156
ИМАНИ ГҮЛ
мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да
мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким
Иеміздің адам баласын бостан-босқа мақсатсыз жаратып,
мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде
мүмкін емес. Құранда
«Әл-Мүминун» сүресінде:
«Біз
сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге
кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» - делінсе,
«Қиямәт» сүресінде:
«Адам баласы (еш сұрақ алын-
бастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма?» -
делінеді.
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Кез-келген нәрсенің бар екендігіне сену үшін ол
нәрсені, алдымен, міндетті түрде көзбен көріп келу шарт
емес. Ешбір
адам анасының құрсағында жатып, мына
дүниені көріп, сосын бұл дүниеге аяқ басқан жоқ қой.
Ананың құрсағындағы сәби өзінің жатқан тар,
қараңғы
мекенінен тыс басқа әлем жоқ деп пайымдаса, қаншалық
қателескен болар еді. Тура сол сияқты біздер де осы дүниені
барлық болмыс әлемі деп танып,
бұдан басқа әлем жоқ
деп пайымдасақ, құрсақтағы баладай қателесеріміз анық.
Өйткені мына әлем де ақырет әлемімен салыстырғанда
ананың құрсағындай ғана.
Достарыңызбен бөлісу: