42
ИМАНИ ГҮЛ
тері бар
«аралық түрі» пайда болып, өмір сүрулері керек
еді. Бұл аралық түрлер өтпелі кезең үшін болғандықтан ауру,
кемшілікке толы болуға тиіс.
Егер шынымен-ақ аталмыш
аралық түрлер өмір сүрген болса, олардың өмір сүргенін
дәлелдейтін миллиондаған, тіпті қазір өмір сүрген жан-
жануар, құстардың санынан да көп қаңқа сүйектері табылуға
тиіс еді ғой. Бірақ табылмады. Чарльз Дарвиннің өзі де
«Түрлердің түбірі» атты кітабында былай дейді:
«Егер те-
ориям дұрыс болса, түрлерді бір-біріне байлайтын сансыз
аралық түрлердің өмір сүрулері тиіс. Бұл аралық түрлердің
өмір сүргендіктерін дәлелдейтін жалғыз дәлел – аталмыш
аралық түрлердің фосилдері (тасқа айналған қаңқалары) бо-
лар еді». Бірақ Дарвин өзінің теориясын дәлелдейтін аралық
түрлердің қаңқаларын терең зерттеулердің
нәтижесінде де
таба алмағанын былай деп мойындайды:
«Егер шынымен-ақ
барлық жан иелерінің түрлері бір-бірінен сатылай-сатылай
дами отырып пайда болса, неге сансыз аралық түрлердің
қаңқаларына кезікпейміз? Неліктен жалпы жаратылыс
кемшіліксіз тамаша жүйеге ие?!»
4
.
Дарвин:
«Қазір бұл аралық түрлердың қаңқалары
табылмағанымен келешекте міндетті түрде табылуға
тиіс» деген үміті арқылы өзін-өзі жұбатты әрі оңбай
қателесті. Үмітсіз шайтан деген эволюционерлер Дарвиннің
бұл үмітіне сенім артып, 19
ғасырдың ортасынан бастап
осы күнге дейін дүниенің әр-әр жерінде өте қызу түрде
аралық түрлердің қаңқаларын іздеу жұмысын жүргізді.
Бірақ осыншама қызу зерттеулердің нәтижесінде үміттері
босқа шығып, ешбір аралық түрлердің қаңқасын таба ал-
май діңкесі құрыды. Керісінше, жүргізілген
зерттеулерден
табылған қалдықтар, эволюционерлердің күткеніндей емес,
барлық жан иелерінің тіршілік бетіне сатылай-сатылай емес,
бірден кемшілік, қатесіз түрде пайда болғандығын тайға
таңба басқандай дәлелдеді.
Осылайша эволюционерлер өз
4
Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынлары, Анкара 1996.