«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»


Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының бастаулары



бет21/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері

Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының бастаулары

Кез-келген халықта салт-дәстүр де, әдет-ғұрып та кездейсоқ пайда болмайды. Ол қоғамның өмір сүру нормаларын қалыптастырушы заңдық жүйе болып табылады. Заңның адамзат тарихындағы маңызы, заңның барлық халықтардағы киелілік сипаты мен оның киелілік сипатының қалыптасуына діни танымның ықпалы әлі көп жағдайда ескерілмей келеді. Заңның шығуында екі негіз бар: біріншісі – Тәңірдің бұйрығы; екіншісі – сол Тәңір бұйрығы аясында пайда болған заң (шариғат)-киелі дәстүр. Әлеуметтік тәртіп пен оның киелілік сипаты мәдениеттің тәңірлік сипатымен байланысты болды. Сондықтан мәдениеттің қалыптасуы алдымен дінмен, діни таныммен байланысты. Алайда, діни таным дүниедегі бар халықта бірдей емес. Олардың арасында сан түрлі ерекшеліктер бар. Бұл мәселені тереңірек ұғындыру үшін Имам Матуриди пікірлеріне құлақ түріп көрелік. Ол ғұлама мынадай пікірлерді алға тартады.


Түрлі халықтарға келген дін бір болғанымен, ол дінді халықтарға жеткізуші пайғамбарлардың әртүрлі болуы, олардағы шариғаттардың ерекшеліктері, халықтардың өмір сүру жағдайы, табиғи ерекшеліктері діни сенім арасында түрлі айырмашалықтардың тууына ықпал еткені шындық. Сол себепті, халықтар Тәңірге қатысты сансыз түсініктер мен танымдарда болды. Олар өздері таныған Тәңіріне әр түрлі ат берді. Осылай Тәңір сансыз атқа ие болды. Бірақ бұл Жаратушының көп болғандығын білдірмейтін еді. Тәңірдің аталуы қанша көп болғанымен Ол бір ғана Жаратушы еді. Сондықтан, Жаратушыға қаншалықты ат берілгенімен ол бір ғана Жаратушы болып қала береді. «Қазір Таухидке мойынұсынған халықтан Алладан басқа ешбір жаратушы бар деген көзқарастың табылуы мүмкін емес. Адам баласының ақылы жетпейтін және еріксіз таңдай қақтыратын мұғжизалар жасау қабілетіне ие пайғамбарларды Алладан басқа ешқандай жаратылыс жібере алмайды».47 Демек, пайғамбарлар Алланың барлығын халыққа білдіру үшін, тура жолды көрсету үшін жіберілген, Алланың өзі таңдаған тұлғалары және Алланың барлығына, бірлігіне үндейтін, Алланың хикметтерін халыққа жеткізетін басты тұлғалар, әрі негізгі дәлел болып табылады. Имам Матуриди бұл ойын одан әрі толықтыра түсу үшін тағы мынадай тұжырымдар жасайды: «Алланың бірлігін дәлелдейтін тағы бір басқа айғақ Һақ пайғамбарлардың түрлі мұғжизалар көрсетуі болатын. Бұл мұғжизаларға куә болғандар О-ның бірлігін қабыл етпеуге мүмкіндігі қалмайтын. Егер серігі бар жаратылыстың әрекеті болса, онда пайғамбарлардың мұғжизасына ол серіктер кедергі келтірген болар еді. Сондай бір кедергі қарсыластың табылмағандығына қарағанда, пайғамбарларға қарсы тіресіп, қарсылық көрсетпеудің өзі ол пайғамбарлардың Һақ пайғамбары екендіктерін білдіреді және мұғжиза тек Һақ пайғамбарларына ғана тиесілі».48
Демек, әр халық үшін өзіне жіберілген пайғамбарлар арқылы қалыптастырылған жолы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері киелі болып саналады. Түркілерде де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер ешқашан өздігінен пайда болған жоқ. Тәңірдің таңдауымен жіберілген пайғамбардың ықпалымен түрік жұртының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасты. Басқаша айтқанда, түркі қоғамындағы барлық қоғамдық қатынастарды, адамгершілік нормаларын реттейтін заңдық жүйе-шариғаты қалыптасты. Бұл жол түркі жұрты үшін киелі де қасиетті жол болып саналады. Бұл жолдан бас тарту түркі жұрты үшін, бүгінгі күні қазақ халқы үшін Тәңірдің берген бұл нығметінен бас тарту болған болар еді. Тәңірдің бұл берген нығметтерінен бас тартып, шегінген кезеңдерде түркі жұрты елдігінен айырлып, өзгеге бодан болды. Бұл жолды қайта тапқанда түркілер айбынды мемлекеттер құрып, әлемге билігін жүргізе алатын деңгейге көтерілді. Сондықтан да бұл жол түркілерде көздің қарашығындай сақталып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің киелілік сипаты мемлекеттік дәрежеде қорғалатын еді. Ендігі кезекте сол әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің басты-бастыларына кеңірек тоқталып көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет