Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Адам бас сүйегіндегі орангутанның жақ сүйегі



Pdf көрінісі
бет23/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Адам бас сүйегіндегі орангутанның жақ сүйегі
5
Герчеге догру журналы № 13, 10-бет. Гуфран Койунсу. 1996 ж.


49
ИМАНИ ГҮЛ
Әр жан иесінің еркек-ұрғашысы
қалай пайда болды?
Эволюционерлер сатылай даму арқылы маймыл-
дан адам пайда болды деп жар салып, оның қиялдан 
макеті мен суретін салды. Бір таң қаларлығы, маймыл-
дан сатылай дамудың ең ақырғы кезеңінде пайда болған 
адам ретінде орта жастағы нәсілі батыстыққа жататын 
ер адамның бейнесі таңдалған. Бұл әрине батыс нәсілді 
адамдарды өзге адамдардан үстем етіп көрсетудің айқын 
көрінісі. Маймылдан адамға айналу кезеңіндегі дамудың 
ең соңғы үлгісі ретінде батыс нәсілді ер адамның бейнесін 
көрсеткен эволюционерлер әйел адамның қалай пайда 
болғанына келгенде, дерек көрсетпек түгілі ол туралы жақ 
ашпауда. Осы пайда болған ер адамға ішкі-сыртқы бар 
жағынан үйлесімді түрде өзгеше даму жолы арқылы әйел 
баласы қалай және қай жерде пайда болды? Бұған байла-
нысты қанағаттанарлық ғылыми қандай дәлелдер бар?
Ғаламдағы барлық жан иесінің еркектері 
миллиондаған жылда сатылай даму арқылы пайда бол-
ды дей тұрғанмен, солардың әрқайсысының ұрғашы 
тектері қалай пайда болды деген сұрақ бәрібір мазаламай 
қоймайды. Әр жан иесі бөлек-бөлек даму жолдарымен 
пайда болды десек, олардың еркек-ұрғашылары қалай 
бір-бірімен үйлесетіндей тамаша күйде пайда болған? Өз 
ұрпақтарын жалғастыратындай мүмкіншілікке қалай ие 
болды? Бұл сұрақтарға «кездейсоқ» деп жалтарудан өзге 
тұщымды жауап табу да мүмкін емес.


50
ИМАНИ ГҮЛ
Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?
Дарвинизм пікірін қолдайтындардың ұстанатын 
екінші негіздері: «Жан-жануарлар мен өсімдік әлемі 
тіршілік үшін үлкен күрес жүргізіп, бір-бірімен қырқысуда. 
Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері ғана тірі 
қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып, жойылуда. Тірі 
қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын 
бір түрден екінші түрге ауысып, өзгереді. Бұл өзгерістер 
жаңа ұрпақтарға да өтуде».
Олардың айтқанындай, егер әр жан иесі тіршілік үшін 
басқа жан иелерімен үнемі қырқыс, күрес үстінде болса, 
аналардың балаларына деген мейірімділігін, ақылсыз 
тауық сияқты құстардың балапандарын құтқару үшін 
жыртқыштардың аузына түсіп, өз жандарын балаларының 
жолында пида етулерін қалай түсінуге болады? Мыса-
лы, теңіздегі кейбір үлкен балық түрлері тамақтанғаннан 
кейін аузын ашып тұрады. Ал екінші бір кішкентай балық 
келіп тістерінің арасындағы еттерді тазалап, қорек етеді. 
Демек, өмір – қырқыс, күрес емес, өзара жәрдемдесіп, 
көмектесу. Әйтпесе кішкентай балық қорықпастан, емін-
еркін жыртқыш балықтың аузында жүре алмасы анық. 
Үлкен балық та кішкентай балықтарға тиіспестен аузын 
ашып жай ғана тұра алмас еді. Дарвиннің айтқанындай, 
жан иелері арасында өмір үшін жасалған бұл қырқыс, 
күресте әлсіздердің тұқымы құрып, тек қана күштілері 
қалатын болса, жер бетіндегі әлсіз миллиондаған жан-
жануар, өсімдіктердің осы күнге дейін өз өмірлерін сақтап, 
ұрпақтарын жалғастыруын, керісінше, ең күшті санала-
тын динозаврлар секілі ірі жыртқыштардың тұқымының 
тұздай құруын қалай түсінуге болады?


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет