289
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыз нәпсіқұмар біреу болғанда, өзінен он
бес жас үлкен әйелге үйленер ме еді? Хадиша анамыз бай
болғандықтан үйленді деген ой тіптім орынсыз.
Себебі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадиша анамызбен үйленгеннен
кейін барлық байлығын дін жолында кедейлерге таратып,
өздері күнкөрісі қарапайым халықтан да төмен жұпыны
өмір сүргенін ұмытпайық. Байлық үшін үйленген адам өзі
әрең жеткен байлықты мұқтаждарға осылай оңды-солды
таратар ма еді?!
Хадиша анамызбен көтерген бұл киелі шаңырақтың
дәм-тұзы жиырма бес жыл жарасты. Хадиша анамыз
о дүниелік болғаннан кейін де пайғамбарымыз (с.а.у.)
бес-алты жылдай бала-шағасымен жалғыз қала берді.
Егер пайғамбарымыз әлгілер айтқандай әйел құмар
болса, осыншама жыл қалай ғана ешбір ұятты істің
көлеңкесіне де маңайламастан бойдақ жүре алды?
Пайғамбарымыздың бұдан кейінгі
барлық некелесулері
әйелге деген құмарлық сезімнің азаятын шағында ба-
сталды. Яғни, 53-54 жасында. Бұған қоса, Айша ана-
мыздан өзге некелескен
жарларының барлығы да
үлбіреген жас қыздар емес, жастары әжептеуір ұлғайған
жесір әйелдер еді. Тіпті, көбінің бұрынғы күйелерінен
бірнеше баласы да өздерімен ере келген болатын. Ал
енді пайғамбарымыздың барлық некелесулері әйел
құмарлықтан, нәпсіқұмарлықтан туындаған бол-
са, пайғамбарымыз қалыңдыққа жасы ұлғайған жесір
әйелдерді емес, он екі де бір гүлі ашылмаған үлбірген
жас қыздарды таңдар еді ғой.
Күннен-күнге өрістеп
кең етек алып бара жатқан
жаңа дінді тоқтату үшін не істерлерін білмей абдыраған
құрайыштықтар Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу
Тәліпке келіп:
«Біз оған қалаған байлығын берелік, қала-
Достарыңызбен бөлісу: