Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет88/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Рухымыздың мәңгілікті аңсауы
Кез келген адам баласы машақат, бейнетке толы, 
найзағай жылдамдығына пара-пар қалай зымырап өтіп 
кеткені түсініксіз мына қамшының сабындай қысқа 
ғұмырға қанағаттанбайды. Оның рухы, жан дүниесі 
мәңгілікті аңсайды. Шексіз өмір мен бақи дүниеге 
құштарланып тұрады. Өзінің бір ғасырға да жетпейтін 
жалған, шектеулі өмірін ойлап, бүгін басып жүрген 
қара жерді ертең көрпе етіп жамыларын сезінген сәтте 
мәңгілікке құштар жан-жүрегін қайда қоярын білмей, ұй-
қысы қашып, шарасыздықтан мазасыздана түседі. Адам 
баласының рухын мәңгілікке құштар етіп, оған екінші ба-
қи өмірге деген ынтық сезім берген Алла Тағала, әлбетте, 
оған аңсап, армандаған мәңгілік екінші өмірді береді. 
Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дәм мен жұпар иісті 
әр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға толтырып, адам ба-
ласына соларды татып көретін дәм тату сезімін сыйлаған 
аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мәңгілік өмірді 
жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мәңгілікке 
деген құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мәңгілікке 
деген құштарлықты берген Алла мәңгілік өмірді де бер-
мек. Мейірімі шексіз Алла жаратылыстағы әр нәрсеге 
тілегенін беріп, сұрағанын жауапсыз қалдырмауда. Дұға 
етіп, тілек тілеу үшін жайылған ешбір алақанды Ұлы 
Жаратушымыздың жауапсыз құр қайтаруға ұялатыны 
жайлы көптеген хадистерде білдірілген
67

67
اًرْف ُص اَهَّدُرَي ْنأ ِهْيَلإ ْمُهَيِدْيأ اوُعَفَر اَذإ ِهِديِبَع ْنِم ي ْحَت ْسَي ٌميِرَك ٌّي َح ْمُكَّبَر َّنإ


149
ИМАНИ ГҮЛ
Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға-
тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып, 
жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алды-
на салып берген мейірім-рақымы мол Ұлы Жаратушы-
мыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы – жалпы адам 
баласының «мәңгілік, мәңгілік» деп тулаған жүрегінің 
тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны 
жоқ етіп тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып таста-
сын? Ол үшін ақырет әлемін, бақи өмірді жаратпасын? 
Адамды өмір сахнасынан мүлдем келмеске жіберіп, 
Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын қалай 
ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мәңгілік өмірге 
құштарландырып, сосын оған құштарланған мәңгілік 
өмірін бермеуі – Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс 
болмақ.
Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан 
Ұлы Жаратушының махаббат шуағының еш бір мән-
мағынасы қалмай, мейірімділік зұлымдыққа, махаббат 
дұшпандыққа, ләззат өкінішке айналар еді. Себебі адам 
бұл дүниенің пәни ләззаттарымен, өткінші рахатымен
Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша 
махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мәңгілік ғұмырды, 
шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет