Кисуадағы
алтын және сары жіппен тігілген
Құран аяттары
(Қағбаға жабатын мата)
Олар үшін Ислам өнерін-
де қолданылатын пішіндер,
кескіндер, заттар,
көріністер,
тіпті әріптер мен сандар жа-
сырын
(батини) мағынаға ие.
Мандала, фалликалық бағана
немесе құдайлар мен құдайша-
лардың антропоморфтық бейне-
лері үнділер үшін
ерекше діни
мағынаға ие болса, Крест, ай-
қышқа шегелену көрінісі және
Иса Мәсіхтің мүсіні христиандар үшін маңызды символдар бо-
лып табылады, осыған сүйенсек, адамдар қабылдайтын және
түсінетін мағынасы көрнекті «ислам рәміздері» бар.
Мешіттің сыртқы қабырғасындағы ислам өрнегі,
Фес, Марокко
Бұл ғалымдар айтып отырған мотивтер немесе таңбалар ис-
лам мәдениетіне ғана тән деп бағаланғанса, эстетикалық логика
тұрғысынан олар кейбір басқа көркем дәстүрлерге ұқсас. Күм-
безді – аспан күмбезі ретінде қарастыру керек болса;
20
кілемнің
ортасындағы медальон аспанға апаратын жолды бейнелейді;
21
қолжазбаның және суреттің көк түсі – Шексіздіктің, Құдайдың
символы;
22
билеушінің есімі қоса жазылатын эпиграфиялық
әшекей оған берілген саяси мәртебенің символы
23
немесе Ал-
ланың көрінісі.
24
Тіпті «вакуумның» өзі «Құдайдың трансцен-
денциясының және оның барша әлемдегі көрінісінің символы»
ретінде қарастырылады.
25
Дәлме-дәл символдық мазмұндағы бұл сипаттамалардың
барлығы ислам өнерінің мәніне және оның абстрактілі сапасы-
на қарама-қарсы. Ислам өнері трансценденттік саланың барлық
көріністерін бас тартқан және айыптаған семиттік ортада пайда
болды, дамыды. Бұл - табиғат пен Құдай арасындағы шынайы
немесе ойдан шығарылған байланыстар арқылы эстетикалық
түрде көрсетілуі мүмкін емес
таухид идеологиясына негіздел-
ген өнер. Мұндай байланыстыру Аллаға басқа жаратылыстар
мен нәрселерге «серік қосу» немесе ширк болды және бұл Ис-
ламдағы
ең жек көретін амал, үлкен күнә ретінде бағаланды.
Бұл сенімдер мен алғышарттар ислам діні мен мәдениетін-
де ерекше символдық сапаны тудырды. Тіпті исламдағы рәсім-
дердің мәні символдық емес, функционалды екені жиі атап
өтілді. Азан, тіпті мұнараның өзі де символдық дыбыстық не-
месе бейнелік элементтер емес. Олар, сәйкесінше, мұсылман-
дардың күннің белгілі бір уақыттарында намазға жиналуына
көмектесетін әрекет және осы әрекетті
жеңілдететін сәулет
мүшесі.
26
Мешіттің михраб тауашасы құлшылық етуші тара-
пынан ерекше құрметке ие емес; мешіттің бұл бөлігі басқа
жерлерден гөрі киелі емес.
27
Мұсылман еместер жиі исламмен
байланыстыратын жарты айдың ислам мәдениетіндегі сенімнің
көрнекі белгісі ретінде ешқандай маңызы жоқ.
28
Бұл еуропа-
лықтар қателесіп, Ислам діннің
символы деп санаған Осман
әскерінің белгісі. Крест христиандықты бейнелеуге ертерек
келгендіктен, олар Ислам жарты айды крестке тепе-тең символ
ретінде қабылдаған деген қорытындыға келді.
Әрине, бұл фактілер ислам өнерін зерттеуші мұсылман
еместерге де, мұсылман ғалымдарға да белгілі. Олай болса, бұл
ғалымдардың сол өнерді басқа
мәдениетке сәйкес келмейтін
етіп түсіндіруде табандылық танытуы таңқаларлық. Олардың
ислам өнеріндегі эстетикалық мағынаның дәл осы түсіндер-
месінен танбауларын төмендегі гипотезалар түсіндіруге көмек-
тесуі мүмкін. Бір гипотеза бойынша, авторлардың санасына
өнерге қатысты батыстық түсіндірменің сіңіп кеткені сонша-
лық, ислам өнеріне келгенде олардың өркениеттік бейімділік-
тен құтылуы қиын, тіпті мүмкін емес. Еуропаның христиандық
өнерін түсіндіруге
дәл келетін алғышарттар, өкінішке орай,
ислам өнері саласына ауыстырыла салған сияқты. Бұл жайт,
салыстырмалы және мәдениетаралық зерттеулермен,
әсіресе
ислам өнерімен айналысқанда үлкен сақтық, терең білім және
жанашырлық қажет екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: