Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



жүктеу 1.33 Mb.
бет4/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7-тарау. Гидравликалық (пневматикалық) сынау
187. Барлық ыдыстар оларды дайындағаннан кейін гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Дайындалуы орнатқан жерде аяқталатын, құрастыратын орынға бөліктерімен тасымалданатын ыдыстар құрастыру орнында гидравликалық сынақтан өткізіледі.

188. Қорғаныш жабындысы немесе оңашалағышы бар ыдыстар жабынды немесе оңашалауды салғанға дейін гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Сыртқы қабығы бар ыдыстар қабығын орнатқанға дейін гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Эмалды ыдыстарды эмаль жүргізгеннен кейін жұмыстық қысымда гидравликалық сынақтан өткізуге рұқсат беріледі.

189. Құйылған ыдыстардан басқа, ыдыстарды гидравликалық сынау (4) формула бойынша анықталатын сынама қысыммен жүргізіледі:



(4)
бұнда, Р-ыдыстың есептік қысымы, МПа (кгс/см2)

-ыдыстың немесе оның элементтерінің материалы үшін рұқсат берілген қысым сәйкесінше 20°С және есептік температура кезінде, МПа (кгс/см2).

Қатынасы ол ең кіші болып табылатын ыдыс элементтерінің (түптері, пісірілген бөліктері, бекіткіші, патрубкалар және басқасы) пайдаланылған материалдары бойынша қабылданады.

190. Құймадан дайындалған бөліктерді гидравликалық сынау (5) формула бойынша анықталатын сынама қысыммен жүргізіледі:

(5)

Құймаларды сынауды жинағаннан және дәнекерлегеннен кейін жиналған торапта немесе дайын ыдыста, құймаларды бұзбайтын әдістермен 100 % бақылау жағдайында, ыдыстар үшін қабылданған сынама қысыммен жүргізеді.

Соғылу жабысқақтығы 20 Дж/см2 асатын (2 кгс·м/см2), металды емес материалдардан дайындалған ыдыстар мен бөліктерін гидравликалық сынау (6) формула бойынша анықталатын сынама қысыммен жүргізіледі:
(6)

Соғылу жабысқақтығы 20 Дж/см2 (2 кгс·м/см2) және одан кем болатын, металды емес материалдардан дайындалған ыдыстар мен бөліктерін гидравликалық сынау (7) формула бойынша анықталатын сынама қысыммен жүргізіледі:



(7)

191. Криогенді ыдыстарды гидравликалық сынау оңашалаушы кеңістікте вакуум болған кезде (8) немесе (9) формулалар бойынша анықталатын сынама қысыммен жүргізіледі:


(8)

немесе:


(9)

Металды пластикалық ыдыстарды гидравликалық сынау (10) формула бойынша анықталатын сынама қысыммен жүргізіледі:


(10)

бұнда -металл құрастырманың салмағының ыдыстың жалпы салмағына қатынасы;



=1,3-соғылуының жабысқақтығы 20 Дж/см2 асатын металды емес материалдар үшін;

=1,6-соғылуының жабысқақтығы 20 Дж/см2 және одан кем металды емес материалдар үшін.

192. Тігінен орнатылатын ыдыстарды гидравликалық сынауды ыдыстың корпусы берік болуын қамтамасыз еткен жағдайда көлденең қалпында жүргізуге рұқсат беріледі, бұл үшін беріктігінің есебі ыдыстың жобасын жасаушымен гидравликалық сынаудың барысындағы сүйенудің қабылданған тәсілін ескере отырып орындалады.

Сынама қысымды ыдысты пайдалану үдерісінде оған әсер ететін гидротұрақты қысымды ескере отырып қабылдайды.

193. Әртүрлі қысымдарға есептелген, екі және одан да көп жұмыстық жолақтары бар аралас ыдыстарда әрбір жолағы, жолақтың есептік қысымына байланысты анықталатын сынама қысыммен гидравликалық сынақтан өткізіледі.

Сынақты өткізу тәртібі техникалық жобада келісіледі және дайындаушы ұйымның ыдысты пайдалану жөніндегі нұсқауында көрсетіледі.

194. Ыдысты сумен толтырған кезде ауасы толығымен шығарылады.

195. Ыдыстарды гидравликалық сынау үшін, егер НҚ осал бұзылудың алдын алу шарты бойынша рұқсат берілетін температураның нақты мәні көрсетілмеген болса, температурасы 5°С төмен және 40°С жоғары болмайтын су алынады.

Ыдыстың қабырғасының және қоршаған ауа температураларының сынақ кезіндегі айырмашылық ыдыс қабырғасының бетінде ылғалдың шоғырлануын тудырмайды.

Ыдыстың жобасын жасаушымен келісе отырып; судың орнына басқа сұйықтық пайдаланылады.

196. Сыналатын ыдыстағы қысымды біртіндеп арттырады. Қысымды көтерудің жылдамдығы көрсетіледі: ыдысты дайындаушы ұйымда сынау үшін-техникалық құжаттамада, ыдысты жұмыстың барысында сынау үшін-пайдалану жөніндегі нұсқауда.

Қысымды көтеру үшін сығылған ауаны немесе басқа газды пайдалануға рұқсат берілмейді.

197. Сынау кезінде қысым екі манометрмен бақыланады. Екі манометр де бір типте, бір өлшем шегінде, дәлдік топтары, бөлу бағамдары бірдей етіп таңдап алынады.

198. Ыдысты сынама қысымның астында ұстаудың уақыты жобаны жасаушымен белгіленеді. Жобада нұсқаулар болмаған кезде ұстаудың уақыты 9-кестеде көрсетілгеннен кем болмайды.
9-кесте


Ыдыстың қабырғасының қалыңдығы, мм

Ұстау уақыты, мин

50 дейін

10

50-ден жоғары 100-ге дейін

20

100 жоғары

30

Қабырғасының қалыңдығына қарамастан құйылған, металды емес және көп қабатты ыдыстар үшін

60

199. Сынама қысымның астында ұстағаннан кейін қысым есептік қысымына дейін төмендейді, бұл кезде ыдыстың сыртқы бетіне, оның барлық алынатын және дәнекерлі жалғауларына қарап тексеруді жүргізеді.

Сынақ уақытында корпустың қабырғасын, ыдыстың дәнекерлі және алынатын жалғауларын тықылдатып ұруға рұқсат берілмейді.

200. Егер келесілер анықталмаған болса, ыдыс гидравликалық сынаққа шыдаған болып саналады:

1) дәнекерлі жалғаулар мен негізгі металда аққан, жарылған, тамған, терлеген жерлері;

2) алынатын жалғауларды аққан жерлер;

3) көрінетін қалдық пішіні өзгеруі, қысымның манометр бойынша төмендеуі.

201. Сынақ кезінде ақаулары анықталған ыдыс және оның элементтері, оларды жойғаннан кейін сынама қысыммен қайта гидравликалық сынақтан өткізіледі.

202. Дайындаушы ұйымда жүргізілетін гидравликалық сынақ сәйкесінше қоршауы бар және қауіпсіздік талаптары мен НҚ сәйкес гидросынақтарды жүргізу жөніндегі нұсқауды қанағаттандыратын арнайы сынақ қабырғасында жүргізіледі.

203. Акустикалық эмиссияның әдісімен немесе белгіленген тәртіпте келісілген басқа әдіспен бақылаған жағдайда гидравликалық сынақ пневматикалық сынақпен ауыстырылады.

Пневматикалық сынақ қажетті қауіпсіздік шараларын қарастыратын және белгіленген тәртіпте бекітілген нұсқау бойынша жүргізіледі.

Ыдысты пневматикалық сынау сығылған ауамен немесе инертті газбен жүргізіледі.

204. Сынама қысымның мәні және сынақтардың нәтижелері осы сынақтарды жүргізген тұлғамен ыдыстың құжатына енгізіледі.

8-тарау. Дәнекерленген жалғаулардың сапасын бағалау
205. Ыдыстар мен олардың элементтерінің дәнекерлі жалғауларында келесі ақауларға жол берілмейді:

1) жіктің металында, балқыту сызығы бойынша және негізгі металл жігі маңайының аймағында орналасқан барлық түрдегі және бағыттардағы жарылулар, сонымен бірге бақылау үлгісін шағын тексеру кезінде анықталатын шағын жарылулар;

2) жіктің негізінде немесе дәнекерлі жалғаудың қиылысуы бойынша (жіктің жекелеген білікшелері мен қабаттары арасында және негізгі металл мен жіктің металының арасында) орналасқан дәнекерлі жіктердегі піспей қалған (балқымаған) жерлер;

3) ыдыстардың дәнекерленген жалғауларында жергілікті піспей қалған жерлерінің болуы мүмкіндігі НҚ ескеріледі;

4) негізгі металдың көлемі НҚ көрсетілген рұқсат берілген мәндерден асатын кесілген жерлері, саңылаулар, күйікті және басқа да қоспалар;

5) қаспақтар (таңдақтар);

6) толық дәнекерленбеген шұңқырлар және күйген жерлер;

7) тесіктер;

8) жиектердің осы Талаппен көзделген нормалардан жоғары орнынан жылжуы.

206. Дәнекерленген жалғаулардың сапасы, егер оларда бақылаудың кез келген түрінде белгіленген нормалардың шегінен асатын ішкі және сыртқы ақаулар анықталса, қанағаттанғысыз болып саналады.

207. Дайындаудың барысында анықталған ақаулар түзетілген телімдерді кейіннен бақылау арқылы жойылады. Ақауларды түзетудің әдістері және сапасы ыдыс жұмысының қажетті сенімдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

9-тарау. Дәнекерленген жалғаулардағы ақауларды түзету
208. Дайындау, қайта құру, құрастыру, реттеу, сынау және пайдалану барысында анықталған жол беруге болмайтын ақаулар түзетілген телімдерді кейіннен бақылау арқылы жойылады.

209. Ақауларды түзетудің технологиясы және бақылаудың тәртібі осы Талаптарға сәйкес жасалған НҚ белгіленеді.

210. Ақауларды түзетудің қабылданған технологиясынан ауытқуы оның жасаушысымен келісіледі. Ақауларды жоюды сұрыптау орындарында біртіндеп ауысуды қамтамасыз ету арқылы механикалық тәсілмен жүргізеді. Дәнекерлеуге жататын сұрыптамалардың максималды көлемдері және пішінін НҚ белгілейді.

Сұрыптаманың бетін механикалық тәсілмен кейіннен өңдеу арқылы ішкі ақауларды жою үшін термиялық кесу (сүргілеу) тәсілдерін қолдануға рұқсат беріледі.

Ақауларды жоюдың толықтығы НҚ талаптарына сәйкес көзбен шолу және бұзбайтын бақылау әдісімен (капиллярлы немесе магнитті ұнтақты дефектоскопиямен не айдаумен) тексеріледі.

211. Олардың сұрыпталған жерін дәнекерлемей ақауларды түзетуге сұрыптаманың максималды терең жеріндегі бөлік қабырғасының минималды рұқсат берілген қалыңдығын сақтаған жағдайда жол беріледі.

212. Егер түзетілген телімді бақылау кезінде ақаулар анықталса, онда бірінші түзету кезіндегі тәртіппен қайта түзетуді жүргізуге рұқсат беріледі.

Дәнекерленген жалғаудың бір орнында ақауларды түзетуге үш ретке дейін рұқсат беріледі.

Жіктің металын кетіру арқылы дәнекерленген жігі бойынша кесілетін жалғаулар және термиялық өңдеудің аймақтары қайта түзетілген болып саналмайды.

10-тарау. Құжаттамалау және таңбалау
213. 1-қосымшаға сәйкес әрбір ыдыс дайындаушымен тапсырыс берушіге құжатымен бірге жеткізіледі.

Құжатқа пайдалану жөніндегі нұсқау қосымша тіркеледі.

Ыдыстың құжаты орыс тілінде және тапсырыс берушінің талабы бойынша-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде жасалады.

Құжатқа есептесулердің басылған қағаздарын қосымша тіркеуге рұқсат беріледі.

Қайта құру немесе жөндеуге арналған ыдыстардың элементтерін (корпус, түптері, қақпақтары, құбырлы торкөздері, корпустың пісірілген бөлшектері, ірілендірген жинау бірліктері) дайындаушы құжаттың сәйкесінше бөлімдерінің талаптарына сай көлемдегі мәліметтерді мазмұндайтын дайындау сапасы туралы куәлікпен бірге жеткізеді.

214. Әрбір ыдысқа таяқша бекітіледі. Сыртқы диаметрі 325 мм кем болатын ыдыстар үшін таяқшаны орнатпауға рұқсат беріледі. Және де барлық қажетті деректер ыдыстың корпусына электрографиялық әдіспен түсіріледі.

215. Таяқшаға жазылатындар:

1) тауарлық белгісі немесе дайындаушының атауы;

2) ыдыстың атауы немесе белгіленуі;

3) дайындаушының номерлеу жүйесі бойынша ыдыстың реттік номері;

4) дайындалған жылы;

5) жұмыстық қысымы, МПа;

6) есептік қысымы, МПа;

7) сынама қысымы, МПа;

8) қабырғаның рұқсат берілген максималды және (немесе) минималды жұмыстық температурасы, °С;

9) ыдыстың салмағы, кг.

Есептік және сынама қысымы, қабырғаларының температурасы әртүрлі дербес жолақтары бар ыдыстар үшін бұл деректер әр жолақ үшін көрсетіледі.

11-тарау. Арматура, бақылау-өлшегіш аспаптары,

сақтандырғыш құрылғылар
216. Жұмысын басқару және пайдаланудың қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету үшін ыдыстар мақсатына қарай жабдықталады:

1) бекіткіш немесе бекіткіш-реттейтін арматурамен;

2) қысымды өлшеуге арналған аспаптармен;

3) температураны өлшеуге арналған аспаптармен;

4) сақтандырғыш құрылғылармен;

5) сұйықтық деңгейінің көрсеткіштерімен.

217. Тез алынатын қақпақтармен жабдықталған ыдыстарда қақпақ толық жабылмаған кезде ыдыстың қысымның астында қосылуына және ыдыста қысым болған кезде қақпақтың ашылуына жол бермейтін сақтандырғыш құрылғылары болады. Бұндай ыдыстар кілт-маркалы құлыптармен де жарақталады.

218. Бекіткіш және бекіткіш-реттейтін арматура ыдысқа тікелей жалғанған штуцерлерге немесе ыдысқа жұмыстық ортаны жеткізетін және одан әкететін құбыржелілеріне орнатылады. Бірнеше ыдыстарды жүйелі түрде жалғаған жағдайда олардың арасына бұндай арматураны орнату жобаның жасаушысымен анықталады.

219. Арматурада келесі таңбалау болады:

1) дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

2) шартты өткізуі, мм;

3) шартты қысым, МПа (жұмыстық қысымын және жол берілетін температураны көрсетуге рұқсат беріледі);

4) орта ағынының бағыты;

5) корпус материалының маркасын.

220. Арматураның саны, түрі және орнату орындары пайдаланудың нақты шарттарын ескере отырып жобаның жасаушысымен таңдалады.

221. Тығын арматурасының маховигінде арматураны ашқан немесе жабу кезіндегі бағыты көрсетіледі.

222. Жарылу қаупі, өрт қаупі бар заттарға, МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1 және 2 тобындағы заттарға арналған ыдыстар, сондай-ақ отпен немесе газбен қыздырылатын буландырғыштар сорғыдан немесе компрессордан жеткізетін желіде ыдыстан келетін қысымды автоматты түрде жабатын кері клапанмен жабдықталады. Кері клапан сорғы (компрессор) мен ыдыстың тығын арматурасының арасында орнатылады.

223. Шартты өткізгіштігі 20 мм асатын, қоспаланған болаттан немесе түсті металдардан дайындалған арматураның химиялық құрамы, механикалық қасиеттері, термоөңдеудің тәртіптері және бұзбайтын әдістермен дайындалу сапасын бақылаудың нәтижелері жөніндегі деректер көрсетілген белгіленген үлгідегі құжаты болады.

Таңбалануы бар, бірақ құжаты жоқ арматура арматураны тексергеннен, сынағаннан және материалдың маркасын тексергеннен кейін қолданылады. Және арматураның иесі құжатты жасайды.

224. Әрбір ыдыс және қысымдары әртүрлі жеке жолақтар тікелей әсер ететін манометрлермен жабдықталады.

Манометр ыдыстың штуцерінде немесе ыдыс пен тығын арматурасының арасындағы құбыржелісінде орнатылады.

225. Манометрлер дәлдік тобы: 2,5-ыдыстың жұмыстық қысымы 2,5 МПа дейін (25 кгс/см2) болғанда, 1,5-ыдыстың жұмыстық қысымы 2,5 МПа жоғары (25 кгс/см2) болғанда төмен болмайды.

226. Манометр жұмыстық қысымның өлшем шегі шкаланың үштен екісінде болатындай шкаламен таңдалады.

227. Манометрдің шкаласында ыдыстың иесімен ыдыстың жұмыстық қысымын көрсететін қызыл сызық жүргізіледі. Қызыл сызықтың орнына манометрдің корпусына қызыл түске боялған және манометрдің шынысына жапсарлас тығыз орналасатын металды пластина бекітіледі.

228. Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға айқын көрінетіндей етіп орнатылады.

229. Оларды қадағалау алаңының деңгейінен 2 м биіктікте орнатылатын манометрлердің корпусының номиналды диаметрі 100 мм кем емес, 2-ден 3 м дейінгі биіктікте-160 мм кем емес.

Манометрлерді алаңының деңгейінен 3 м асатын биіктікте орнатуға рұқсат берілмейді.

230. Манометр мен ыдыстың арасына бақылаудың көмегімен манометрді мерзімді түрде тексеріп отыруға мүмкіндік беретін үш қадамды кран немесе оны алмастыратын құрылғы орнатылады.

Қажет болған жағдайларда жұмыстың жағдайына және ортаның қасиетіне байланысты ыдыста орналасқан манометр, оны ортаның және температураның тікелей әсерінен сақтайтын және оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сифонды түтікпен немесе майлы буфермен немесе басқа құрылғылармен жабдықталады.

231. 2,5 МПа (25 кгс/см2) жоғары қысымда немесе орта температурасы 250°С жоғары болған кезде, сондай-ақ жарылыс қаупі бар ортамен немесе МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1 және 2 тобындағы зиянды заттармен жұмыс жасайтын ыдыстарда үш қадамды кранның орнына екінші манометрді қосуға арналған тығын органы бар жеке штуцер орнатылады.

Стационарлы ыдыстарда белгіленген мерзімдерде орнатылған манометрді ыдыстан алу жолымен тексеру үшін үш қадамды кранды немесе оны ауыстыратын құрылғыны орнату міндетті емес.

Жылжымалы ыдыстарда үш қадамды кранды орнату ыдыстың жобасын жасаушымен анықталады.

232. Манометрлер және оларды ыдыспен жалғайтын құбыржелілері мұздап қатудан қорғалады.

233. Манометрді келесі жағдайларда қолдануға рұқсат берілмейді:

1) бекітілген мөрі немесе тексеруді жүргізу туралы таңбасы болмаса;

2) тексеру мерзімі ұзартылған болса;

3) тілі оны ажыратқан кезде осы аспап үшін жол берілетін ауытқудың жартысынан асатын шамаға шкаланың нөлдік көрсеткішіне қайтадан оралмаса;

4) әйнек сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер ететін зақымданулар болса.

234. Манометрлерді мөрлеу немесе таңбалау арқылы тексеру 12 айда бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі. Сонымен бірге, ыдыстың иесімен 6 айда бір реттен кем болмайтындай етіп бақылау манометрімен жұмыс манометрлерін қосымша тексеру жүргізіліп нәтижелері бақылау тексерулерінің журналына жазылады. Бақылау манометрі болмаған кезде қосымша тексеруді тексерілетін манометрмен шкаласы және дәлдік тобы бірдей тексерілген жұмыс манометрімен жүргізуге рұқсат беріледі.

Ыдыстарды пайдаланудың барысында қызмет көрсетуші персоналмен манометрлердің жарамдылығын тексерудің тәртібі және мерзімдері ыдыстың иесі-ұйымның басшылығымен бекітілген ыдыстардың жұмыс тәртібі мен қауіпсіз қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаумен анықталады.

235. Қабырғаларының өзгеретін температурасында жұмыс жасайтын ыдыстар ыдыстың ұзындығы және биіктігі бойынша қызуының жылдамдығын және тең қалыпты болуын бақылауға арналған аспаптармен және жылу жайларын бақылауға арналған реперлермен жабдықталады.

Ыдыстарды көрсетілген аспаптармен және реперлермен жабдықтаудың қажеттігі, сондай-ақ ыдыстарды қыздыру мен салқындатудың рұқсат берілетін жылдамдығы жобаның жасаушысымен анықталады және дайындаушымен ыдыстың құжатында немесе пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.

236. Әрбір ыдыс (аралас ыдыстың қуысы) қысымның рұқсат берілген мәннен жоғары артуынан сақтандыратын құрылғылармен жабдықталады.

237. Сақтандыратын құрылғылар ретінде қолданылады:

1) серіппелі сақтандырғыш клапандар;

2) рычагты-жүк сақтандырғыш клапандары;

3) импульсты сақтандырғыш құрылғылар (бұдан әрі-ИСҚ), тіке әсер ететін басты сақтандырғыш клапаннан (бұдан әрі-БСК) және басқарушы импульсты клапаннан (бұдан әрі-БИК) тұрады;

4) бұзылатын мембраналары бар сақтандырғыш құрылғылар (мембраналы сақтандырғыш құрылғылар (бұдан әрі-МСҚ);

5) қолданылуы уәкілетті органмен келісілген басқа да құрылғылар.

Жылжымалы ыдыстарда рычагты-жүк клапандарын орнатуға рұқсат берілмейді.

238. Серіппелі клапанның құрылысы серіппенің белгіленген шамадан артық тартылу мүмкіндігіне жол бермейді, ал серіппе шамадан тыс қызудан (салқындаудан) және егер қоршаған орта серіппенің материалына теріс әсер ететін болса оның тікелей әсер етуінен қорғалған.

239. Серіппелі клапанның құрылысы оны жұмыс уақытында күшпен ашу жолымен клапанның жұмыстық қалпындағы қолданысының жарамдылығын тексеруге арналған құрылғыны қарастырады.

Егер күшпен ашуды ортаның қасиеті бойынша (жарылыс қауіпті, жанғыш, МСТ 12.1.0071 бойынша қауіптіліктің 1-ші және 2-ші тобы) немесе технологиялық үдерістің шарттары бойынша қолдануға болмаса, сақтандырғыш клапандарды күшпен ашуға арналған аспапсыз орнатуға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда клапандардың іске қосылуын тексеру стендтерде жүзеге асырылады.

240. Егер ыдыстың жұмыстық қысымы қорек беретін көздің қысымына тең немесе артық болса және ыдыста қысымның химиялық реакциядан немесе қызудан арту мүмкіндігі болмаса, онда оған сақтандыру клапаны мен манометрді орнату міндетті емес.

241. Оны қоректендіретін көздің қысымынан кем қысымға есептелген ыдыстың жеткізетін құбыржелісінде редукциялайтын құрылғыдан кейін аз қысымның тарабына орнатылған манометрі және сақтандыру құрылғысы бар автоматты редукциялайтын құрылғысы болады.

Айналма желіні (байпасты) орнатқан жағдайда ол да редукциялайтын құрылғымен жабдықталады.

242. Бір қысымда жұмыс жасайтын ыдыстардың тобы үшін ыдыстардың біріне баратын алғашқы тармаққа дейін жалпы жеткізу құбыржелісінде манометрі және сақтандыру құрылғысы бар бір редукциялайтын құрылғыны орнатуға рұқсат беріледі.

Бұл жағдайда, егер ыдыстарда қысымның арту мүмкіндігі болмаса, ыдыстардың өзіне сақтандыру құрылғыларын орнату міндетті емес.

243. Автоматты редукциялайтын құрылғы жұмыс ортасының физикалық қасиеттерінің салдарынан қысымның артуына жол беретін кезде шығынды реттегішті орнатуға рұқсат беріледі. Және де қысымның артуынан қорғану қарастырылады.

244. Сақтандыру клапандарының саны, олардың көлемдері және өткізу қабілеті, ыдыста қысымы 0,3 МПа (3 кгс/см2) дейін ыдыстар үшін есептік қысымнан 0,05 МПа-ға (0,5 кгс/см2) жоғары, қысымы 0,3-тен 6,0 МПа (3-тен 60 кгс/см2 дейін) дейін ыдыстар үшін-15 %, қысымы 6,0 МПа (60 кгс/см2) асатын ыдыстар үшін-10 % жоғары қысым пайда болмайтындай есеп бойынша таңдалады.

Жұмыс жасап тұрған сақтандыру клапандарында ыдыстағы қысымды, жобада қысымның артуы көзделген және ыдыстың құжатында көрсетілген жағдайда, жұмыстық қысымнан 25 % аспайтын шамаға арттыруға рұқсат беріледі.

245. Сақтандыру клапанының өткізу қабілеті НҚ сәйкес анықталады.

246. Сақтандыру құрылғысын дайындаушы құжатпен және пайдалану басшылығымен бірге жеткізеді.

Құжатта басқа мәліметтермен қатар клапанның жағылатын және жағылмайтын орталар үшін шығынының коэффициенті, сондай-ақ оның тиесілі алаңы көрсетіледі.

247. Сақтандыру құрылғылары патрубкаларға немесе ыдысқа тікелей қосылған құбыржелілеріне орнатылады.

Сақтандыру құрылғыларының қосатын құбыржелілері (жеткізетін, әкететін және дренажды) жұмыс ортасында қатып қалудан қорғалады.

Бір патрубкада (құбыржелісінде) бірнеше сақтандыру құрылғыларын орнатқан кезде, патрубканың (құбыржелісінің) кесе-көлденең қиып өту алаңы онда орнатылған клапандардың қиып өтетін жиынтық алаңының 1,25 кем емес.

Ұзындығы 1000 мм асатын қосатын құбыржелілерінің қиып өтуін анықтаған кезде олардың қарсыласу шамасы ескеріледі.

Сақтандыру құрылғылары орнатылған патрубкалардан (және ыдыстан клапандарға дейінгі қосатын құбыржелілерінің телімдерінде) жұмыс ортасын іріктеп алуға рұқсат берілмейді.

248. Сақтандыру құрылғылары оларды жөндеуге ыңғайлы орындарда орналасады.

249. Тығын арматурасын ыдыс пен сақтандыру құрылғысының арасына, сондай-ақ олардың артына орнатуға рұқсат берілмейді.

250. Екі сақтандыру құрылғысын және олардың бір уақытта сөнуіне жол бермейтін тосқауыл құралын құрастырған жағдайда, арматура сақтандыру құрылғысының алдынан (артынан) орнатылады. Бұл жағдайда олардың әрқайсы 245-тармағымен көзделген өткізу қабілетіне ие.

Сақтандыру құрылғыларының тобын және олардың алдынан (артынан) арматураны орнатқан кезде тосқауыл құралы, клапандардың сөнуінің жобамен көзделген кез-келген нұсқасында қосылған қалпында болатын сақтандыру құрылғылары жиынтық өткізу қабілетіне ие болатындай етіп орындалады.

251. Сақтандыру құрылғыларының әкететін құбыржелілері және ИСҚ-ның импульсты желілері конденсаттың шоғырлануы мүмкін орындарда конденсатты кетіруге арналған дренажды құрылғылармен жабдықталады.

Дренажды құбыржелілерінде тығынды органдар немесе басқа арматураны орнатуға рұқсат берілмейді. Сақтандыру құрылғылары мен дренаждардан шығатын орта қауіпсіз орынға әкетіледі.

Шығарылатын уытты, жарылыс және өрт қауіпті технологиялық орталар әрі қарай кәдеге жарату үшін жабық жүйелерге немесе ұйымдасқан жағу жүйелеріне бағытталады.

Құрамында араласқан кезде жарылыс қауіпті қоспаны немесе тұрақсыз қосындыларды жасауға бейім заттары бар шығарындыларды біріктірмейді.

252. Мембраналы сақтандыру құрылғылары орнатылады:

1) рычагты-жүкті және серіппелі сақтандыру клапандарының орнына, бұл клапандарды олардың инерциялығының салдарынан немесе басқа себептеріне байланысты нақты ортаның жұмыс жағдайларында қолдануға болмайтын кезде;

2) сақтандыру клапандарының алдынан, сақтандыру клапандары жұмыс ортасының зиянды әсерінің (коррозия, эрозия, полимеризация, кристаллизация, қайнау, қатып қалу) немесе жабық клапан арқылы жарылыс, өрт қауіпті, уытты, экологиялық жағынан зиянды және соған ұқсас заттардың ағу мүмкіндігінің салдарынан сенімді жұмыс істемегенде. Бұл жағдайда жарамды мембраналарды бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы қарастырылады;

3) қысымды шығару жүйелерінің өткізгіш қабілетін арттыру үшін, сақтандыру клапандарымен қатар;

4) сақтандыру клапандарының шығатын жағынан жұмыс орталарының шығару жүйесі тарабынан зиянды әсерін болдырмау және осы жүйенің тарабынан қысымға қарсы ауытқудың әсеріне жол бермеу үшін, сақтандыру клапандарының іске қосылуы дәл болуы үшін.

Мембраналы сақтандыру құрылғыларын орнатудың қажеттігі мен орнын және олардың құрылысын жобалық ұйым анықтайды.

253. Сақтандыру мембраналары таңбаланады, және де таңбалау мембраналардың іске қосылуы дәлдігіне әсер етпейді.

Таңбалаудың мазмұны:

1) дайындаушының атауы (белгіленуі) немесе тауарлық белгісі;

2) мембраналар тобының номері;

3) мембраналардың түрі;

4) шартты диаметрі;

5) жұмыстық диаметрі;

6) материал;

7) берілген температура кезінде және температура 20°С болған кезде мембраналардың топта іске қосылуының минималды және максималды қысымы.

Таңбалау мембраналардың жиекті сақиналы жеріне түсіріледі не мембраналар оларға бекітілген таңбалаушы қанатшалармен (заттаңбалармен) жабдықталады.

254. Мембраналардың әрбір тобына дайындаушымен құжат ресімделеді.

Құжаттың мазмұны:

1) дайындаушының атауы және мекен-жайы;

2) мембраналар тобының номері;

3) мембраналардың түрі;

4) шартты диаметрі;

5) жұмыстық диаметрі;

6) материал;

7) берілген температура кезінде және температура 20°С болған кезде мембраналардың топта іске қосылуының минималды және максималды қысымы;

8) мембраналардың топтағы саны;

9) мембраналардың соған сәйкес дайындалған НҚ атауы;

10) мембраналар соның техникалық тапсырмасы (тапсырысы) бойынша дайындалған ұйымның атауы;

11) дайындаушы ұйымның кепілдік міндеттемесі;

12) мембраналарды пайдалануға рұқсат берудің тәртібі;

13) мембраналарды пайдалану журналының үлгісі.

Құжатқа дайындаушы ұйымның басшысы қолын қояды және мөрмен бекітіледі.

Құжатқа вакуумға қарсы тіректердің, қысатын және басқа да элементтердің техникалық құжаттамасы қоса тіркеледі, олармен жинақта осы топтың мембраналарын пайдалануға рұқсат беріледі. Мембраналарды тұтынушыда бар бекіту тораптарына қолдану үшін дайындаған кезде, техникалық құжаттама қосымша тіркелмейді.

255. Сақтандыру мембраналары оларға арналған бекіту тораптарына ғана орнатылады.

Мембраналарды жинау, құрастыру және пайдалану жөніндегі жұмыстар арнайы үйретілген персоналмен орындалады.

256. Шет елде жасалған, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне бағынышты емес ұйымдармен дайындалған сақтандыру мембраналары осындай мембраналарды қолдануға уәкілетті органмен берілген арнайы рұқсаты болған кезде ғана пайдалануға жіберіледі.

257. Мембраналы сақтандыру құрылғылары ашық және қарап тексеру мен құрастыруға (бөлшектеуге) ыңғайлы орындарда орналасады; қосатын құбыржелілері оларда жұмыс ортасының қатуынан қорғалады, ал құрылғылар патрубкаларға немесе ыдысқа тікелей жалғанған құбыржелілеріне орнатылады.

258. Мембраналы сақтандыру құрылғысын жүйелікпен сақтандыру клапанымен бірге орнатқан кезде (клапанның алдынан немесе оның артынан) мембрана мен клапанның арасындағы қуыс белгі беретін манометрі бар (мембраналардың жарамдылығын бақылау үшін) айналма түтікпен жалғанады.

259. Мембраналы құрылғылардың саны екі есе көп болған кезде мембраналы сақтандыру құрылғыларының алдынан ауыстырып қосатын құрылғыны орнатуға рұқсат беріледі және ауыстырып қосатын құрылғының кез-келген қалпында ыдысты қысымның артуынан қорғау қамтамасыз етіледі.

260. Технологиялық үдерістің жағдайларына байланысты сақтандыру құрылғыларының қолданысының жарамдылығын тексерудің тәртібі мен мерзімдері ыдыстың иесімен белгіленген тәртіпте бекітілген сақтандыру құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.

Сақтандыру құрылғыларының жарамдылығын тексерудің нәтижелері, оларды ретке келтіру туралы мәліметтер ыдыстардың ауысымдық жұмыс журналына көрсетілген операцияларды орындайтын тұлғалармен жазылады.

261. Орталарды бөлудің шекарасына ие ыдыстардағы сұйықтық деңгейін бақылау қажет болған кезде деңгейлердің көрсеткіштері қолданылады.

Деңгейлердің көрсеткіштерінен басқа ыдыстарда дыбыстық, жарықтық және басқа да белгі беру құралдары және деңгей бойынша тоқсауыл қою құралдары орнатылады.

262. Сұйықтық деңгейінің көрсеткіштері дайындаушының нұсқауына сәйкес орнатылады және бұл деңгейдің айқын көрінуі қамтамасыз етіледі.

263. Жалынмен немесе ыстық газдармен қыздырылатын, сұйықтық деңгейі рұқсат берілген деңгейден төмендеуі мүмкін ыдыстарда тіке әсер ететін екеуден кем болмайтын деңгейдің көрсеткіштері орнатылады.

264. Деңгейдің көрсеткіштерінің құрылысы, саны орнату орындары ыдыстың жобасын жасаушымен анықталады.

265. Әрбір сұйықтық деңгейінің көрсеткішінде жол берілетін жоғарғы және төменгі деңгейлер белгіленеді.

266. Ыдыстағы сұйықтықтың жол берілетін жоғарғы және төменгі деңгейлері жобаның жасаушысымен белгіленеді. Сұйықтық деңгейінің мөлдір көрсеткішінің биіктігі сұйықтық деңгейінің жол берілетін төменгі деңгейден төмен және жоғарғы деңгейден жоғары орналасуы сәйкесінше 25 мм кем болмауы тиіс.

Бірнеше көрсеткіштерді биіктікте орналастыру қажет болғанда, оларды сұйықтық деңгейінің көрсеткіштерінің үздіксіз болуын қамтамасыз ететіндей тәсілмен орналастырады.

267. Деңгейдің көрсеткіштері оларды ыдыстан ажырату және жұмыс ортасын қауіпсіз орынға шығару арқылы үрлеу үшін арматурамен (крандармен және вентилдермен) жабдықталады.

268. Деңгейдің көрсеткіштерінде мөлдір элемент ретінде әйнек немесе слюданы қолданған кезде оларды жарылған кезде персоналды жарақат алудан қорғау үшін қорғаныш құрылғысы қарастырылады.


1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет