Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»


Талдау Мөрлі жүзік пен тұғырлы мөрдің қолданыс аясы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Морлер

Талдау
Мөрлі жүзік пен тұғырлы мөрдің қолданыс аясы. Мөр – құжаттардың шынайылығын 
айғақтайтын маңызды факт. Ол тек билік атрибуты ғана емес, ертеде ойшылдар, 
жазбагерлерде қағазға түсірген өз жазбаларын мөрмен растап отырған. Мөрдің бірнеше 
түрі болған, соның бірі мөрлі жүзік болса, екіншісі қасбеті бедерленіп жасалған, қолға 
ұстауға ыңғайлы сапқа орнатылған түрі (Ерофеева, 2001: 10-15).
Дәстүрлі қазақы ортада хандар, сұлтандар, билер, әскербасылар, болыстар
старшындар, керуенбасы сынды лауазымды тұлғалар жазған хат, құжаттарын куәландыру 


70
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
үшін басатын арнаулы белгінің жүзік түрінде қолға тағатын түрін – мөрлі жүзік деп 
атаған. Мөрлі жүзіктің басты қызметі – құжаттың шынайылығын дәлелдеп, құқықтық 
күшке иелігін бекітуі. Олар негізінен әсем нақышты сәні бар ірі күміс жүзіктер түрінде 
болып, үстіңгі жағына араб әріптерімен мөр иесінің және олардың атақты әкелерінің 
толық аты-жөні ойылып жазылды. Бұл куәландырғыш белгілерді қазақ билеушілері ішкі 
іс жүргізудің әр түрлі актілік құжаттарын және халықаралық шарттарды растау үшін 
қолданды (Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының, 2017: Т. 
4., 393). Мөр – араб тілінен енген «муһр» сөзі. Көне түркі тіліндегі жазба деректерде 
«ал тамға», («қызыл мөр») және «көк тамға» («көк мөр») деген сөздер кездеседі. Махмұд 
Қашқари сөздігінде «ол хатты тамғалады» «ол бітік тамғалады», «ол хатқа хан тамғасын 
басты» деп түсіндерген (Махмұд Қашқари, 1997: 474).
Жүзік түріндегі мөрдің барлық түрін ұста, зергерлер соққан. Мөрлі жүзік соғу 
технологиясында қолданылатын қалыптау, безеу, сымкәптеу, күміс бетіне күміс қондыру, 
қақтау, аптау сияқты дәстүрлі әдістер әшекейлік күміс жүзік соғуда қолданылатын 
әдістермен бірдей. Ерекшелігі тек оның мөр ретіндегі статусын анықтайтын ресми 
жазулары мен бедерлері, лауазымдық мазмұны. Мөрлі жүзіктің бетіне тас орнатылмай, 
тек металдан соғылса, бетіне жазу, ою-өрнек, таңба шекілді. Жазу мазмұнын оның 
иесінің шыққан тегін растайтын арнаулы таңбасы, тапсырушының қалауы бойынша 
лауазым белгісі, мемлекет аты, иесінің аты-жөні құраған (Бабаяров, Асанов, 2020: 6-26). 
Мөрлі жүзіктегі таңбаны иесінің, яғни тапсырыс берушінің қалауына қарай шеку, безеу, 
сымкәптеу тәсілдері, қалыптау арқылы орнатқан. Ал жазуы безеу тәсілімен ойып басылған. 
Мөрлі жүзікті оң қолдың саусағына таққан. Жүзіктің мөр қызметін атқаратын бөлігі, яғни 
қалқанының беті қалың етіліп, күмістен арнайы қалыпта құйылған. Қазақ эпосындағы: 
«Хат берген даулы жерге мөр басатын,
Қолында қызыл алтын жүзігі бар», 
– деген жолдардағы «қызыл алтын» сөзі күміс бетіне апталған алтынды меңзейді 
(Қазақ эпосы, 1982). 
Мөрлі жүзікке орнатылған асыл тастар мөрлі жүзікті таққан адамның әлеуметтік 
дәрежесін білдіреді. Асыл тас жүзіктің қас бетіне орнатылып, мөр тасы қызметін атқарды. 
Тастың «асыл» аталуы да тегін емес. Байырғы қазақы дүниетанымда әрбір тас бәрін көріп, 
бағып тұрған сиқырлы күш ретінде түсінілген. Гауһар, лағыл, сутас, сыңғыр, меруерт, 
жауһар, інжу сияқты бағалы, асыл тастарға жаудың мысын басады, сәттілік серік болады 
деген көзқарас қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ тұрмысында асыл тастарға деген оң 
көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Мөрлі жүзіктің көзі ретінде қондырылған тастың 
беті тегіс етіп өңделіп, оған иесінің руының таңбасы басылды. Таңба иесінің аты-жөні, 
қызмет дәрежесін растайтын белгі саналды. Әрі мөрлі жүзік көлемді соғылып, оң қолға 
тағылатындықтан, билік иесінің қолынан анық көрініп тұрды. 
Мөрлі жүзікке иесінің лауазымын растайын шыққан тайпасының таңбасы, асыл 
тастар орнатылғандықтан көлемді етіп жасалады. Мөрлі жүзік иесінің қолында 
тағулы жүргендіктен, иесіне атқаратын билік қызметіне сенімділік тудырған, шешім 
қабылдауға, қандай да бір дауды шешуде өзіне күш-қуат беріп, сенімін арттырып тұрған, 
әрі құжатты растауға қолдануға ыңғайлы болған. Жүзік түріндегі мөр қолданысқа 
ыңғайлы болған. Мөрлі жүзіктер жеке тұлғаға тиесілі болғандықтан, жалғыз дана 


71
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
етіліп, тапсырыспен соғылған. Мөрлі жүзіктің бетіне белгілер «айнатеріс» тәсілімен 
түсіріледі, себебі қағаз бетіне басқанда оқылатын қалыпқа түседі. Мөрлі жүзік үнемі 
қолда жүргендіктен, иесі үшін лауазымды ер адамдар тағатын балдақ жүзіктің орнына 
саналған. Хан, сұлтандар, батырлар құжаттарды растап мөр басқанда, «жазғандарымды 
куәландыру үшін мөрімді бастым» деген сөздермен аяқтап отырған.
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде жалпы саны 98 дана лауазымдық мөр сақталған. 
Олардың қатарында мөрлі жүзіктер немесе жүзікті мөрлер бар (Какабаев, 2004: 364-368). 
КП 26358/1, КП 26358/2, КП 12138, КП 23454, нөмірлі мөрлі жүзіктер ХІХ ғасырдың аяғы 
– ХХ ғасырдың бас кезіне саяды, бетінде арабграфикалы жазулар шекілген (Қазақтың 
этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының, 2017: Т. 4: 392-393).
Мөрлі жүзіктердің қалыптасу тарихы терең. Ежелгі Мысыр елдерінде әр түрлі асыл 
тастармен әшекейлеп, қымбат бағалы металдардан құйып жасаған. Атақты патша ІІ 
Тутмос алтыннан жасалған жүзікті мөрінің бетінде иероглифтер таңбаланған. Онда Хуву 
патшаның үлкен пирамиданы салғызғаны және пирамиданы салған сәулетшінің есімі 
жазылған. Ерте мемлекеттерде мөрлі жүзіктің қайсысы болмасын патша салтанатына 
лайық етіп соғылған. Жүзіктердің қалқанында өрнектері және жазба белгілері 
көрсетілетін болған. Жүзікті мөрлер Ерте антикалық мемлекеттерде де кең қолданыста 
болған. Бізге жеткен тарихи деректер бойынша Ежелгі Рим билеушілерінің қолдарында 
бір емес бірнеше жүзікті мөрлер болған, бірі құжат үшін, бірі құпия хат үшін, әр түрлі 
қазыналарды сақтайтын қобдишаларға мөр соғу үшін қолданған (Янин, 1970: 55).
Ислам діні таралған кезеңге дейінгі тарихи мөрлердің бетіне құдайлар, жыртқыш 
аңдар, құстар, гүлдер сияқты тотемдік, фетиштік, космогониялық бейнелер салынатын. 
Көшпелі өркениеттің көсемдері жылқының, тау ешкінің, барыстың бейнесі бар мөрлерді 
пайдаланды (Янин, 1970: 42-43). Тотемдік, фетиштік мазмұндағы мөрлі жүзіктің 
жарқын дәлелі Есік қорғанынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің жүзігі 
саналады (Сурет 1ә). 
Тұғырлы мөрлер тас, ағаш, металл және күйдірілген кірпіштен жасалды. Таңбалар 
басылған мөрдің көне үлгілері қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениеті қазбаларынан 
табылған (Шәймерденов, 2001: 78-82). Археологиялық мөрлерде арыстан, барыс, 
бөрі, жылқы сияқты жан-жануарлар бейнесінің кездесуі байырғы тұрғындардың көне 
діни дүниетанымымен, исламға дейінгі көне діни реликтермен байланысты. Адамдар 
жыртқыш, жүйрік жануарлар бейнесін салу арқылы күш-қуат иесі атанды. Жапырақ 
бейнесі өсіп-өркендеу идеясымен байланысты (Сурет 1 е). Соңғы жылдарда Сырдария 
өзенінің төменгі ағысы бойында орналасқан Ортағасырлық Күйіккескен қаласынан 
күйдірілген қыштан жасалған жапырақ бейнесі салынған тұғырлы мөр табылып, ол 
Қызылорда облысы тарихи-өлкетану музейі экспозициясына қойылған (Сурет 1г). Адам 
бейнесі бар, яғни портретті мөрлер сол елдің билеушісін, немесе мөр иесін білдірді 
(Сурет 1а, ә, в.). Крест таңбалы мөрлер байырғы тұрғындардың әлемнің төрт бұрышына 
ашықтығы туралы танымын білдірді. Крест таңбалы мөрдің ең көнелерінің бірі Алтын 
депеден табылған (Сурет 1б). Оның қолданыста болу және жасалу уақыты б.д.д. 2-ші 
мыңжылдыққа саяды (История Древнего Востока, 1988: 284).


72
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет