290
ИМАНИ ГҮЛ
са, ең әдемі қызымызға үйлендірейік, ауруға шалдықса,
дүниенің ең атақты дәрігерін шақыртып емдетейік.
Тек ата-бабамыздың дініне қарсы шықпасын. Мына
жаңа дінін тастасын», – деп ұсыныс тастаған еді.
Әбу Тәліп құрайыштықтардың
бұл ұсынысын Алла
елшісіне жеткізді. Пайғамбарымыз ұсыныстарын естір-
естімес:
«Алла Тағалаға ант етейін, егер менің оң
қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да мен бұл
дінімді уағыздаудан бас тартпаймын», – деп жауап
берді. Егер нәпсісін тояттату үшін үйленер болса, Мекке
мүшріктерінің бұл ұсыныстарына пайғамбарымыздың
(с.а.у.) берер жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?!
Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
көп әйелмен
некелесуінің астарында нәпсіқұмарлық емес, басқа биік
мақсаттар мен ұлы хикметтердің жатқаны есті адамға ай-
дан анық. Бұл хикметтерді қысқаша түсіндірейік:
1. Тәлім-тәрбие және үйретуге байланысты. Ис-
лам діні – ең ақырғы дін. Сондықтан бұл дін күллі
адамзаттың қажеттілігін өтейтіндей ерекшелікке ие бо-
луы ләзім. Міне, сондықтан тіршіліктің қай қырын бол-
са да
қамтитындай ереже-қағида, заңдар әкелуге тиісті.
Адамзат көкейіндегі кез-келген сұрақтарына жауап таба
алуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үй тіршілігі, жанұя
өмірі, түнгі өмірі, үй ішіндегі қарым-қатынастары т.б.
бөгде ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі
нақты түрде бүге-шігесіне дейін түсіндірілуі керек. Олай
болмаған жағдайда қияметке дейін жалғасатын ақырғы
бұл дін түсініксіз, жабық күйінде қалмақ. Ал ондай діннің
әлемдік дін болуы әсте мүмкін емес.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
көп адамға беймәлім
жанұя тынысының толық білініп, адамзатқа жеткізілуі
үшін Оның отбасында бірнеше жанның болуы ләзім. Міне,
291
ИМАНИ ГҮЛ
осындай ұлы мақсаттың жүзеге асуы үшін Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бірнеше әйелмен некелескен болатын.
Пайғамбарымыздың
әрбір сөзі ғана емес, әрбір іс-
әрекеті – үмбетіне темірқазық іспетті жол көрсетер ереже-
қағида. Оның түнде тұрып оқыған намазын, мінәжат,
ғибадаттарын бізге осы
пәк жұбайлары жеткізбегенде,
пайғамбарымыздың бұл тұстары үмбетіне мүлде
беймәлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына на-
зар аударар болсақ, Хақ Елшісінің (с.а.у.) түнгі намазы,
үйдегі қарым-қатынасы,
басқа да бөгде адамдар көре
бермейтін іс-әрекеттерінің бәрін Айша анамыз сияқты
пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті, Айша
анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай,
қай хадистің
қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білуші еді. Әбу
Муса әл-Әшғари (р.а.):
«Бізге (сахабаларға) бір хадис
Достарыңызбен бөлісу: