқылы тексеріліп отырды. Бұл әдістер студенттердің әсіресе ынтымақтастыққа баулып көркемдік іскерлігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Студенттердің білім алуға ынтасы мен қызығушылығы артқанын көрсетумен бірге, кейбір компоненттер бойынша әлі де болса, білімдерін шыңдай түсу қажеттігін байқатты. Мысалы: «Өндірістік оқыту» пәні барысында студенттерді кәсіби даярлау 32,0 %-ы қамтылса, «Көркем қыш» мамандандыру студенттері 36%-ы практикалық дағдыларының төмен екендігін байқатты.

Әрбір пәнді оқытуда ағымдық бақылау бойынша кескіндеменің нәтижесі де, студенттердің кәсіби әрекетті ұйымдастыру мүмкіндіктерін жақсы меңгергенін ақпараттық жүйелеуді қолдану арқылы этнокөркемдік және шығармашылық, білім, іскерлік, дағдысының арта түскендігін көрсетті.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде жүргізілген тоқыма бұйымдарды безендіру пәндері және «Сәндік-қолданбалы өнер – қазақтың этнокөркемдік мәдени мұрасы» элективті курсы жалғасын тапты. Студенттер меңгерген этнокөркемдік білім беру практика барысында жүзеге асырылды, ақпаратты автоматты түрде өңдеу технологиясын білімді толықтырумен жүйелеу технологиясын тиімді пайдаланды. Меңгерген теориялық білім мазмұнындағы бақылау эксперименті барысында қайтара жүргізілген анкеталық сауалнамалар негізінде болашақ мамандарға этнокөркемдік білім беру арқылы кәсіби даярлық деңгейін белгіленген компоненттер бойынша анықтадық.

Студенттердің аудиториядан тыс уақыттарда өзіндік жұмыстары бойынша жарыстар, көрмелер ұйымдастырылды. Курстық және студенттердің ғылыми конференцияларында, этнокөркемдік білім мәселелеріне назар аударылды.

Әсіресе, дипломдық жұмыс тақырыбы мен мазмұнында этнокөркемдік білім мен сәндік өнер және жоба түрінде оқу зерттеу шеберханаларда анықтайды. Болашақ сәндік өнер мамандары үшін ұйымдастырылған кәсіби практика барысында этнокөркемдік білімі бойынша теориялық білімін жүзеге асыруды және болашақ маман ретінде кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын қалыптастыру үдерісінде маңызды функцияны атқарады.

Кешенді тапсырмалардың шешімі студенттердің этнокөркемдік білімді меңгерген графикалық және теориялық білімнің мазмұнындағы, оны кәсіби іс-әрекеттерде ұтымды пайдалана білетінін дәлелдеді.

Тәжірибелі - эксперимент жұмысының соңғы бақылау кезеңін педагогикалық зерттеудің және жүргізген анкеттік сауалнамалардың негізінде студенттерге этнокөркемдік білім беру кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы даярлығын қалыптастыру деңгейі анықталды.

Студенттердің этнокөркемдік білімі мен іскерлігін кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері беріледі (Кесте 2).

Эксперимент барысында төмен деңгейлі студент 54,83%, көрсетсе, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен студенттер болмағанын, жоғары деңгейді алғашында 4,62 студент көрсетсе, эксперимент соңында олардың саны, 46,77% көрсетілгенін, орта деңгейді алғашында 40,55% көрсетсе, соңында 53,23 % көрсетті, ал бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болмады.

Сонымен, болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру бойынша жүргізілген әрі, эксперимент барысында алынған нәтижелер болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыруға болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыруға бағытталған жүйені ендіру арқылы және педагогикалық шарттар кешенінің жүзеге асыру арқылы қамтамасыздандырылады деген біздің болжамымыздың дұрыстығын дәлеледейді.

2 кесте - Этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлау деңгейінің көрсеткіштері (%).


Компоненттер


Эксперименттік тобы - 63, бақылау тобы -65

жұмыс

жоғары

орта

төмен

кезеңі

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық

басы

4,62

4,08

40,55

42,47

54,83

53,52

соңы

46,77

-

53,23

66,10

-

33,82

Мазмұндық

басы

-

-

42,93

47,87

57,07

52,13

соңы

46,54




53,46

52,12

-

47,88

Іс-әрекеттік

басы

-

-

41,93

43,67

58,07

56,33

соңы

40,32

-

59,68

46,25

-

53,75


ҚОРЫТЫНДЫ

Ғылыми әдебиеттерге (философиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану) жасаған талдау әлемдегі әлеуметтік экономиканың түрленіп дамуына, әрбір адамның іс-әрекетін түрлендіруге талаптардың артуына және мәселенің теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуіне байланысты этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіру бүгінгі күнгі көкейтесті екенін дәлелдейді.

Қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің шығармашылық және іскрлік пен дағдыларға байланысты педагогикалық, тарихи, психология және философия т.б. салаларға байланысты әдебиеттерді зерттеу диссертациялық жұмыстың мақсаты, міндеттері оларды практикада тексеруге шарт түзді. Нәтижеде мынадай қорытындылар жасадық.

Болашақ сәндік өнер мамандарын этнокөркемдік білім, біліктілігі мен шығармашылық іс-әрекетке психологиялық дайындықтың болуы және осы үрдістің ереже, қағидаларын жетік білуіне жағдай туғызу; бұған қажетті оқу-әдістемелік құралдармен, журналдар, альбомдар, кітаптар, тапсырмалар және оны орындаудың жолдарын көрсететін үлгілер, кестелер, мәтіндер, карточкалар, тапсырмалар жазылған парақшалар т.б. көрнекі құралдар, психология мен педагогика пәндеріне қажетті шығармашылық үрдісі туралы мәліметтер беретін т.б. материалдар.

Сәндік-қолданбалы өнерінің қазіргі заман бұйымдарын қолдануға қажетті жекелеген тәсілдерді, іс-қимыл тетіктерін меңгеру жолдарын үйрету; практикалық тапсырмалармен оларды орындау жолдарының ретін көрсететін, әдіс, тәсілдеріне түсінікнама мен қашанда болашақ маманға көмекке әзір тұратын консультант маманның болуы.

Сәндік-қолданбалы өнер материалдарын өңдеуде, бұйымдарды жобалау мен дайындауда технологиялық процеске үйрету жағдайында этнокөркемдік білім берудің мәні және мазмұны анықталды.

1. Этнокөркемдік білім – бұл өнердің белгілі бір саласында студенттердің кәсіби көркем шығармашылықпен айналысуы нәтижесінде, арнайы білім мен іскерліктің, дағдының, қалыптасуы ұлттық көркем мәдени ерекшеліктердің сақталуы және халықаралық білім жүйесімен өзара үйлесім табуы болып табылады.

2. Болашақ сәндік өнер мамандарын этнокөркемдік білім беру арқылы кәсіби даярлауда этнокөркемдік ұқсастық, ұлттық этномәдени ұқсастық, ұлтаралық қатынас мәдениеті, жеке адамның құндылық бағыт-бағдары мен құндылық қатынастары, жеке адамның әлеуметтік-мәдени бейімделуі, жеке адамның этнокөркемдік мәдениеті, ұлттық сана-сезім, этникалық толеранттылық, дүниетанымдық мәдениеттің басым бағыттарын жетілдіру. Шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттерге этнокөркемдік білім берудің негізгі бағдары ретіндегі идея деп көркемдік білімі бар адамды аса жоғары бағалау, оған ұлттық, этникалық көркем мәдениетке қол жеткізуі үдерісінде дамуды қамтамасыз ететін басым бағыттар мен алғышарттар қарастырылды.

3. Болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру моделі мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерінің бірлігінде байқалды және нақты өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады. Оны жүзеге асыру үдерісі педагогикалық шарттарды ескерумен қамтамасыз етіледі.

4. Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру тиімділігі тәжірибелі –эксперимент жұмысының нәтижелерімен дәлелденеді.

5. Анықталған және эксперименттік тексерістен өткен педагогикалық шарттар модельді тиімді жүзеге асыруда қажет болып саналады.

6. Элективті курс бағдарламалары әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар, оқу-әдістемелік құралдар оқытушыларға оқу-тәрбие үдерісінде этнокөркемдік білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау барысы үлкен септігін тигізді.

7. «Этнокөркемдік білім беру мәселесі» тақырыбында оқытушылар үшін ұйымдастырылған семинар олардың осы проблема саласынан білім, іскерлігін айтарлықтай жоғары деңгейге көтереді.

Зерттеу нәтижесі бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1. Эксперимент барысында тексерістен өткен әдістемені оқу-тәрбие үдерісінде болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын этнокөркемдік білім беру арқылы кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

2. Болашақ сәндік өнер мамандарына этнокөркемдік білім беру мәселелерін меңгертуді тиімді ұйымдастыру үшін жоғары оқу орны оқытушылары ның біліктілігін жетілдіру курстар мен арнайы семинарларды ұйымдастыру.

3. Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлауды этнокөркемдік білім беру арқылы жетілдіру мақсатында ұсынылған элективті курсты пайдаланған жөн.

Жүргізілген зерттеу жұмысы күрделі де көп салалы болғандықтан, оның бағытының бәрі шешім тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта этнокөркемдік білім беру арқылы болашақ сәндік өнер мамандарының этномәдени талғамын арттыру; т.б. мәселелерді зерттеуді қажет етеді.


Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды

1 Қазақтың қол өнеріндегі киіз үйдің жабдықтарын сәндеу // Түркістанның 1500 жылдығына арналған VII-ші ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік конференция. -Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2000. -Б. 395-398.

2 Ұлттық киім-халық қолөнерінің ажырамас бөлігі // Түркістанның 1500 жылдығына арналған «Шығыстың аты Шығыс» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. -Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2000. -Б 51-52.

3 «Киім дизайны» мамандығы студенттерін киім үлгілерін жобалау мен модельдеуге үйрету мүмкіндіктері //Жоғары кәсіби дайындық жүйесінде білім беру сапасын арттырудың қазіргі кезеңдегі мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. -Шымкент: ОҚГА. 2003. -Б. 68-70.

4 Қазақы киім – көненің көзі // Өнер теориясы мен іс-тәжірибе мәселелері бойынша Абылхан Қастеевтің 100-жылдығына және Өнер факультетінің 10-жылдығына ғылыми конференция. Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ. 2004. - Б.46-48.

5 Этнокөркемдік өнердегі - гобелен өнері // Шымкент педагогикалық институтының 70 жылдығына арналған «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Шымкент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2007. -Б.282-285.

6 Сәндік-қолданбалы өнер-қазақтың этнокөркемдік мәдени мұрасы. Элективті курс бағдарламасы. –Шымкент. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2007.- 7 б.

7 Өндірістік оқыту. Әдістемелік құрал. – Шымкент: «Нұрлы бейне» баспа үйі, 2007.- 40 б.

8 Көркем тоқыма тарихы. Әдістемелік құрал. – Шымкент: «Нұрлы бейне» баспа үйі, 2007.- 52 б.

9 Терминологическое значение понятий и задачи этнохудожественного образования // «Постигането на высшето образование-2008». Материалы за ІV Международна научна практична конференция. -София: 2008. -С. 12-18. (С.А.Жолдасбековамен авторлық бірлестікте)

10 Этнокөркемдік білім берудің өзекті мәселелері // Ізденіс . -2008. -№4 (1). -Б. 217-220.

11 Студенттерге көркемдік білім беруде табиғи жолмен бояу алу жолдарын үйрету // «Педагогикалық кадрлар дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары-2» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2008. - Б.90-93.

12 Студенттерге көркемдік білім беруде Шәкәрім өнерінің алатын орны // Ақын, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2008.-Б.179-182.

13 Сәндік-қолданбалы өнерге үйрету арқылы болашақ мамандарға этнокөркемдік білім берудің мүмкіндіктері // Жусуп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің Жарчысы. -Бишкек: КНУ. -2008. - Б. 219-223.

14 Этнокөркемдік білім беруде компьютерлік графиканы қолданудың маңызы // «М.Әуезов оқулары-7: М.О.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008. -Б.137-140. (С.А.Жолдасбекова, Х.Ш.Қайрақбаевалармен авторлық бірлестікте).

15 Студентттердің дипломдық жұмыстарына әдістемелік нұсқау. 050417 – Сәндік өнер (Көркем тоқыма) мамандығы –Шымкент. «Нұрлы бейне» баспаханасы. 2008.- 20 б.

16 Көркем тоқыма тарихы пәні бойынша 050417 – Сәндік өнер (Көркем тоқыма) мамандығына арналған оқу бағдарлама – Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2008.- 6 б.

17 Студенттерге этнокөркемдік білім берудің маңызы мен мәні // «Шығармашылық мамандықтардың кәсіби педагогтарын дайындаудың тиімді бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. -Шымкент: АИУ, 2009. -Б.186-188.

18 Халықтың сәндік қолданбалы өнер түрлерінің студенттерге этнокөркемдік білім берудегі маңызы // Ұлт тағылымы. -2009, -№2. -Б.32-36.

19 Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы студенттердің көркем мәдениетін қалыптастыру // «Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. –Шымкент: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2009. -Б.249-253

20 Потенциалные возможности народного декоративно-прикладного искусства как средства этнохудожественного образовании будущих художников по ткачеству // «Современный научный вестник». София. 2009. №10 (66). С.5-14. (С.А.Жолдасбековамен авторлық бірлестікте).

21 Оңтүстік өңіріндегі студенттердің этнокөркемдік білімдерін дамытуға сілтемелер // Ұлт тағылымы. -2010. -№2. - Б.19-22.

22 Этнопедагогика. Әдістемелік нұсқау. -Шымкент: АИУ, 2009. -34 б. (С.С.Тілеуовамен авторлық бірлестікте).

23 Сәндік-қолданбалы өнер-қазақтың этнокөркемдік мәдени мұрасы. Әдістемелік құрал –Шымкент. «Нұрлы бейне» баспаханасы. 2009.- 64 б.

24 Болашақ мамандар даярлауда сәндік-қолданбалы өнердің этникалық және өзіндік ерекшеліктері // «Ғылым мен білімдегі инновациялық дамудың мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент: АИУ, 2010. - Б.350-355. (С.С.Тілеуовамен авторлық бірлестікте).
РЕЗЮМЕ
Ыскак Акима Иманбеккызы
Совершенствование профессиональной подготовки будущих специалистов декоративного искусства средствами этнохудожественного образования

13.00.08 – Теория и практика профессионального образования
Актуальность исследования. Современная ситуация в Казахстане, вступившего на путь независимого развития, связана со сложными процессами культурного возрождения в контексте гуманистических ценностей конца ХХ начала ХХІ века. Сущностью этих великих свершений и общественных преобразований является формирование нового отношения к миру и человеку. Процессы культурные определяют новые этапы духовного и нравственного возрождения нации и становятся важным условием сохранения казахского этноса в этнокультурном многообразии.

Соответственно тому, строительство нового Казахстана поставило перед системой образования глобальную цель – осуществить на практике подготовку конкурентоспособных кадров с широкой компетенцией и фундаментальными профессиональными знаниями для реализации стратегических проектов государства, бизнеса, сферы услуг на уровне международных требований к специалистам. Сказанное вызвало к жизни рассмотрение профессиональной подготовки студентов творческих профессий к декоративно – прикладному искусству в ракурсе этнохудожественного образования в рамках специальности 050417 – Декоративное искусство.

Профессиональная подготовка по названной специальности, где студенты изучают сущность и специфику декоративно – прикладного искусства как одного из видов декоративного искусства, имеющего свой особый художественный смысл и свою декоративную образность и вместе с тем обслуживающего бытовые нужды человека, осуществляется в соответствии с принципами Государственной политики Республики Казахстан в области образования, предусматривает реализацию общенациональных целей и задач образования, отраженных в Законе РК «Об образовании».

Обьект исследования: процесс профессиональной подготовки будущих специалистов декоративного искусства в высшых учебных заведениях.

Предмет исследования: профессиональная подготовка будущих специалистов декоративного искусства средствами этнохудожественного образования.

Цель исследования: осуществить теоретическое обоснование и разработку методики совершенствования профессиональной подготовки будущих специалистов декоративного искусства средствами этнохудожественного образования.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет