29
ИМАНИ ГҮЛ
сады десек, сол кездейсоқтың жасағанын адам баласы
ақылымен асып түсіп, одан да
кереметін жасауы керек
еді ғой. Өйткені ақыл кездейсоқтықтан әлдеқайда үстем
емес пе? Бірақ адам баласы осы күнге дейін нәзіктіктен
мақұрым, қоқайып, қатып қалған, өніп-өспейтін жансыз,
жасанды пластмас гүлдерден асырып, артық ешнәрсе жа-
сай алмады, жасауы да мүмкін емес!
Кездейсоқтың жасады деген нәрселерін лаборато-
рияда түрлі-түрлі құралдардың көмегімен ақыл иесі –
адам баласы жасай алмаса,
ойлап қарайықшы, ақылсыз
кездейсоқтық қалай жасамақ?! Олай болса, барлық жара-
тылысты, адамның ақылын да жаратқан тылсым құдірет
– Ұлы Алла жаратқан деп мойындау ақылдының жолы
болса керек.
Көбелектер
Бақшамыздағы ұшып жүрген сан алуан түрлі-түсті
көбелектерге ғибрат көзімен
алғаш рет көріп тұрғандай
бір мәрте болса да зер салып қараңызшы. Ондағы кере-
мет эстетиканы, нәзіктікті, қанаттарындағы қиялымызға
келмейтіндей
ою-өрнектерді, ою-өрнектеріндегі ешбір
қатесіз симметрияны, әр түрлі реңдеріндегі үйлесімдікті
көріп, таң қалып, таңдай қағасыз.
Қарапайым суреттің,
кез келген ою-өрнектің белгілі бір жасаушысы, дизайнері
бар да, көбелектердегі мына теңдессіз сұлулықтың, ою-
өрнектің неге жасаушысы, жаратушысы болмасын?!