ИМАНИ ГҮЛ
тұлғалардың ақырет турасында бір пікірге келісуі –
ақыреттің хақ екендігін білдіретін басқа дәлелелдерге
жүгінуді қажет етпейтіндей қуатты дәлел. Себебі, бес
өтірікші адам бірінен кейін бірі келіп, орманды өрт ша-
лыпты десе, «бұлардың айтқаны рас боп қалар» деген
ойда қаламыз. Бұл сан бес емес, онға жетсе, жеткізген
хабарларына сене бастаймыз. Ал, енді өтірік айту ауруы-
нан пәк жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар мен
жалған сөйлеуді ар санайтын сансыз әулие, ғұламалардың
барлығы ақыреттің бар екенін ескертіп, өздері де айтқан
сөздерін ораза, намаз сияқты ғибадаттары мен жалпы іс-
әрекеттері арқылы қуаттап жатса, ақыреттің бар екендігіне
күмән келтіру орынсыз болмақ.
Бірақ соңғы ғасырларда мына материалдық дүниенің
қыспағы мен қараңғы қапасында қалып, тұншыққан са-
намызда өлімнен кейін қайта тірілу сенімі азды-көпті
әлсіздікке ұшырағаны рас. «О дүниеге біреу барып келіп
пе?» немесе «ақыреттің болатынына кім кепіл?» деген-
дей сұрақтарды мұртынан күліп қойып жататындардың да
ел ішінен табылуы осының айғағы.
Ондай адамдардың көбі күнделікті әдет еткен
нәпсісіне ұнайтын күнә істерді тастағысы келмегендіктен
және ораза, намаз сияқты ғибадаттарды орындауға
ерінгендіктен қайта тірілудің болатындығын білдіретін
сансыз дәлелдерге көз жұмып қарайды. Өйткені он-
дай адам адал-арам демей рахаттануды, жақсы-жаман
деп талғамай нәпсісін қанағаттандыруды қалайды. Ал
қайта тіріліп, істеген барлық ісіне есеп беру сенімі оның
осы рахатына бөгет болып, кедергі жасайтындықтан,
оны жоққа шығару мұндай адам үшін әлде қайда жеңіл.
Сөйтіп, соқырға айналған ақылы тізгінін нәпсісінің
қолына ұстатып, ақыретті жоққа шығару үшін сан қилы
дәлел іздеп, адасқан сайын адаса түседі. Құранда: «Есеп
143
Достарыңызбен бөлісу: |