6)Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді реттеуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар – гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу). - 7)Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған клеткалардың және тканьдердің табиғи құрылысы мен кейіпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа клеткалар құрылысы жағынан ескі клеткаларға ұқсас болу үшін клеткааралық информациялардың маңызы өте зор. Клеткаларға қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткааралық каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады.
- 8)Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клеткалар мен тканьаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмалық тұрақтылығын сақтайды. Осмалық тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.
- 9)Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.
Қанның құрамы және мөлшері Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан клеткаларынан, яғни формалы элементтерден тұрады. Қан клеткалары қызыл түйіршіктер (Эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан клеткалары – 42-48%-не тең. Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек болады. Ер адамның 1 л қанында 130,0-160,0г, әйелде 120,0-140,0г Нв бар. Ұю—қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттің арқасында қанның сыртқа шығуы (қан кету) тоқтайды. Мұны гемостаз, яғни қан тоқтау дейді - Бұл өте жиі әрі кең мағынада қолданылатын сөз. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелийдің бүтүндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық процестерді айтады. Ұйыған кезде қан қойылып, тромбаға айналады. Тромб қан тамырының жарасын бітеп, қан ағуды тоқтадады.
- Қаны ұйымайтын адамдар да болады оларды гемофиликтер деп атайды. Олар үшін жарақаттану өте қауіпті. Қан 2-3 минутта ұйиды. Ұйыған кезде қанның көлемі кішірейіп, қатаяды. Ұйындыдан сарысу бүлінеді, оның плазмадан айырмашылығы онда фибриоген болмайды.Қанның ұйып айналасына сарысуының шығуын ұйынды ретракциясы деп аталады
Достарыңызбен бөлісу: |