54
ИМАНИ ГҮЛ
Сәлби сипаттары
Бұл сипаттар
тек қана Алла Тағалаға тиесілі, Одан
басқа ешкім бұл сипаттармен сипатталмайды. Жаратылыс-
та бұл сипаттардың қарама-қайшылары бар. Сәлби сипат-
тар бесеу.
1. Әл-Қидам.
Алла Тағаланың бар болуының бастауы жоқ деген
мағынаны білдіреді. Бұл
сипат Алла Тағаланың әзәли
екендігін, яғни, Ұлы Иеміздің барлығының алдында
ешқашан жоқтық болмағандығын білдіреді.
Оның бар
болмаған ешбір заман, уақыт тіпті бір мезет жоқ. За-
ман, уақыт деген түсінікті Ол өзі жаратқан.
Өйткені
Алладан басқаның бәрі кейіннен пайда болып, Оның
шексіз құдіреті мен бөгетсіз
қалауы арқылы тіршілік
бетіне шыққан. Иә, Алла Тағаланың бар болуының ба-
стауы жоқ. Керісінше, Ол – кейіннен жаратылған барлық
жаратылыстың жал-ғыз бастауы. Қидам сипатына қайшы
мағынада
келетін «худус» сипаты, яғни кейіннен пайда
болу – Ұлы Жаратушы үшін әсте мүмкін емес.
Себебі
Алла Тағаланың өзі кейіннен пайда болса, Оны жаратқан
біреу болуға, оны жаратқанды жаратқан тағы біреу болуға
тиіс. Осылайша шынжырланып кете беретін еді. Ал бұлай
кете беру мүмкін емес, әрі қисынға да қайшы.
2. Әл-Бәқаа.
Бар болуының соңы, ақыры жоқ –
мәңгі деген
мағынаны білдіреді. Бұл сипат Алла Тағаланың мәңгі
екендігінің, яғни, барлығының соңы, ақыры жоқ екенді-
гін білдіретін сипат. Алла Тағала әзәли яғни, барлығының
бастауы болмағаны секілді соңы да жоқ мәңгі. Сондықтан