Оқып, қысқаша конспектжазындар(2 тапсырма) Қаныққан бу деп өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдік күйге жеткен буды айтады. Қаныққан бу концентрациясы мен тығыздығы ең үлкен бу болып табылады. Сондықтан қаныққан бу сұйық бетіне ең үлкен қысым түсіреді. Қаныққан буға байланысты эксперименттік зерттеулерден екі қорытынды туындайды: 1) бірдей температурадағы әртүрлі сұйықтардың динамикалық тепе-теңдіктегі буларының тығыздықтары (молекулаларының будағы концентрациясы) әртүрлі болады; 2) тұрақты температурада қаныққан будың сұйық бетіне түсіретін қысымы өзгермей тұрақты сақталады. 5. Буланудың қарқыны конденсациялану қарқынынан артық болған жағдайда пайда болған бу қанықпаған бу болып табылады. Қанықпаған бу қасиеті жағынан газдарға жақындай түседі. Қанықпаған бу деп өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікке жетпеген буды айтады.