40
ИМАНИ ГҮЛ
Жансыз материя қалай жан иесі болды?
Дарвиншілердің
бірінші
ұстанымдарында
айтылғандай, жан-жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегі
бір болуы мүмкін бе?
Дарвинизм пікірін қолдайтындар бұл сұраққа «иә»
дейді. Дәлелдері – тек болжам ғана.
Олардың пікірлері бойынша қазіргі жан иелерінің бәрі
жалғыз клетканың дамуы арқылы сатылай-сатылай пай-
да болған. Ал енді барлық жан иелерінің бастауы болған
кішкентай клетка қалай пайда болды? Олардың айтуынша
клетка да сатылай даму жолы арқылы пайда болған.
Жансыз материя мен жанды нәрсенің арасында таң
қаларлық үлкен айырмашылық
бар екендігі бәрімізге
белгілі. Ал енді жансыз бір зат қалай ғана өз-өзінен,
сырттан, басқа бір күштің
әсерінсіз жанды клеткаға ай-
налуы мүмкін? Бұл сұрағымызға тағы да
«кездейсоқтың
әсерінен» деген жауап аламыз. Алайда сол бір қарапайым
клетканың өзі кездейсоқ өз-өзінен пайда бола алмайды.
Себібі ол аса керемет, тамаша жүйеге ие. Ал санадан
мақұрым, білімнен ада, жансыз, көр материядан кездейсоқ
саналы адамның пайда болуы тіптен мүмкін емес.
Профессор, доктор Клаус Доус (Германиядағы
Johannes
Gutenberg
университетінің
биохимия
институтының ректоры):
«Соңғы 30 жыл бойғы өте терең
зерттеулерге қарамастан алғаш жанды клетканың пай-
да болуы туралы ешқандай ғылыми дәлел табылмады»,–
деп, алғашқы жанды клетканың өз-өзінен пайда болуының
ешқандай ғылыми негізге сүйенбейтінін айтса, Кейц
Граһам:
«Алғашқы өмірдің (жанды клетканың) баста-
уы деп есептелген элементтер қазір де бар. Бірақ қазір
неліктен олардан жанды нәрсе пайда болмайды?» деп,