Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
3 минут
|
1. Кіріспе.
2. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Ән мен әнші»ойыны арқылы кеспе қағазға 2 түрлі өлең жазып- 2 топқа бөлу
|
Мұғаліммен сәлемдесу.
Шаттық шеңберін жасап, ұялы телефон арқылы өлең естіртіп, ортадағы орындық үстінен кеспе қағаздарын алып, қолындағы өлең шумағы мен топтарға бөлінеді.
|
Кеспе қағаздар,
Ұялы телефон.
|
7 минут
|
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Ғажайып жетілік» ойыны арқылы сұрақтар беремін.
Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
Мәтіндік редактор деген не?
Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
Мәтіндегі абзацтар бір- бірінен қандай символмен ажыратылады?
Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.
Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау керек?
|
Интербелсенді тақтадағы 1-7 сандардың артындағы жасырынған сұрақтарға жауап береді.
|
Слайд.
|
5 минут
10 минут
5 минут
10 минут
|
|