Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет204/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде 
мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр. 
Иә, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асы-
рай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, тіпті, 
мына ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола 
аламын» деп желігіп жүрген әйелдер де кездеседі. Ал 
мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық.
Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала 
кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, 
бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар 
көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап 
келгенде, алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы 
шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жараты-
лысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды 
әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ис-
лам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге 
ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан әйелдер 
қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен 
отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмы-
сына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ қажеттіліктің 
күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя 
экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан 
шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда 
әйелдің үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек 
көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе 
емес. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да қат-қабат шаруа-
лар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй 
шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір 
жағына шығысқан. 
Ал әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп 
үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз (с.а.у.) өз 
хадисінде қатаң сөккен.


336
ИМАНИ ГҮЛ
Жоғарыда әйелмен еркек минус пен плюс зарядта-
ры тәріздес бір-бірін толықтырып, бір-біріне үйлеседі 
дедік. Ал екеуі де минус яки плюске айналған жағдайда 
араларындағы үйлесімділік жоғалып, бір-бірін кері тебе 
бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып жата-
ды. 
Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі рөл, екі 
жүргізуші болмайтыны секілді кішігірім мемлекет – от-
басында да бір ғана басшы болуы тиіс. Әйтпегенде, үйдің 
берекесі қашады. 
Құранда: «Еркектер әйелдерге пана, қамқоршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет