Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Морлер

Сурет 15. Мөр бедерін қағазға түсіріп, оны күміс бетіне жапсырып, күміске оюдың немесе
мөр жазуының дәлме дәл белгісін түсіру: а – Бөкей сұлтан мөрі; ә – Бөкей хан мөрі;
б – Шығай сұлтан мөрі.
а
ә
б


84
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Сурет 16. а) мөрлі жүзік бетінің бірінші қабатын ою; ә) мөрлі жүзіктің үстіңгі беті 
мен оның екінші пластинка қабатын күміс бетіне күмісті отпен қыздырып қондыру 
технологиясы арқылы орнату.
Сурет 17. Мөрлі жүзіктің бауырын қондыру.
Архив пен музейлердің фотоқорларында сақталған суреттердің барлығында дерлік 
лауазымды тұлғалардың мөрлі жүзік тағып тұрғаны көрінбейді. Санкт-Петербургтегі 
Антропология және этнография музейінде (Кунсткамера) сақталған Вишневский 
түсірген «Киргизский хан с женой» деп аталатын фотосурет Жәңгір ханның әйелі 
Фатимамен түскен суреті деп танылған. Сурет 1845 жылға дейінгі уақытта Астраханьда 
түсірілген (МАЭ. Колл. №1159-34). Суретте Жәңгір хан хан салтанатына сай киінген, 
бірақ саусағында мөрлі жүзік жоқ (Сурет 18). 
а
ә


85
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Сурет 18. Санкт-Петербургтегі Антропология және этнография музейінде (Кунскамера) 
сақталған Вишневский түсірген Жәңгір хан мен әйелі Фатиманың суреті. Сурет 1845 жылға 
дейінгі уақытта Астраханьда түсірілген (МАЭ. Колл. №1159-34) (Прищепова, 2011). 
Алдын-ала зерттеу барысында билік өкілдері түскен тарихи басқа да фотодеректерді 
компьютерлік бақылау барысында да қолдарында мөрлі жүзік байқалмады, осыған 
қарап мөрлі жүзікті тек құжатты растау, жарлық, келіссөздерді бекіту кезінде таққан 
және мемлекеттік маңызы бар нысан болған соң арнайы бөлек ұстаған деп топшылауға 
болады. Жүзіктерді ағаш немесе күмістен соққан арнайы қобдишада сақтаған болуы 
керек. Сондай-ақ, қобдишада мөрді басарда қағазға суреті түсетін бояу қабаты да 
сақталуы мүмкін. Сол себепті мөр қорабы да қайта қалпына келтіріліп, қарағаштан 
ойылып, антик қалпына келтіру үшін ағаш ұқсату қолөнерінде қолданылатын әдіспен 
қатты қыздырылған майға қуырылды (Сурет 19). 
Сурет 19. Қайта қалпына келтірілген хандық мөрлер қорабымен


86
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Хан, сұлтандардың жүзікті мөрінің қалыбы, яғни бейнесі, әскер байрағы басына 
қондырылған байрақ басының бейнесіне сәйкес келген. Байрақ басы да, мөр де билік 
атрибуты. Екі билік атрибутының да басының жоғары қарай сүйір болып келуі, билік 
атрибутының дәстүрлі ортада танылған жүйесі болғанын дәлелдейді. Жоғары қарай 
сүйір біткен байрақ бастары үлгілерін ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, Қожа Ахмет 
Ясауи кесенесі, Ыстамбұлдағы Топкапы музейі экспозициясынан көруге болады. Байрақ 
бастарында Қасиетті Құраннан аяттар жазылған.
Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінде ХІХ ғасырдың екінші жартысына саятын 
билер ұстаған қыш тұғырлы мөрлер сақталған. Анадолы мәдениеттер музейінде 
экспозицияланған қыш тұғырлы мөрлердің ерекше үлгілері шығыс елдері мәдениетінде 
мөр жасау технологиясының ортақтығын аңғартады (Сурет 20-21). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет