Қысқа мерзімді жоспары Бөлім Деректерді сүзгілеу Педагогтың аты-жөні



Дата15.12.2023
өлшемі246 Kb.
#486659
9 Деректерді сүзгілеу


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Деректерді сүзгілеу

Педагогтың аты-жөні

Байкенжеева Г.С.

Күні

4.12.-8.12.2023 ж

Сынып: 9

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Деректерді сүзгілеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



9.2.2.3- деректерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді
жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Деректерді сүзгілеу ұғымымен танысу.

Көптеген оқушылар:

Кестелік процессорда деректерді сүзгілеудің түрлерін
анықтау

Кейбір оқушылар:

Деректерді сүзгілеуді қолданудың маңыздылығын сипаттау.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
Ой сергіту жаттығуы
Оқушыларға көгөністер мен жемістердің суреті бар
карточкалар таратылады. Бірақ көгөніс суреті бар
карточканың артына жемістің аты жазылған. Оқушылар
жазылған жеміс немесе көгөністі өзіне алу үшін қажет
мәлімет бар оқушыға мақтау айтады. Бір топ көгөністерді,
екінші топ жемістерді жинайды.
Үй тапсырмасын пысықтау
«Галереяны шарлау».
Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат»
– топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға
газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма
қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.
Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу
жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының
пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді
және қорытынды жасайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.





Сабақтың ортасы

Өткен тақырыпта меңгерген деректерді сұрыптаудың
қандай кемшілктерін айтуға болады?
 Бұлай сұрыптау қандай деректерді өңдеуге қиындық
туғызады?
 Күнделікті өмірде өзіңе қатысты ақпаратты белгілі
бір шартпен іріктеп алуға қандай мысалдарды келтіре аласың?
Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға
жеке, топта, ұжымда жауап береді.

Мұғалімнің түсіндірмесі


Презентация жасау программасында слайдқа макет таңдау
жолын таныстырады
Компьютермен жұмыс
Атақты дүкендер желісінің еліміздің облыс
орталықтарында орналасқан дүкендерінің жылдың
алғашқы 2 тоқсанындағы табыстарының көлемі ұлттық
валютамен есептегенде төмендегі кестеде берілген.
Тапсырмалар:
1. Кестені электрондық кестелік процессорға енгіз.
2. Кестені пішімде.
3. Дүкеннің ай сайынғы жалпы табысын және
орташа табысын есепте.
4. Дүкеннің әр қала бойынша жартыжылдық
табысын және орташа табысын есепте.
5. Наурыз айында 1 млн теңгеден жоғары табыс
тапқан дүкендер орналасқан қалаларды сүзгіден
өткіз.
6. Маусым айында 500 мыңнан төмен табыс тапқан
дүкендер орналасқан қалаларды анықта.
7. Алты айдың қорытындысы бойынша дүкендерді
орташа табысы ең жоғарыдан ең төменге қарай
сұрыпта.

Дескриптор
Кестеде мәліметтер қорының құнын есептейді.
Дерекқорын сүзгіден өткізеді.

Топтық жұмыс:


Физика, химия, биология пәндерінің біріне қатысты
дерекқорды өздерің құрастырыңдар. Құрастырған
деректеріңдегі сүзгілейтін ақпараттарыңа қойылатын
шарттарды топта жоспарлаңдар.
Жеке жұмыс:
Құрастырған дерекқорларыңды Microsoft Excel
программасына енгіз. Дерекқорға қойылған шарттар
бойынша қарапайым сүзгілеуді жүзеге асырып, сақта.
Дескриптор
Өз бетінше дерекқорлар жасайды.
Дерекқорға қойылған шарттар бойынша сүзгіден өткізеді.
Оқушылардың жұмыстарын медальдар арқылы бағалау. Әр
тапсырмаға медальдар беріп отыру.

Мұғалімді тыңдайды

Оқулық
Bilimland.kz






А4 парағы


Компьютер


Медальдар



Сабақтың соңы

Сүзгінің қызметі не? Қандай жағдайда
қолданады?
2. Сұрыптау мен сүзгінің қандай
айырмашылықтары бар?
3. Сүзгінің қандай түрлері бар?
4. Қарапайым сүзгіні қалай іске қосуға болады?
5. Сүзгіні қалай алып тастауға болады?
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

.




Оқушының
жұмыс
дәптері Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

Деректерді сұрыптау тақырыбында ғаламтордан қосымша мағлұматтар іздеу











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет