Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



жүктеу 1.33 Mb.
бет7/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Баллондарды бояу және олардағы жазбалар майлы, эмальды немесе бояулармен жүргізіледі.

Жаңадан дайындалған баллондарды бояу және жазбаларды түсіру дайындаушымен, ал пайдалану кезінде-толтыру станцияларымен немесе сынақ орындарымен жүргізіледі.

Арнайы қондырғыларда пайдаланылатын немесе арнайы мақсаттағы газдармен толтыруға арналған баллондарды бояудың түсі және жазбаларының мәтіні белгіленген тәртіпте келісіледі.

362. Баллондардағы жазбалар ұзындығы шеңбердің ⅓ кем болмайтын шеңбері бойынша, ал жолақтар-барлық шеңбері бойынша түсіріледі және сыйымдылығы 12 л асатын баллондардағы әріптердің биіктігі 60 мм, ал жолақтың ені 25 мм тең болады. Сыйымдылығы 12 л дейін баллондардағы жазбалар мен жолақтардың көлемдері баллондардың бүйір беттерінің көлеміне байланысты анықталады.

23-тарау. Баллондарды куәландыру
363. Баллондарды куәландыру толтыру станцияларымен және сынақ орындарымен оларда келесілер болған кезде жүргізіледі:

1) куәландыруды сапалы жүргізуді қамтамасыз ететін өндірістік жайлары, сондай-ақ техникалық құралдары;

2) сәйкесінше дайындыққа ие мамандардың қатарынан куәландырудың жүргізілуін бақылайтын тұлғаларды тағайындау туралы ұйымдағы бұйрық;

3) баллондарды техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқау.

Куәландыруға рұқсатты берген кезде аумақтық уәкілетті органдар бөлімшелері осы ұйымға (толтыру станциясына) берілген сәйкесінше шартта белгісі бар таңбаны тіркейді.

364. Дайындау сапасын тексеру, дайындалған баллондарды куәландыру және қабылдау баллондардың НҚ талаптарына сәйкес дайындаушының сапа қызметімен жүргізіледі.

Сынама қысымның көлемі және баллондарды сынама қысымның астында ұстаудың уақыты дайындаушымен стандартты баллондар үшін мемлекеттік стандарттар бойынша, ал стандартты еместер үшін-НҚ бойынша белгіленеді, және де сынама қысым жұмыстық қысымның бір жарым есесінен кем болмайтын қысымға ие.

365. Ағымдылық шегіне уақытша қарсылығының қатынасы 2 артық материалдан дайындалған баллондар үшін сынама қысым жұмыстық қысымның 1,25 дейін төмендейді.

366. Ацетиленге арналған баллондардан басқа, дайындаушы ұйымдағы баллондар гидравликалық қысымнан кейін жұмыстық қысымға тең қысыммен пневматикалық қысымнан да өткізіледі.

Пневматикалық қысым кезінде баллондар суы бар ваннаға батырылады. Ацетиленге арналған баллондар баллондарды ұсақ саңылаулы массамен толтыратын ұйымдарда пневматикалық қысымнан өткізіледі. МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1, 2, 3, 4 топтарындағы орталармен жұмыс жасауға арналған баллондардан басқа, ашық екі жанарғы мойны бар жіксіз баллондар дайындаушы ұйымда саңылаусыздығын сынаудан өткізілмейді.

367. Жаңа құрастырмадағы баллондар немесе бұрын қолданылмаған материалдардан дайындалған баллондар, баллондарды бұзуға дейін жеткізуді қарастыратын арнайы бағдарлама бойынша сыналады, және де 20°С кезіндегі металдың уақытша қарсылығының минималды мәні бойынша беріктігінің қоры қабырғаның коррозияға қарсы қоспасыз қалыңдығының ең аз есебімен 2,4 кем болмайды.

368. Дайындалған баллондарды куәландыру нәтижелері дайындаушының сапа қызметімен ведомостьке енгізіледі, онда келесі деректер көрсетіледі:

1) баллонның номері;

2) баллонды дайындаған (сынаған) және келесі куәландырудың уақыты (айы және жылы);

3) баллонның салмағы, кг;

4) баллонның сыйымдылығы, л;

5) жұмыстық қысымы, МПа (кгс/см2);

6) сынама қысым, МПа (кгс/см2);

7) дайындаушының сапа қызметінің өкілінің қолы.

Барлық толтырылған ведомостьтер номерленеді, баулап байланады және дайындаушының сапа қызметінің іс қағаздарында сақталады.

369. Ацетиленге арналған баллондардан басқа, баллондарды куәландыруға жататындар:

1) сұйытылған көмірсутекті газға (пропан-бутан) арналған сыйымдылығы 55 л дейін баллондардан басқа, баллондардың ішкі және сыртқы беттерін қарап тексеру;

2) салмағын және сыйымдылығын тексеру;

3) гидравликалық сынау.

Қоса алғанда 12 л дейін және 55 л жоғары болатын жіксіз баллондардың салмағы мен сыйымдылығын, сондай-ақ сыйымдылығына қарамастан дәнекерлі баллондарды тексеру жүргізілмейді.

370. Куәландыру жүргізілген ұйымның нәтижелері қанағаттанарлық болған кезде баллонға диаметрі 12 мм болатын дөңгелек пішіндегі таңбаны, өткізілген және келесі куәландырудың уақытын (таңбамен бір жолда) түсіреді. Таңбада баллондарға куәландыру жүргізілген ұйымның уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізілген шартты белгісі болады.

Сыйымдылығы 100 л асатын баллондарды техникалық куәландырудың нәтижелері баллондардың құжатына енгізіледі. Бұндай жағдайда баллондарға таңба қойылмайды.

371. Ацетиленге арналған баллондардан басқа, баллондарды куәландыру нәтижелері баллондарға куәландыруды жүргізген тұлғамен сынақ журналына жазылады, атап айтқанда, келесі бағаналары бар:

1) дайындаушының тауарлық белгісі;

2) баллонның номері;

3) баллонды дайындаудың уақыты (айы, жылы);

4) өткізілген және келесі куәландырудың уақыты;

5) баллонға жазылған салмағы, кг;

6) баллонның куәландыру кезінде белгіленген салмағы, кг;

7) баллонға жазылған баллонның сыйымдылығы, л;

8) баллонның куәландыру кезінде анықталған сыйымдылығы, л;

9) жұмыстық қысымы P, МПа (кгс/см2);

10) баллонның жарамдылығы туралы белгі;

11) баллонға куәландыруды жүргізген тұлғаның қолы.

372. Ацетиленге арналған баллондарды куәландыру ацетиленді толтыру станцияларында 5 жылда бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі және келесілерден тұрады:

1) сыртқы бетін қарап тексеру;

2) ұсақ саңылаулы массаны тексеру;

3) пневматикалық сынау.

373. Ацетиленге арналған баллондардағы ұсақ саңылаулы массаның жай-күйі толтыру станцияларында 24 айдан кешіктірмей тексеріледі.

Ұсақ саңылаулы массаның жай-күйі қанағаттанарлық болған кезде әрбір баллонға түсіріледі:

1) ұсақ саңылаулы массаны тексерудің жылы және айы;

2) толтыру станциясының таңбасы;

3) ұсақ саңылаулы массаның тексерілгенін куәландыратын «Пм» деген әріп жазылған диаметрі 12 мм таңба.

374. Ұсақ саңылаулы масса толтырылған ацетиленге арналған баллондар куәландыру кезінде 3,5 МПа (35 кгс/см2) қысымның астындағы азотпен сыналады.

Баллондарды сынау үшін қолданылатын азоттың тазалығы көлемі бойынша 97 % кем емес.

375. Ацетиленге арналған баллондарды куәландырудың нәтижелері сынақ журналына жазылады, атап айтқанда, келесі бағаналары бар:

1) дайындаушының тауарлық белгісі;

2) баллонның номері;

3) баллонды дайындаудың уақыты (айы, жылы);

4) баллонға куәландыруды жүргізген тұлғаның қолы;

5) баллонға өткізілген және келесі куәландырудың уақыты.

376. Баллондарды қарап тексеру олардың қабырғаларындағы коррозияны, жарылуларды, майысқан және басқа да зақымданған жерлерін анықтаудың мақсатында жүргізіледі (баллондардың ары қарай пайдалануға жарамдылығын белгілеу үшін). Қарап тексерудің алдында баллондарды мұқият тазартады және сумен жуады, ал қажет болған жағдайларда сәйкесінше еріткішпен жуылады немесе газдан босатылады.

377. Сыртқы және ішкі беттерін қарап тексерулер кезінде жарылған, майысқан, ісінген жерлері, қаяулар және тереңдігі қабырғаның номиналды қалыңдығының 10 % асатын қауіпті орындар, үзілулер мен жанарғы мойынның бұдырлануы, ойық бұрандасының тозуы анықталған және кейбір құжаттық деректері жоқ баллондар жарамсыз деп танылады.

Баллонның жанарғы мойнындағы сақинаның босауы оны жарамсыз деп тануға себеп болмайды. Бұл жағдайда баллон сақинаны бекіткеннен немесе оны жаңасымен ауыстырғаннан кейін ары қарай куәландыруға жіберіледі.

Байпағының қисық немесе әлсіз сапталуы анықталған баллондар байпағы қайта сапталғанға дейін куәландыруға жіберілмейді.

378. Баллонның сыйымдылығын сумен толтырылған баллонның және бос баллонның салмағының арасындағы айырмашылық бойынша немесе өлшейтін кішкене бактардың көмегі арқылы анықтайды.

379. Сыртқы және ішкі қарап тексерулердің нәтижелері бойынша баллондарды жарамсызға шығару дайындауды НҚ сәйкес жүргізіледі.

363-тармағымен көзделген деректердің барлығы жазылмаған баллондарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

Жанарғы мойындағы немесе байпақтағы босаған сақинаны бекіту немесе алмастыру баллонды куәландыруға дейін орындалады.

380. Сыйымдылығы 12 л 55 л дейін жіксіз стандартты баллондар салмағы 7,5 % және одан да көп азайған кезде, сондай-ақ олардың сыйымдылығы 1 % аса көбейген кезінде жарамсыз деп танылады және пайдаланудан алынады.

381. Азайтылған қысымға арналған баллондарды, жұмыстық қысымы осы баллондар үшін рұқсат берілгеннен аспайтын газдармен толтыруға пайдаланады, және де оларға жазылады: салмағы; жұмыстық қысымы P, МПа (кгс/см2); сынама қысымы Pпр, МПа (кгс/см2); жүргізілген және келесі куәландырудың уақыты және сынау орнының таңбасы.

Баллонның номерінен, дайындаушының тауарлық белгісінен және дайындалған уақытынан басқа, баллонға бұрын түсірілген мәліметтер өшіріледі.

382. Жарамсыз деп танылған баллондар олардың мақсатына қарамастан оларды ары қарай пайдалануға мүмкіндік бермейтін жарамсыз күйге түсіріледі (жанарғы мойынның ойық бұрандасын керту немесе корпусына саңылау жасау жолымен).

383. Баллондарды куәландыру арнайы жабдықталған жеке жайларда жүргізіледі. Бұл жайлардағы ауаның температурасы 12°С төмен болмайды.

Баллондарды іштей қарап тексеру үшін қысымы 12 В жоғары болмайтын электр жарығын қолдануға рұқсат беріледі.

Жарылыс қауіпті газдармен толтырылатын баллондарды қарап тексерген кезде, қол шамының арматурасы мен оның штепселді жалғаулары жарылыстан қауіпсіз болып жасалады.

384. Қоймада ұзақ сақтауда тұратын, газ толтырылған баллондар мерзімді куәландырудың кезекті мерзімдері болған кезде ұйымның әкімшілігінің өкілімен 100 баллонға дейінгі топтан 5-тен кем болмайтын данада, 500 баллонға дейінгі топтан 10-нан кем болмайтын данада және 500 баллоннан жоғары топтан 20-дан кем болмайтын данада таңдап алынған тәртіпте куәландырудан өткізіледі.

Куәландырудың нәтижелері қанағаттанарлық болған кезде баллондарды сақтаудың мерзімі куәландыруды жүргізген тұлғамен белгіленеді, бірақ бұл 2 жылдан артық емес. Таңдап алып куәландыру нәтижелері сәйкесінше актімен ресімделеді.

Куәландырудың нәтижелері қанағаттанғысыз болған кезде баллондардың осы санына қайта куәландыру жүргізіледі.

Қайта куәландыру кезіндегі нәтижелер қанағаттанғысыз болған кезде баллондардың барлық тобын ары қарай сақтауға рұқсат берілмейді, баллондардың газы куәландыруды жүргізген тұлғамен (әкімшіліктің өкілімен) көрсетілген мерзімде шығарылады, бұдан кейін баллондардың әрқайсы жеке техникалық куәландырудан өткізіледі.

24-тарау. Баллондарды пайдалану
385. Баллондарды пайдалануды, сақтау және тасымалдауды белгіленген тәртіпте бекітілген нұсқаудың талаптарына сәйкес жүргізеді.

386. Баллондарға қызмет көрсететін жұмысшыларды 313 тармағына сәйкес оқытады және нұсқаудан өткізеді.

387. Газы бар баллондар арнайы жайларда да, сондай-ақ ашық ауада да сақталады, соңғы жағдайда олар жауын-шашыннан және күн сәулесінен қорғалады.

Баллондарды бір жайда оттегілі және жанғыш газдармен қоймалық сақтауға тыйым салынады.

388. Жайларда орнатылатын газы бар баллондар жылу радиаторларынан және басқа да жылытқыш құралдардан 1 м кем болмайтын және ашық отты жылу көздерінен 5 м кем болмайтын қашықтыққа орналасады.

389. Баллондарды пайдаланған кезде олардағы газды толық жұмсауға рұқсат берілмейді. Баллондағы газдың қалдық қысымы 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) кем емес.

390. Баллондардан газдарын жұмыстық қысымы аз ыдыстарға шығаруды осы газға арналған және сәйкесінше түске боялған редуктор арқылы жүргізеді.

Редуктордың төмен қысымдағы камерасында манометр және газды өткізетін ыдыстағы сәйкесінше рұқсат берілген қысымға реттелген серіппелі сақтандыру клапаны болады.

391. Вентилдеріндегі ақауларына байланысты тұтыну орнында газды баллондардан шығару мүмкін болмаған кезде олар толтыру станциясына қайтарылады. Бұндай баллондардан толтыру станциясында газды шығару белгіленген тәртіпте бекітілген нұсқауға сәйкес жүргізіледі.

392. Баллондарға сығылған, сұйытылған және ерітілген газ толтыруды жүзеге асыратын толтыру станциялары баллондарды толтыру журналын жүргізеді, онда көрсетілетіндер:

1) толтырудың уақыты;

2) баллонның номері;

3) куәландырудың уақыты;

4) газдың (сұйытылған) баллондағы салмағы, кг;

5) баллонды толтырған тұлғаның қолы.

Егер станциялардың бірінде баллондарды әртүрлі газдармен толтыру жүзеге асырылса, онда әр газ бойынша жеке толтыру журналы жүргізіледі.

393. Баллондарды газдармен толтыру ұйыммен белгіленген тәртіпте жасалған және бекітілген нұсқау бойынша, газдың қасиеттерін, жергілікті жағдайларды және баллондарды газдармен толтырудың типтік нұсқауын есепке ала отырып жүргізіледі.

Баллондарды сұйытылған газдармен толтыру 12-кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес келеді.


12-кесте


Газдың атауы

Баллонның сыйымдылығының 1 л-немесе газдың салмағы,

кг, көп емес



1 кг газға баллонның сыйымдылығы,

л, кем емес



1

2

3

Аммиак

0,570

1,76

Бутан

0,488

2,05

Бутилен, изобутилен

0,526

1,90

Этилен тотығы

0,716

1,40

Пропан

0,425

2,35

Пропилен

0,445

2,25

Күкіртті сутегі, фосген, хлор

1,250

0,80

Көмір қышқылы

0,720

1,34

Фреон-11

1,200

0,83

Фреон-12

1,100

0,90

Фреон-13

0,600

1,67

Фреон-22

1,800

1,00

Хлорлы метил, хлорлы этил

0,800


1,25

Этилен

0,286

3,50

Осы кестеде көрсетілмеген газдар үшін толтыру нормасы толтыру станцияларының өндірістік нұсқауларымен белгіленеді.

394. Газ толтырылатын баллондар толтыру рампасына берік бекітіледі және нығыз отырғызылады.

395. Келесі жағдайлар орын алған баллондарды газбен толтыруға рұқсат берілмейді:

1) белгіленген куәландырудың мерзімі аяқталғанда;

2) ұсақ сақтаулы массаны тексерудің мерзімі аяқталғанда;

3) баллонның корпусы зақымданғанда;

4) вентилдер ақаулы болғанда;

5) тиісті түрдегі бояуы немесе жазбалары болмағанда;

6) газдың артық қысымының болмауы;

7) белгіленген таңбалары болмағанда.

Газдың артық қысымы жоқ баллондарды толтыру толтыруды жүзеге асыратын ұйымның (толтыру станциясы) нұсқауына сәйкес оларды алдын ала тексергеннен кейін жүргізіледі.

396. Байпақтарды және қалпақтарға арналған сақиналарды, вентилдерді ауыстыру баллондардың куәландыру жөніндегі тармақтарда жүргізіледі.

Вентиль оны бөлшектеумен байланысты жөндеуден кейін жұмыстық қысымда тығыздығына тексеріледі.

397. Баллондарға байпақтарды отырғызуға, газды шығарған, вентилдерді бұрап кіргізгеннен және сәйкесінше газдан арылтудан кейін рұқсат беріледі.

Газ толтырылған баллондарды тазалауға және бояуға, сондай-ақ олардың жанарғы мойнындағы сақиналарды бекітуге рұқсат берілмейді.

398. Улы газдары бар баллондар арнайы жабық жайларда сақталады, олардың құрылысы сәйкесінше нормалармен және ережелермен реттеледі.

399. Толтырылған баллондар оларға отырғызылған байпақтарымен бірге тік қалпында сақталады. Құлап кетуінен сақтану үшін баллондар арнайы жабдықталған ұяда, торда орналасады немесе тосқауылмен қоршалады.

400. Байпақтары жоқ баллондар ағаш рамаларда немесе сөрелерде көлденең қалпында сақталады. Ашық алаңдарда сақтаған кезінде баллондарды байпақтарымен бірге көлденең қатарларының арасынан арқандарды, ағаш сырықтарды немесе резинаны салып қатарлап төсеуге рұқсат беріледі.

Баллондарды қатарлап салған кезде олардың биіктігі 1,5 м аспайды. Баллондардың вентилдері бір жағына қарайды.

401. Газ толтырылған баллондарды сақтауға арналған қоймалар бір қабатты, жеңіл түрдегі жабындылары бар және шатыр астының жайлары болмайды. Газды сақтауға арналған қоймалардың қабырғалары, қалқалар, жабындылары отқа төзімділігі II дәрежеден кем болмайтын жанбайтын материалдардан жасалады; терезе және есіктері сыртқа қарай ашылады. Терезе және есіктің әйнектері күңгірт түспен орындалады немесе ақ бояумен боялады. Баллондарды сақтауға арналған қойма жайларының биіктігі еденнен шатыр жабындысының төменгі шығып тұрған бөлігіне дейін 3,25 м кем болмайды.

Қоймалардың едендері беті тайғанамайтын тегіс болып, ал жанғыш газдары бар баллондарға арналған қоймалардың едендері-әлдебір зат соғылған кезде ұшқын шығуына жол бермейтін материалдардан жасалған бетте орындалады.

402. Жанғыш газдары бар баллондарға арналған қоймаларды жарақтандыру жарылысқа қатысты қауіпті жайларға арналған нормаларға сай келеді.

403. Қоймаларда қоймада орналасқан баллондарға қатысты нұсқаулар, ережелер және плакаттар ілінеді.

404. Газ толтырылған баллондарға арналған қоймаларда жобалаудың санитарлық нормаларының талаптарына сәйкес табиғи немесе жасанды желдеткіші болады.

405. Жарылыс және өрт қауіпті газдары бар баллондарға арналған қоймалар найзағайдан қорғалған аймақта орналасады.

406. Баллондарды сақтауға арналған қоймалар жанбайтын қабырғалармен бөліктерге бөлінеді, олардың әрқайсында жанғыш және улы газдары бар баллондардың (40 л) 500 аспайтыны және жанғыш емес және улы емес газдары бар баллондардың (40 л) 1000 аспайтыны сақталады.

Жанғыш емес және улы емес газдары бар баллондарды сақтауға арналған бөліктер адамдардың өтуіне арналған ашық ойықтары және механизация құралдарына арналған ойықтары бар биіктігі 2,5 м кем болмайтын жанбайтын қалқалармен бөлінеді. Әрбір бөліктің дербес сыртқа шығатын есігі болады.

407. Газ толтырылған баллондарға арналған қоймалардың және аралас өндірістік ғимараттардың, қоғамдық жайлардың, тұрғын үйлердің арасындағы алшақ жерлер НҚ талаптарын қанағаттандырады.

408. Баллондарды толтыру орындары мен газды тұтыну орындарында орнынан жылжыту бұл үшін арнайы жабдықталған арбаларда немесе басқа құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

409. Газ толтырылған баллондарды тасымалдау рессорлы көлікте немесе автокарларда көлденең қалпында міндетті түрде баллондардың арасына төсем салып жүргізіледі. Төсемдер ретінде баллондарға арналып кесілген ұялары бар ағаш сырықтар, сонымен бірге қалыңдығы 25 мм кем болмайтын арқанды немесе резиналы сақиналар (бір баллонға екі сақинадан) немесе баллондарды бір-біріне соғылудан қорғайтын басқа төсемдер қолданылады. Барлық баллондар тасымалдау уақытында вентилдерімен бір жағына қаратып жатқызылады.

Баллондарды арнайы контейнерлерде, сондай-ақ контейнерсіз тік қалпында олардың арасына міндетті түрде төсем салып және құлап кету мүмкіндігінен қорғайтын қоршаумен тасымалдауға рұқсат беріледі.

410. Баллондарды тасымалдауды және сақтауды бұрап бекітілген қалпақтарымен жүргізеді.

Көмірсутекті газдарға арналған баллондарды тасымалдау сұйытылған көмірсутекті газдарды пайдаланатын объектілерге арналған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүргізеді.

Толтырылған баллондарды оларды тұтынушыларға бергенге дейін сақтандыру қалпақтарынсыз сақтауға рұқсат беріледі.

411. Баллондарды автомобиль, теміржол, су және ауа көлігімен тасымалдау қолданыстағы нормаларға сәйкес жүргізіледі.



25-тарау. Ыдыстарды және ауаны бөлу блоктарының

аппараттарын техникалық куәландыру кезінде сынақтарды

өткізу жөніндегі талаптар
412. Ауаны бөлу блогының қаптамасының ішіне орналасқан жұмыстық қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары ыдыстары және аппараттар (бұдан әрі-ыдыстар) мерзімді және мерзімінен бұрын сынақтарды жүргізу арқылы техникалық куәландырудан өткізіледі.

413. Көрсетілген тарауға сәйкес ауаны бөлу блогының ыдыстары: егер олар қысымның және температураның ауыспалы тәртібінде жұмыс жасаса (регенераторлар-мұздатқыштар және басқалар), сондай-ақ корпусында пісірілген бөлшектері және алынатын ішкі құрылғылары (адсорберлері, сүзгілері және басқалары) бар басқа да ыдыстар-8 жылда бір реттен кем болмайтындай етіп ыңғайлы орындарда алдын ала ішкі қарап тексеру арқылы сынама қысыммен беріктігіне гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Периодты ыдыстың техникалық куәландыруы 3-қосымшада берілген.

26-тарау. Ыдыстарды және ауаны бөлу блоктарының

аппараттарын куәландыру
414. Ылғалды кетірудің қиындығына, ыдысқа немесе іргетасқа артық жүк түсуіне байланысты немесе құрастырмалық ерекшеліктері бойынша сынама қысыммен беріктігіне гидравликалық сынау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісе отырып осы қысымдағы пневматикалық сынақпен ауыстырылады.

415. Қолданыссыз бір жылдан артық тұрған немесе қоймалық сақтап қоюда үш жылдан артық болған ыдыстарды алғашқы техникалық куәландыру осы Талапқа сәйкес құрастыруға дейін жүргізіледі. Ыдыстарды беріктігіне сынаудың алдында (гидравликалық та, пневматикалық та) блокты толық қыздыру, оңашалағышты блоктан суырып алу және сынақтан өткізетін ыдысты немесе ыдыстардың тобын жалғайтын барлық құбыржелілерін бөлшекті жалғанған жерлерінен ажырату жүзеге асады.

416. Пневматикалық сынау үшін қоршаған температурада салыстырмалы ылғалдығы 60 % аспайтын, майдың құрамы 10 мг/м3 артық емес ауаны қолданады. Ыдыстарды гидравликалық сынағаннан кейін ыдыстарды үрлеу мен кептіру үшін қолданылатын ауа да осындай талаптарға жауап береді.

417. Гидравликалық сынау үшін қолданылатын су МСТ 2874 бойынша ауыз суының талаптарын қанағаттандырады.

418. Ыдыстарды алдын ала іштей қарап тексеру арқылы гидравликалық сынауды осы Талаптарға сәйкес жүргізеді. Гидравликалық сынаудан кейін ыдыстарды мұқият кептіреді және үрлейді.

419. Беріктігіне пневматикалық сынаудың алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ыдысты сыртқы және ыңғайлы жерлерінде ішкі мұқият қарап тексерулер жүргізіледі. Ыдысты техникалық қарап тексеру актінің (жарамды қалпында және қарап тексерудің нәтижелері бойынша қорытындысы оң болған кезде жасалады), жұмыс кестесі мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың негізінде пневматикалық сынаққа жібереді. Алынатын жалғаулары жоқ жоғарғы, орташа немесе төмен қысымның құрамындағы құбыржелілерінің ортақ орамына ие ыдыстардың тобы бірлесіп сынама қысыммен пневматикалық сынақтан өткізіледі.

420. Блоктың қаптамасына пневматикалық сынауларды бастағанға дейін сыналатын ыдыстан ауаның еркін шығуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру мембраналарын ашады және толық шешіп алады. Осы мақсатпен блоктың қаптамасында ғимараттың сыртқы қабырға жағынан 2-3 люкті алады.

421. Егер ыдыстарды кезегімен сынаса, сыналатын ыдысты жалғап тұрған барлық құбыржелілерін, сонымен бірге вентилдерден кейінгі импульсты желілерді ажыратып алады. Ыдыстың штуцерлерінде бұқтырмаларды орнатады, ал импульсты желілер өз вентилімен қайтадан жабылады. Бұқтырмалар сынама қысымға сәйкес болады және қанатшалары бар.

422. Егер бір жұмыстық қысымның жүйесіне енетін, ортақ орама құбыржелілері және арматурасы бар бірнеше ыдыстарды сынаса, онда оларды бар вентилдермен қысымы неғұрлым төмен ыдыстардың жүйесінен ажыратады. Әртүрлі жұмыстық қысымның екі жүйесін жалғастыратын құбыржелілерінде бөлшекті пісірілген жалғаулары болған кезде, бөлшекті пісірген жалғаулардың арасынан қанатшалары бар бұқтырмаларды орнатады. Бұндай жағдайда ыдыстар мен аралас жүйенің құбыржелілерін оған орнатылған толық ашық вентилдер арқылы атмосферамен жалғастырады. Сыналатын жүйеде орнатылған импульсты түтіктер өз вентилдерімен сенімді түрде қайта жабылады. Ыдыста бар сақтандыру клапанын ажыратып алады, ал ыдыс патрубкасының бөлшекті пісірген жалғауында бұқтырманы орнатады.

423. Пневматикалық сынаудың жүйесін 3-суретте келтірілген принципиалға сәйкес жинайды. Ұқсас жүйе ыдыстардың тобын сынаған кезде де қолданылады. Сыналатын ыдыстан ауаны авариялы шығаруға арналған 9 құбыржелісінің диаметрі ауаны сыналатын ыдысқа жеткізетін 10 құбыржелісінің диаметрінен кем болмайтындай етіп алады, бірақ бұл 20 мм кем емес. 9 құбыржелісіндегі 8 тығын вентилінің шартты өткізуін құбыржелісінің диаметріне тең немесе артық етіп алады. Қысымның көзінен шығатын сығылған ауаның құбыржелісінде сыналатын қысымға реттелге 6 редукциялық клапанды және 7 тығын вентилін орнатады. 6 редукциялық клапан мен 7 тығын вентилінің арасына сынама қысымнан 2-3 % артық қысымға реттелген 4 сақтандыру клапанын орнатады. Сақтандыру клапанын, оны орнатуды және өткізу қабілетін осы Талабына сәйкес қанағаттандырады.

424. Ыдыстағы қысымды өлшеуді МСТ 2405 бойынша дәлдік тобы 0,4-1 болатын 5 бақылау манометрі бойынша жүргізеді. Ауаны ыдысқа жеткізетін құбыржелісіндегі қысымды бақылауды тексерілген 11 жұмыстық манометрмен жүзеге асырады. Манометрлерді таңдағанда, олардың шкаласы өлшеуінің шегі шкаласының үштен бірінде болатын сынама қысымынан 1,2-1,5 есе артық болатындай есеппен алады.

425. Манометр мен ыдыстың арасына тығын органын орнатудың мүмкін еместігіне назар аударады. Пневматикалық қысымның жүйесінде пайдаланылатын барлық құбыржелілері және арматура сынама қысымнан асуы 50 % кем болмайтын қысымға есептеледі. Сынақ уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тығын және реттегіш арматураны, сақтандыру клапаны мен манометрлерді қызмет көрсетуге және қадағалауға ыңғайлы қауіпсіз жерге шығарады. Ыдысты сынама қысыммен жүктеудің уақытында сынаққа қатыспайтын адамдарды жайдан қауіпсіз жерге әкетеді.



3-сурет. Ыдыстарды және ауаны бөлу блогының

аппараттарын беріктігіне пневматикалық сынаудың

принципиалды жобасы

1 - сыналатын ыдыс; 2 - ауаны бөлу блогының қаптамасы; 3 - ғимараттардың қабырғалары; 4 - сақтандыру клапаны; 5 - бақылау манометрі; 6 - редукциялық клапан; 7 - ауаны берудің тығын вентилі; 8 - ауаны шығарудың тығын вентилі; 9 - ауаны шығарудың құбыржелісі; 10 - ауаны беретін құбыржелісі;

11 - жұмыстық манометр
426. Ыдыстағы қысымды көтеруді қысымның көзінен келетін құбыржелісіндегі 7 тығын вентилін ақырындап ашу жолымен бастайды. Манометр бойынша қысымның жайлап артуын қадағалайды. Сынау жүйесі мен ыдыстың тығыздығын тексеру үшін кәсіпорынның сынақты жүргізу жөніндегі нұсқауына сәйкес аралық және жұмыстық қысымдар кезінде бірнеше рет тоқтатуды қарастырады. Міндетті тоқтатуды келесі ыдыстар үшін қарастырады:

1) жұмыстық қысымы 0,5 МПа (5 кгс/см2) жоғары-жұмыстық қысымның жартысына тең аралық қысым кезінде;

2) жұмыстық қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары-әрбір 5 МПа (50 кгс/см2) сайын.

Қысымды арттыруды кестеге сәйкес жүргізеді:

0-0,1 МПа (0-1 кгс/см2) ……………………………….15-20 мин

0,1-1,0 МПа (1-10 кгс/см2) …………………................60-90 мин

1,0-5,0 МПа (10-50 кгс/см2) …………………………..80-90 мин

5,0-10,0 МПа (50-100 кгс/см2) ………………………..30-40 мин

427. Аралық және жұмыстық қысым кезінде жалғаулардың тығыздығын галоидты аққан жерді іздегіштермен немесе оларға сабын ерітіндісін жағу арқылы тексереді. Тығыз емес жерлерін анықтаған жағдайда сынақты тоқтатады, ыдыстағы қысымды атмосфалық қысымға дейін жайлап азайтады, бұдан кейін ағулардың себебін жояды.

428. Ағуларды жою үшін жөндеу жұмыстарын орындау қажет болған кезде олар осы Талабына сәйкес орындалады.

429. Анықталған ақаулар және орындалған жұмыстар туралы деректер жөндеу журналына жазылады.

430. Анықталған ақауларды жойғаннан және бұл кезде орындалған жұмыстардың сапасын бақылағаннан кейін сынақты қайта жүргізеді.

431. Егер аралық және жұмыстық қысымдарда аққан жерлері және көрінетін ақаулар анықталмаса, ыдыстағы қысымды сынама қысымға дейін жайлап көтереді, оның көлемі осы Талабына сәйкес анықталады.

432. Ыдыстағы қысымды 7 вентилдің көмегімен 5 минут бойы тұрақты күйде ұстайды, бұдан кейін 7 вентилді жауып және ыдыстан ауаның қысымын шығаратын 8 вентилді ашады, онымен ыдыстағы қысымды жұмыстық қысымға дейін жайлап азайтуды реттейді.

433. Ыдыс жұмыстық қысымның астында ыдыстағы ауа температурасы қоршаған ортаның температурасымен теңескенге дейін 3 сағаттан кем болмайтын уақыт ұсталады. Бұл уақыт ішінде жалғаулардың тығыздығын тексереді және болуы мүмкін көрнекі пішіні өзгерулерін анықтау үшін ыдысты қарап тексереді.

434. Ыдыстағы ауаның және қоршаған ортаның температурасын арнайы термобулармен не ыдыстағы бар гильзаларға орнатылатын немесе ыдыстың қабырғасына бекітілген сынапты термометрлермен бақылайды.

435. Ыдыстағы ауа температурасын қоршаған ортаның температурасымен теңестіргеннен кейін және аққан жерлері мен анық ақаулары болмаған кезде ыдыста 5 манометр бойынша жұмыстық қысымға тең қысымды белгілейді.

436. Одан кейін ыдысты қысымның көзінен ажыратады және құбыржелісі мен тығын вентилінің арасынан бұқтырманы орнатады және қысымның төмендеуін қадағалайды.

437. Қысымның төмендеу шамасын (11) формула бойынша анықтайды:

(11)

бұнда DР-қысымның бір сағаттың ішінде, сыналатын қысымның %-ғы төмендеу шамасы; Рн-сынақтың басындағы манометрлі және барометрлі қысымның жиынтығы, МПа; Рк-бұл да, сынақтың соңында, МПа; Тн-сынақтың басындағы ыдыстағы ауаның абсолютті температурасы, К; Тк-бұл да, сынақтың соңында, К; t-сынақтың ұзақтығы, с.

438. Мерзімді техникалық куәландыру кезінде сынақтың ұзақтығын (ұстау) 4 сағатқа тең етіп алады.

439. Егер ыдыста жарылған белгілер болмаса, дәнекерленген жіктері арқылы ауаның шығатыны анықталмаса, сынағаннан кейін көрнекі қалдық пішіні өзгерулері орын алмаса және ондағы қысымның төмендеуі бір сағаттың ішінде 0,1 % аспаса, ыдыс беріктігінің пневматикалық сынағына шыдаған және әрі қарай пайдалануға жарамды болып саналады.



27-тарау. Сынақтардың нәтижелері
440. Ыдысты сынаудың нәтижелері бастапқы және соңғы температуралар мен қысымдарын, сондай-ақ сынақтың ұзақтығын көрсету арқылы жөндеу журналына және арнайы актыға енгізіп, сынақты жүргізген тұлғалардың қолын қояды.

441. Егер жоғары, орта немесе төмен қысымның жүйелерін сынаған кезде қысымның төмендеуі белгіленген шектерде болса, ыдыстар мерзімді сынауға шыдаған болып саналады.

442. Егер қысымның төмендеуі белгіленген нормалардан асатын болса, онда блок оңашалаудан жартылай немесе толық босатылады, құбыржелілері, арматурада, ыдыстардағы аққан жерлерін жояды.

443. Дәнекерленген жалғаулар арқылы немесе ыдыстың корпусындағы жарылған жері арқылы аққан жерлері анықталған жағдайда, оған жөндеу жүргізеді, кейіннен ол соның құрамына енетін жүйедегі (жоғары, орта немесе төмен қысымның) беріктігі мен тығыздығына сынайды.



28-тарау. Қауіпсіздік техникасы
444. Ауаны бөлу блоктарының ыдыстарын жұмыстық қысыммен пневматикалық сынауды жоғары, орта немесе төмен қысымның жүйелерінің тығыздығын тексеру үшін жүргізеді. Сынақты кәсіпорынның басшысымен бекітілген нұсқау бойынша, бірақ оңашалағышын суырып алмай және жалғайтын құбыржелілерін бөлшектемей жүргізеді.

29-тарау. Осы Талаптың сақталуын бақылау
445. Қысымның астында жұмыс жасайтын ыдыстарды тексерген кезде келесілер анықталған болса, оларды пайдалану тоқтатылады:

1) қауіпсіздікке қауіп төндіретін ақаулар немесе осы Талаптардың бұзылуы;

2) дайындаушымен белгіленген пайдалану мерзімінің немесе кезекті куәландыру мерзімінің аяқталуы;

3) ыдыстың жарамды қалпында болуы мен қауіпсіз әрекет етуін, оның техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тағайындалмаған болса және білімін тексертуден өтпесе;

4) қауіпсіздік автоматикасы, авариялық дабыл белгісі ақаулы болса.

Бұл кезде ыдыстың құжатына тоқтатудың себебі туралы жазба енгізіледі.



Қолданылған қысқартулар
БСК-басты сақтандырғыш клапан;

ИПЖ-импульсты сақтандырғыш жабдық;

ИПК-импульсты клапан;

БӨҚ-бақылап-өлшеуіш құрал;

НҚ-нормативты құжат;

МСЖ-мембранды сақтандырғыш жабдық;

ШРК-шегті-рұқсат концентрациялар;

ӨТҚ-өндіріс-технология құжаттары.



Қолданылған нормативті құжаттың тізімі


1. 2002 жылдың 3 сәуірі бойынша № 314 «Қауіпті өндірістік объектідегі өнеркәсіп қауіпсіздігі» Казақстан Республикасының заңы;

2. ММСТ 12.1.007 «Жұмыс қауіпсіздігі жүйе. Зиянды зат. Классификация. Жалпы талаптар»;

3. ММСТ 2405-88 «Манометр, вакуумметр, мановакуумметр, напоромер, тягомер және тягонапоромерлер. Жалпы техникалық жағдайы»;

4. ММСТ 2874-82 «Ішетін су. Гигиеналық талаптар және сапа бақылауы».



___________________
1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет