241
ИМАНИ ГҮЛ
делінеді. Берілген нәрсенің қарымы кем болса,
«қалғаны
қайда?» деп жетпегенін сұрауға қақымыз бар. Бірақ тегін
берілген нәрсеге аз бердің яки көп бердің деп реніш
білдіруге,
«әділдік қайда?» деп аттан салуға ақымыз жоқ.
Мысалы, бай адам бір ауылға барып тегін көмір, ұн та-
ратып, екінші бір ауылға барып тек қана ұн таратса, сон-
да еншілеріне тек қана ұн тиген екінші ауыл әлгі адамға
рақмет айтудың орнына
«бізге ұн ғана бергенің не? барып
тұрған әділетсізсің» дей ала ма? Әрине, жоқ. Себебі,
тегін берілген нәрсеге
«аз» яки
«көп» деп шағым жасау
әділетсіздіктің нақ өзі болмақ.
Керек десеңіз, Жаратқанның
тегін берген әрбір
мүшеміздің қайтарымына біз не бердік? Бір ғана мүшенің
қарымын төлеңдер десе өтей алар ма едік? Ұлы Жарату-
шыны әділетсізге балап,
«екінші көзімді бер» деп қатаң
талап ететіндей біз Оған не беріп едік?
Әрине, егер тілек
тілеген сәтте шағымдану емес,
Оған деген мұқтаждығымызды сезініп, құдіретіне бас иіп
сұрасақ, ол басқа мәселе.
Үшіншіден, өмірде кездесетін әр түрлі қиыншылық-
тар, айықпас дертке шалдығу, бір мүшенің кем болуының
адам үшін дүниелік кішігірім зияны болғанымен, оның
рухани өмірімізге ақыреттік пайдалары өте көп. Жанын
құтқару үшін гангрен (іріңдеп, шіріген) болған саусағының
кесілуіне ешкімнің қарсы шықпасы анық. Яғни кішігірім
зиян үшін үлкен пайдаларға ешкім тосқауыл болмайды.
Оттың өртке себеп болуын желеу етіп оттың бар пайда-
сын жоққа шығарып,
жалпы от атаулыны «жаман» дей
алмаймыз ғой. Міне, дүниеде құлдың басына келетін
әр түрлі қиыншылықтар мен аурулардың да дүниелік
зияны болғанымен оның ақыреттік пайдасы өте зор.
Адамның рухы өмірдегі қиыншылықтар арқылы таза-