Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Морлер

Сурет 11. Қайта қалпына келтірілген мөрлер: а) Бөкей ханның сұлтан кезінде қолданған
мөр мен мөр қорғанының графикасы); ә) Бөкей ханның мөрі мен мөр қорғанының графикасы. 
Жазуы: Бөкей хан ибн Нұралы хан; б) Шығай сұлтанның мөрі мен мөр қорғанының 
графикасы. Жазуы: Шығай сұлтан бин Нұралы хан; в) Жәңгір ханның мөрі мен мөр 
қорғанының графикасы. Жазуы: Жаһангер хан ибн Бөкей хан


82
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Сурет 12. 1845 жылы 28 шілдеде Жәңгір ханның ноғай тайпасының молдасы жазған Сарлыбай 
Жәнібекұлына жазған хатында басылған жаңа мөрі. ҚРОММ. И - 4 қор, 1 тізбе, 5433 іс, 60 бет.
Сурет 13. а) Жәңгір ханның өмірінің соңғы жылындағы, 1845 жылғы жаңа мөрі басылған 
құжат фрагменті; ә) Жәңгір ханның жаңа мөрі қорғанының компьютерлік графикасы
а
ә


83
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Жәңгір хан билік құрғанда, Ішкі Орданың канцелярлық құжаттық қағазы болған, әрі 
өзі құжатқа қол қойып отырған. Сол себепті мөр басуды сирек қолданған. Қол қойылған 
құжаттарда қол мөр басуды ауыстырған (Сурет 14).
Сурет 14. Жәңгір ханның қолтаңбасы
Хан, сұлтандардың мөрлері бір-бірінен қорғанындағы өрнегі және жазуымен 
ерекшеленеді. Хан, сұлтандардың жүзікті мөрінің бейнесі, әскер байрағы басына 
қондырылған байрақ басының бейнесіне сәйкес келген. Байрақ басы да, мөр де – билік 
атрибуты. Екі билік атрибутының да басының жоғары қарай сүйір болып келуі, билік 
атрибутының дәстүрлі ортада танылған жүйесі болғанын дәлелдейді. 
Нәтижелер
Мөрлі жүзіктер реконструкциясы зергерлік өнерде ертеден келе жатқан, күміс 
бетіне күміс қондыру, күміс ою, күміс қарайту әдістерімен жасалынды. Мөрлі жүзікті 
жасауда компьютерлік технология да қолданылды. Яғни архивтік құжаттағы мөр 
бейнесі алынып, баспалық тәсілмен дәлме-дәл репродукциясы жасалынды. Баспалық 
репродукция негізіндегі қағаз бейнесі күміс пластинаға жапсырылып, ол арнайы 
құралмен ойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет