Жаңа тақырыпқа, сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өту.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
Мұғалімнің кері байланысы
|
Тақырыптық суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
БСуреттермен жұмыс. Оқушылар меншік нысандарын ажырата білу қажет (қосымша1).
Мысалы:
І-топ: Жеке меншікке қатысты (үй, саяжай, машина т.б. );
ІІ-топ: Мемлекеттік меншікке қатысты (су, өсімдік, жануарлар, табиғи қорлар т.б.).
Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй, көлік, киім-кешек сияқты заттарды қоса алғанда 10 затты тізіп жазу.
Келесі сұрақтарға жауап береді:
Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?
Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету).
ҚРК 6- бабын пайдалана отырып, меншік құқығына баға беру.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (6- бап)
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі.
әр оқушы меншікке байланысты жағдаяттармен жұмыс (қосымша).
Критерийлері:
Топтар азаматтардың меншікті иелену немесе меншік құқығын тоқтату барысында жіберілген қателіктерін анықтайды.
Мәселенің шешу жолдарын ұсынады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |