Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет203/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
тан гөрі ішкі шаруаларға бейім. Егер әйел баласы өз 
міндетіне салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам 
өмірінде кейбір келеңсіз жайттардың бой көтерері дау-
сыз. Мысалы, саясатпен айналысатын әйелдің отбасында 
бала тәрбиесі ақсап, күйеуімен арада салқындық пайда 
болуы мүмкін. Мансап (карьера) қуған әйел көбіне бала 
туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жар-
ты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Әйел теңдігін»
желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. 
Тіпті, демографтардың пікіріне құлақ түрсек, келешекте 
батыстықтардың ұрпақсыз қалатын түрі бар. Сондықтан 
болар, батыста «бала мәселесі» Парламент деңгейінде 
талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда. 
Иә, әйелдер саясаткер боламын, биліктің бір тұтқасын 
мен ұстаймын деп желпінгеннен гөрі биліктің тұтқасын 
ұстайтын мықты азамат дүниеге әкеліп, елін, халқын ой-
лайтын ұрпақ тәрбиелесе, биліктің тұтқасын ұстады де-
ген сол емес пе?! Қазақ «әйел бір қолымен бесік тербет-
се, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп қандай әдемі 
айтқан.
Осы «Әйел теңдігі» мәселесі қайдан шықты? Батыс-
та ХІХ ғасырдың орта шеңіне дейін әйелді адам құрлы 
көрмеген. Өйткені, олар өз діндеріндегі жаңсақ сенім 
бойынша Хауа ана Адам атаға тыйым салынған жемісті 
жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Сондай-
ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың күнәларына 
себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан батыс 
жалпы әйелдерді лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, 
осы қорлыққа намыстанған әйелдер, еркектердің алдын-
да тұқырмаудың жолын қарастырып, «феминизм», «әйел 
теңдігі» деген ұғымдар мен ұрандарды шығарды. Ал бізге 
оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын, 


335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет