Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет141/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін 
оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады. 
Өйткені, Алла Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік 
берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін күнделікті 
әр намазымыздың барлық рәкаттарында оқысақ та, 
жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне ғана тән әуені 
мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне ерекше әсер 
етуі тағы бар.
Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір әрпіне 
сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Алланың кітабынан 
(Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық 
жазылады. Ал әрбір жақсылық он еселенеді. Мен 
Әлиф, Ләм, Мимді (бәрін қосып) бір әріп демеймін, 
Әлиф – жеке бір әріп, Ләм – жеке бір әріп, Мим – жеке 
бір әріп. (әрқайсысына жеке-жеке сауап жазылады)»
120
-деген.
Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі 
болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу 
ерекшелігі де жоғалады.
Тағы бір баса айта кететін жайт, ол – намазда 
қолданылатын сөздердің көп емес, аз екендігі. Алды-
мен азан мен қамат, артынша «Аллаһу әкбар», «Субха-
нака раббиял-ъазим», «Субхана раббиял-аъләә» секілді 
қысқа қайырымдармен қоса «Фатиха» сүресі мен бір-
екі қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен 
де аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай 
жатталатын, мұсылмандардың көбіне ортақ қолданатын 
сөздері. Намазға жаңа жығылған жас бала да бұлардың 
мағыналарын бір үйреніп алса, өмірі ұмытпасы анық.
Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен 
сөздіктер жаттап, шет тілін үйренетіндер мәңгілік ғұмыр 
120
Әт-Тирмизи


236
ИМАНИ ГҮЛ
үшін Алла Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттай алмаса, 
онда: «Ғибадат-құлшылықтарымызға Алла Тағала емес, 
керісінше біз зәруміз» деген шүбәсіз шындықты әркез 
есте ұстаған абзал
121
.
121
М.Хамидуллаһ. Құран Кәрім тарихы.


237


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет