Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау мақала «№АР09261323-Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атри- буттардың қасиеттілігі»


Мөрлі жүзік таңбасының ізі немесе мөр басатын бояу



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата04.11.2023
өлшемі1.3 Mb.
#482330
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Морлер

Мөрлі жүзік таңбасының ізі немесе мөр басатын бояу. Мөрдің қай түрі болмасын,
тарихи дәуірлерде оны құжатқа басып, бедерін түсіру үшін бояу сүргішті қолдан жасаған. 
Қазақ даласында бояуды алудың бірнеше жолдары қалыптасты. Мата, жүн, ағашты бояу 
үшін табиғи шөп сығындыларын пайдаланса, мөр үшін бидай, тарыны қазанға қатты 
күйдіріп қуырып, келіге түйіп, күйесін алған. Сауда саттық арқылы келген дайын табиғи 
бояуларда қолданылған. Ауызша жеткен деректер бойынша жергілікті билік өкілдері 
арнайы бояу болмай қалғанда жүзікті қара түтінде ыстап, бетін күйе жапқанда қағазға 
басқан (Сурет 6). Ерте түркілер мөр басуға «лав» деп аталған балауызды қолданған 
(Махмұд Қашқари, 1997: Т. 1: 2016)
Сурет 6. Мөрлі жүзіктің қағазға басқан бедері (Омарханов, 2004). 


78
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92
Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы. Біз осы жылы 
Қазақ хандығы тарихындағы соңғы хандық Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандығында билік 
құрған Бөкей сұлтанның 1812 жылға дейін қолданған мөрін, Бөкей ханның 1812-1815 
жылдары қолданған мөрін, Шығай сұлтанның 1812-1824 жылдары қолданған мөрін, 
Жәңгір ханның 1823-1845 жылдары қолданған мөрін қайта қалпына келтірдік. 
Бұл реконструкциялық мөрлер қазіргі Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-
мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы қорына табысталды. Хан мөрлері 
басқа билік атрибуттары Хан көтерген ақ киіз, Хан тағы, Ханның асатаяғы, Хан байрағы 
сияқты түпнұсқасы сақталмаған мұралар қатарына жатады. Хандық мөрді қайта соғу – 
аса жауапкершілікті, алдын ала ғылыми-шығармашылық әзірлікті талап ететін іс. 
Хан мөрлерін қайта қалпына келтіру үшін мөрлер басылған архив құжаттары
археологиялық қазбалардан табылған мөрлер мен бұған дейінгі қайта соғылған, на 
қойылған Абылай хан мөрі (ҚРМОМ Этнография залы экспозициясы), Әбілқайыр хан 
мөрі (Ақтөбе тарихи-өлкетану музейі экспозициясы) қайта зерделенді. 
Сурет 7. Бөкей сұлтан мөрі басылған құжат бөлігі. 1800 жыл 27 мамырда Кіші Жүз хандық 
кеңесінің Орынбор шекара комиссиясына жолдаған мәліметі. Құжатта Бөкей сұлтан мөрімен 
қатар рубасылар Сұлтанбек, Шақшақ, Күшікбай, Бітік мырзалардың мөрлері басылған. 
ҚРОММ. Қор 4, тізбе 1, іс 194, 47 парақтың арты. 


79
Т. Картаева, Е. Даубаев, Э. Алтынбекова Turkic Studies Journal 2 (2023) 67-92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет