Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»


Сурет 8. Жәңгір хан мөрі басылған құжат бөлігі. ҚРОММ. Қор 4, тізбе 1, іс 1965, п 18 аб. Сурет 9



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Морлер

Сурет 8. Жәңгір хан мөрі басылған құжат бөлігі. ҚРОММ. Қор 4, тізбе 1, іс 1965, п 18 аб.
Сурет 9. Жәңгір хан мөрі басылған құжат бөлігі. ҚРОММ. Қор 4, тізбе 1, іс 1974, п 328 аб.


80
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Сурет 10. Жәңгір хан мөрі басылған құжат бөлігі. ҚРОММ. Қор 4, тізбе 1, іс 1974, п 217 аб.
Бөкей хан 1912 жылға дейін сұлтан кезінде қолданған мөрінің қорғанына шексіздік 
өрнегі салынған (Сурет 11а). Бөкей сұлтан хандық таққа отырған соң сұлтандық 
мөрін жойып, хандық мөрінің қорғанына жапырағын жайған бұтақ бейнесіндегі, өсіп-
өркендеу идеясын беретін көгеріс өрнегін алған (Сурет 11ә). 
Шығай сұлтан Ресей патшасы тарапынан ресми хан титулын алмағанымен халық оны 
хан санаған. Бөкей Ордасына билік еткен жылдарында қолданған мөрінің қорғанында 
аспан әлемі денелерінен жұлдыз өрнегі салынған. Жұлдыз әрі ислам дінінің символы 
іспетті, әрі шарықтау, алға ұмтылу, биіктеу, өсу идеясын білдірген (Сурет 11б). 
Жәңгір хан хандық билікке келген соң соқтырған мөрінің жиегіне, яғни қорғанына 
айнала өсіп келе жатқан немесе бүршік атқан жас шыбықты бейнелеген (Сурет 11в). 
Яғни, хан, сұлтандар мөрлері бір бірінен ою-өрнектері арқылы ерекшеленген. Бөкей 
Ордасы билеушілерінің мөрлерінің айырмашылығын, мөр қорғандарының төмендегі 
компьютерлік графикалық сызбалары айғақтайды (Сурет 11).


81
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Жәңгір хан өмірінің соңғы жылдары мөр ортасындағы жазуды толығымен қалдырып, 
бүршікті жапырақ жайған өрнекке ауыстырған, әрі көлемін ұлғайтып, қайта мөр 
соқтырған. Ол жаңа мөрге өркендеу идеясының символы саналған өсімдік өрнектерін 
шектіру арқылы Бөкей Ордасындағы мемлекеттіліктің дамуын сипаттаған (Сурет 12-13). 
Ою-өрнектер тарихи дәуірлерде өрнекті салған немесе тапсырыс берген адамның ойын, 
мақсатын білдірген.
а
ә
б
в


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет