32
ИМАНИ ГҮЛ
сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары ара-
лар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы
аралардың қолданған тәсілі өте таң қаларлық. Аралар бал
ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден
бірден бастайды. Яғни, бір
топ ара бөлек-бөлек жерден
бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды со-
сын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып,
сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың
бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске
асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем
байқалмайды.
Ал енді осы ақылсыз араға қай гүлдерде
бал бар
екенін, күнге қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет
есеппен есептелген бал ұяшықтарын жасауды кім үйретті?
Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас
араларды қоректендіру істері жүйелі түрде іске асады.
Егер ұяның іші ыстық болса жұмыртқаларды салқындату
үшін қанаттарын қағып, ал суық болса жұмыртқаны жан-
жағынан көлегейлеп жылытады. Кез келген бір бал арасы
бал жасауға жарамды гүлдерді тапқан жағдайда, алыстағы
басқа араларға өздері ғана түсінетін кейбір іс-әрекеттері
арқылы хабар береді.
Бал арасы мұның бәрін қайдан,
кімнен үйренді? Бал арасы улы денесінен құрамында мың
бір түрлі минералдар мен витаминдері бар шипалы балды
жасауды кімнен үйреніп, қай зертханада жасады. Балдың
формуласын қайдан алды?
Достарыңызбен бөлісу: