Исходные данные для моделирования


Штампталган дайындамалар бетінің кедір-бұдырлығы - 1-3-ші кластар



бет8/11
Дата12.05.2022
өлшемі3.23 Mb.
#456836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Штампталган дайындамалар бетінің кедір-бұдырлығы - 1-3-ші кластар.

  • Сортты металл түрліше бөлшектердің тікелей дайындамалары ретінде колданылады. Механикалық өңдеу үшін сортты металдың мына түрлерін пайдаланады: ыстыкгай созылған жұмыр, квадрат, алтыкырлы кимадағы шыбыктар, суыктай созылған (калибрленген) шыбыктар, ыстыктай созылған жолакты мен профильді материал, кұбырлар, сымдар, табақтар.
  • 4. Штампталып-пісірілген дайындамалар штампталған, кұйылған немесе прокатталған дайындамаларды nicipy нәтижесінде алынған дайындамалар түрінде болады.Барлык жағдайда штампталып-пісірілген конструкциялар немесе про- каттан пісірілген конструкциялар анағұрлым пайдалы және үнемді болып келеді. Кейбір ауылшаруашылық машиналарында (астык және жүгері жинайтын комбайндар) nicipмелі конструкциялардың үлес салмағы машинаньщ жалпы массасыньщ 60...70%-ын құрайды.

Пісіруді рамалар, доңғалақтар, шкивтер, сабансіліккіш бөлшектерін жасау кезінде қолданады.

  • Көптеген ауылшаруашылық машиналарын жасау кезіндегі кұрастыру жұмыстарында nicipy кеңінен қолданылады.
  • 5. Пластмасса және баска да бейметалл материалдардан жасалған дайын­дамалар пластмассаға тән артылықшылықтарына байланысты ауылшаруашы­лық машиналарын жасауда барынша кеңінен қолданыс тапты. Пластмассалар төмен тығыздығымен сипатталады, олардьң көптеген түрлерінің коррозияға төзімділігі аса жоғары және беріктігі де жeткiлiкті. Пластмассадан бөлшектер жасау технологиясы күрделі емес және олардан жасалған дайындамалардың түгелге жуығы механикалық өңдеуді қажет етпейді. Пластмасса дайындамалар кысымсыз құю, қысыммен құю, біліктерде қалыптау, пресс-формаларда қалыптау, вакууммен қалыптау, сығылған ауа- мен қалыптау, экструзия және nicipy арқылы алынады.

6. Дайындамаларды ұнтақты металлургия әдісімен алу мынадай негізгі кезендерден тұрады:

  • бастапкы материалдар ұнтағын дайындау; дайындалған шихтадан дайындаманы арнайы пресс-формаларда престеу; материалдардьң түпкілікті физикалық-механикалық қасиеттерін қамтамасыз ететін термия­лық өңдеу.
  • Ұнтақты металлургия әдісі тек қана әрлеуші механикалык өңдеуді кажет ететін дайындамаларды жасауға мүмкіндік береді. Ұнтақтардан жасалған типтік бөлшектерге тісті доңғалақтар, жұдырықшалар, жұлдызшалар, шаппалар, төлкелер және басқалар жатады.
  • 7. Кесумен өңдеудің алдында бастапқы дайындамаға оны жасау әдістері мен қойылатын талаптарға байланысты тазарту, тузету және термиялык өңдеу жүргізіледі. Құймаларды қалыптаушы құм-балшық және өзектен тазалайды, сосын құю жолдары кесіліп алынып, қабыршақтардан тазартылады. Тазартуды тұракты және тасымалды ажарлағыш-сыдырғыш станоктарда, шапқылар және болат щеткалармен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет