94
ИМАНИ ГҮЛ
көретініңді білдіру аса маңызды. Психология ғылымында
дәлелденген осы бір әрекетке тоқталып өтейік.
Балаға мейірімділік таныту мен
сүйіспеншілігіңді көрсету
Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен
сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім
мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар
қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен
ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала
кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді.
Әрдайым соны іздеп тұрады.
Оны ренжітпей, мейірімі
мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның
айтқандарын орындауға тырысады.
Өзі жақсы көрген
кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала
тәрбиесіндегі негізгі қағида. Пайғамбарымыз барлық
адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен
жақсы көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен,
әр сахаба өзін «Пайғамбардың
ең жақсы көретін ада-
мы мен шығармын» деген ойға қалатын. Алайда, Алла
елшісінің балаларға деген мейірімі тіптен ерекше еді.
Жоғарыдағы
«Рафиғ ибн Амр оқиғасы» – осының нақты
дәлелі. Дедектетіп Пайғамбарымызға әкеле жатқанда бұл
бала қандай үрейді бастан кешті десеңізші?!
«Қап, маған
енді не істер екен? Не деп ұрсып, қалай жазалар екен»
деп қатты қорқып келген балаға пайғамбарымыз
«балапа-
ным!» деген жалғыз-ақ ауыз сүйіспеншілікке толы жылы
сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан си-
пап, мейірлене қарады.
Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жазалау
тәсілінің ерекше орнының бар екенін жоққа шығармай-
мыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі