Исмаил Раджи әл-Фаруки ислам өркениетінің Өнері мерзімді басылымдардың 24-топтамасы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата17.09.2024
өлшемі4.76 Mb.
#503705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
RED-full-Kazakh-The-Arts-of-Islamic-Civilization

Бурса жайнамазы


Мароккодағы Фес тарихи меди-
несінде көк-қара мозаикалы
қабырға фонында тұрған
дәстүрлі ағаш орындық
Уақыт өнері мен кеңістік 
өнерін қамтитын бұл өнер 
тәжірибемен және түсінумен ай-
ғақталатын күйзелісті және қа-
былдауды талап ететін құбылыс. 
КҮРДЕЛІЛІК. Күрделі деталь 
– ислам өнерін айқындайтын ал-
тыншы сипаттама. Күрделілік 
көрерменнің кез келген өрнектің
немесе арабесканың құрылым-
дық нысандарға көңіл бөлу, на-
зарын аудару мүмкіндігін артты-
рады. Тікелей сызық немесе бір 
фигура қаншалықты әдемі орындалғанымен, ешқашан ислам 
үлгісінің жалғыз иконографиялық материалы бола алмайды. 
Шексіз үлгінің динамизмі мен 
импульсін тек ішкі элементтерді 
көбейту арқылы, орындау ше-
берлігі мен комбинацияның күр-
делілігін арттыру арқылы жаса-
уға болады.
Парсы миниатюрасы:
Жамал ад-Дин Мұхаммед 
ас-Сыддықи әл-Исфахани - Бахрам 
Гур Айдаһарды өлтіру


ІІ ДЕҢГЕЙ
Құран көркем үлгі ретінде
Құранның идеологиялық сипаты ретінде анықталатын ис-
лам өнері мазмұны жағынан да «құрандық» сипатта болып 
табылады, өйткені мұсылман халықтарының Қасиетті кітабы 
эстетикалық шығармашылық пен өндірістің алғашқы және 
басты үлгісі. Құран «исламдағы алғашқы өнер туындысы» деп 
сипатталған.
14
Мұны мұсылман еместер бірнеше рет қайталап, 
ал мұсылмандар үзілді-кесілді жоққа шығарғандай, Құран-
ды әдебиет данышпаны Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.)
туындысы ретінде қарастырылған мағынада түсінбеу керек. 
Керісінше, мұсылмандар Қасиетті кітапты мазмұнын, оның 
әріптері мен идеяларын да илаһи деп санайды; Мұхаммедке
(с.ғ.с.) Алланың сөздерімен уахи етілген және оның аяттары
мен сүрелерінің қазіргідей реті Құдайдың өз аузынан жазып
алынған деп санайды. 
Құранның осы мазмұны мен формасы жоғарыда атап өт-
кеніміздей, ислам өнерінің шексіз үлгілерінің өкілі ретінде бар-
лық айрықша ерекшеліктерін таныстырады. 
Құранның өзі шексіз өрнектеудің ең тамаша үлгісі – әде-
биеттегі, бейнелеу өнеріндегі (декоративті және сәулет ескерт-
кіштері), тіпті дыбысталған және қозғалыстағы барлық бо-
лашақ туындыларға әсер етуі тиіс үлгі саналады. (21-тарауды 
қараңыз)
15
Әдеби шығарма ретінде Құран оның поэтикалық 
прозасын оқыған немесе естіген мұсылмандарға эстетикалық 
және эмоционалдық тұрғыдан зор әсер еткен. Жаңа дінге деген 
көп бетбұрыс шын мәнінде оның декламациясының эстетика-
лық күшінің арқасында жасалды және оны тыңдаған көп адам-
ның көздерінен жас парлағаны немесе отырған орындарында 
жан тапсырғаны жайлы оқиғалар бар.
16
Тіпті мұсылман 
еместер де оның әдеби кемелдігіне қатты тәнті болған. Құран-
ның бұл қайталанбас кемелдігі оның иджазы (Құранның ға-
жайыптығы мен қайталанбастығын білдіретін термин) немесе 


«әлсіретуге қабілетті күш» деп аталды. Оның жазылған тілінің
шеберлігіне ешнәрсе тең келмесе де, бұл оның барлық өнерге 
үлгі болуына кедергі бола алмады. Ислам мәдениетіне қосылған 
бұл үлес ғасырлар бойы түрлі мәдениеттер мен халықтардан 
алынған сансыз көркем мотивтер мен әдістерді қабылдау мен 
пайдалануға негіз болды. Дәл осы негіз немесе модель сол ма-
териалдар мен идеялардың қабылдануын қалыптастырды және 
жаңа мотивтер мен тәсілдердің жасалуын анықтады. Асқақ ис-
ламдық таухид туралы үндеу ислам өнерінің барлық болашақ 
үлгілері үшін норма және идеал болуы керек болды. (19-тарау-
ды қараңыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет