Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Мұсылман емес мемлекеттерде туып-



Pdf көрінісі
бет198/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Мұсылман емес мемлекеттерде туып-
өскен адамдардың ақыреттегі жағдайы қалай 
болмақ?
Ислам діні – Құдай Тағаланың жер бетіне жіберген 
ең ақырғы діні. Ақырғы дін келгеннен кейін бұрын 
келген барша діндердің үкімі жойылды. Алла Тағала 
Құранда: «Кімде кім исламнан өзге дін іздесе, қабыл 
болмайды...»
191
деген. 
Дінімізде ислам дініне кіру бақытына кенелме-
ген жандардың бәрі жаппай тозаққа барады деп кесіп 
айтылған нақты үкім жоқ. «Әһлус-суннет» ғалымдары бұл 
мәселеде әр түрлі көз қараста. Мысалы, Әшғари бойынша 
ешбір дін, ешбір құдайылық баян жетпеген адамдардың 
барлығы, мейлі атеист болсын ақыретте сұраққа тартыл-
майды. Алла Тағала «Исра» сүресінде дін жетпеген ешбір 
қауымды азаптамайтынын білдірген: «...Біз пайғамбар 
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»
192
.
Алла Тағала мұндай жандарды өзінің жәннат нығметінен 
белгілі бір дәрежеде құр алақан қалдырылмайды.
Ал Матурудилер бойынша, барлық адамдар 
пайғамбар келсін-келмесін, дін жетсін-жетпесін 
Ұлы Жараушының аты мен есімін, кітаптары мен 
пайғамбарларын білмесе де, Оған иман етулері керек. 
Мұндай жандар ақыретте ғибадат тұрғысынан сұралмаса 
да, иман тұрғысынан сұраққа алынады. Себебі, адамның 
ақылы ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата 
191
Әли Имран сүресі, 85-аят.
192 
Исра сүресі, 15-аят.


325
ИМАНИ ГҮЛ
алатындай кейіпте жаратылған. Табиғаты да Ұлы Жа-
ратушыны табуға әрі Оған иман келтіруге бейім. Бұған 
қоса, әлемдегі әрбір жаратылыс бойындағы ғажайып 
нақыштарымен Ұлы Жаратушының бар екендігін паш 
етуде. Аспан әлеміндегі жымыңдаған жарық жұлдыздар, 
жер бетіндегі құлпырған тамаша өсімдік әлемі, жараты-
лыстарында ешбір міні жоқ сансыз жан-жануар – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушыны меңзейді. Шөлде ғұмыр кешкен 
шопанның өзі Ұлы Құдіретті тапқандығы хадисте риуа-
ят етілген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына кел-
ген бәдауиден Ұлы Жаратушыны қалай тапқаны жайлы 
сұраған уақытта, ол былай деп жауап берген: «Бір жердегі 
түйенің тезегі ол жерден түйенің өткенін, ал аяқ ізі де 
сол жерден біреулердің жүргендігін меңзейді емес пе? 
Ендеше, мына таңғажайып жүйемен жаратылған аспан 
әлемі, мына ғажап әдемілікке толы жер беті – шексіз білім 
иесі һәм барлық нәрседен толық хабардар Ұлы Құдіретті 
қалайша меңземесін?!». Демек, қарапайым түйешінің өзі 
әлемдегі барлық нәрсені жаратып, оны керемет жүйемен 
еш ақаусыз басқарып тұрған Ұлы Құдіретті таба білген. 
Олай болса, иман мәселесінде ақыл-ойдың рөлін толықтай 
жоққа шығара алмасымыз ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, 
ғалым Матуруди «адам ақыл-ойымен-ақ Ұлы Жарату-
шыны таба алады» деген
193

Қорытындылар болсақ, Ислам діні мүлдем жетпеген 
яки жетсе де, өзінің шынайы келбетінде емес, бұрмаланған 
түрде жеткен әрі оны дұрыс тану мүмкіншілігі мүлде 
жоқ қоғамда өмір сүріп жатқан жандарды Алла Тағала 
өзінің рақымына бөлейді деп үміттенеміз. Ал ислам діні 
толық жеткен әрі онымен танысу мүмкіншілігі бола тұра 
оған салғырт қарап, қырсықтық пен тәкаппарлықтың 
193
М, Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том, 
57-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 ж.


326


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет