Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


ИМАНИ ГҮЛ Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде



Pdf көрінісі
бет90/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде
Күзде «Өмірімнің соңына таядым» дегендей, 
сарғайып тұрған егінді орып аламыз. Бұл – жайқалып өсіп 
тұрған бидай үшін бірінші өлім. Сосын диірменге тартып 
ұн жасаймыз. Бұл – ол үшін екінші өлім. Сосын илеп ашы-
тып, қып-қызыл қызып тұрған тандырға салып пісіреміз. 
Бұл – бидай үшін тағы бір өлім. Дастарханға келген нан-
ды аузымызға салып, тісімізбен үгітіп, асқазанымызға 
жібереміз. Ол жерде әр түрлі сөлдермен араласып, басқа 
бір өлімге душар болады. Міне, осылайша нан асқазан 
қабірінде көмілген болды. Нан осыншама өлімнен кейін 
асқазаннан он екі елі ішегімізге өтеді. Сол жерде асқазанда 
өлген нан бұрынғысынан да керемет түрде қайта тіріліп, 
денеміздегі қанымызға, клеткаларымызға, витаминдерге 
айналып, тәнімізде тіршілігін жалғастырады.
Ал енді Алла Тағала адам баласын өлгеннен кейін 
жан беріп, қайта тірілтпейді дейтіндей, бірнеше өлімге 
куә болып, адамның тәнінде қайта тірілген бидайдан да 
төмен, мағынасыз болғаны ма?
Күзде топыраққа түсіп көмілген әр түрлі дәндер мен 
дақылдарды шіріді, бітті, өлді деп ойламаймыз. Себебі 
ол көктемде алғашқы кейпінен де керемет түрде қайта 
тіріліп, қара жерді қақ жарып шығып, жайқала өсіп, жер 
бетін жасыл реңімен бояп тастайды. Тіпті біреу болып 
өледі, бірнеше болып тіріледі.
Алла Тағала Құранда: «Оның (құдіретін көрсететін) 
дәлелдерден бір дәлел мынау:
Сен жерді құрғап, (Алладан медет сұрап тұрған 
адамдай) басын иген күйде көресің. Бірақ Біз жаңбыр 
жауғызған сәтте жер беті құлпырып, көпси түседі. 
Міне, құрғақ жерді осылай кім тірілтсе, өлілерді де 
Сол тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге құдіреті толық 


152
ИМАНИ ГҮЛ
жетеді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет