68
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Кіріспе
Қазақ елінің билік жүйесіндегі хандар мен
сұлтандардың мөрлерінің типін, мөр
бетіндегі таңбалық белгілерін мөр басылған мұрағаттық құжаттар арқылы айғақтаймыз.
Музей қорларындағы түпнұсқасы сақталған мөрлер негізінен билер, молдалар, ишандар,
батырлар, рубасылар, старшындар, жазбагерлерге тиесілі. Хан,
сұлтандар мөрлерінің
түпнұсқасының сақталмауы мөр реконструкциясын, яғни қайта жаңғыртылған нұсқасын
жасауды күн тәртібіне қояды. Хан, сұлтандар өз қолдарын растаған мөрлерінің түпнұсқасы
сақталмағандықтан қайта жаңғыртылған нұсқасы дипломатиялық жазба деректер мен
фольклорлық деректер негізінде жүзеге асады. 2019 жылы Ішкі Орда (Бөкей Ордасы)
хандығында билік құрған Бөкей сұлтанның 1812 жылға дейін, Бөкей ханның 1812-1815
жылдары, Шығай сұлтанның 1812-1824 жылдары, Жәңгір ханның 1823-1845 жылдары
қолданған мөрлері қайта қалпына келтірілді. Бұл реконструкциялық мөрлер авторлардың
шешімімен Батыс Қазақстан облыстық
Хан Ордасы тарихи-мәдени,
архитектуралық-
этнографиялық музей-қорығы қорына табысталған.
Достарыңызбен бөлісу: