26-карта. Абу Райхан аль Бируни. Жер. 430/1048
Басына Құран көтеріп жүрген мұсылман
әйел
Жоло, Сулу провинциясы, Филиппин
[Ұсынған I.E.Winship].
Исламның мәдени атласында көрсетілген-
дей түпнұсқадан алынған
ІІІ ДЕҢГЕЙ
Құран көркем иконография ретінде
Құран кітабы ислам өркениетін оның өнерінде көрініс
тапқан идеологиямен ғана қамтамасыз етіп қойған жоқ, көркем
мазмұн мен форманың бірінші және ең маңызды үлгісін берді,
ислам өнерінің иконографиясын ең маңызды материалмен
қамтамасыз етті.
VII ғасырда мұсылмандардың семиттік ізашарларының
әдеби экспрессивтілік пен шеберліктің ежелден келе жатқан
дәстүрі жақсы танымал болды. Әдеби шығармашылыққа де-
ген қызығушылықтары мен шеберліктерінің арқасында жазу
өнері семит халқында ерте кезеңнен дамыды. Жазу бейнелеу
өнерінің құрамдас бөлігі ретінде исламға дейінгі Месопота-
мия мәдениетінде мыңдаған жылдар бойы қолданылған. Осы
халықтардың бірнешеуін айтар болсақ, мысалы, шумерлердің,
вавилондықтардың және ассириялықтардың көптеген көркем
рельефтері мен мүсіндерінде ілеспе жазу жолақтары табылды
17 . Исламға дейінгі каллиграфиялық жазулардың қызметі, ең
алдымен, дискурсивті болды. Жазу көрнекі бейнелеудің мағы-
насын түсіндіру үшін логикалық сүйемелдеу ретінде пайдала-
27-карта. Жер.
Ибрахим Ибн Мухаммад аль Истахри 4/10 ғасыр
нылды. Көркем бұйымдарда жазудың мұндай қолданылуы Ви-
зантия өнерінде жалғасын тапты.
Исламмен бірге жазу мен каллиграфия терең метаморфо-
заға ұшырап, оларды жай дискурсивті белгілерден эстетикалық
және толық иконографиялық материалдарға айналдырды.
Бұл даму кездейсоқ болған жоқ. Керісінше, оны мұсылман-
дардың эстетикалық сезімі мен мінез-құлқына негізгі «Құран»
әсерінің тағы бір өлшемі ретінде қарастыруға болады. Мұсыл-
ман үшін өнердің мақсаты – адам баласын Құдайдың халифа-
лары ретінде Оны ойлауға және оны еске алуға бағыттау. Осы
мақсатқа жету үшін Қасиетті Құранның поэтикалық рухтанды-
ратын үзінділерінен басқа қолайлы құрал табу мүмкін емес еді.
Құдай шынымен табиғаттан тыс және бейнелеуден тыс болса
да, Мұхаммед Пайғамбарға түсірілген Оның Сөзі Құдайдың
трансценденттілігін бұзудан қорықпай, көрерменге немесе
тыңдаушыға Оны еске түсіреді.
Қубба ас Сахра («Жартас күмбезі») Әл-Құдс,
б.з.б. 691-жылы аяқталған.
Сондықтан бұл негізінен исламдық өнер туындылары үшін
сипаттамалық материал. VII ғасырда-ақ бұл тенденция Иеру-
салимдегі «Жартас күмбезінің» (Қубба ас Сахра) безендірілуі-
нен анық көріне бастады. Құраннан алынған дәйексөздерден
тұратын декоративті бұл ескерткішті 71/691-жылы Умауи ха-
лифасы Абд әл-Малик аяқтаған. Құран сөздері мен үзінділерін
көптеп қолдану арқылы өнер нысандары мұсылмандардың есі-
не таухидті үнемі еске салып тұруы керек еді. Құранның көр-
некі және дискурсивті мотивтерінің тиімділігін, жоғарылауын
және жарамдылығын түсіну ислам мәдениеті мен өнеріне мол
корреляциялық әсер әкелді. Араб жазуының таңғаларлық жыл-
дам дамуы, оның икемді формалар каталогына айналуы, ерек-
ше стильдердің керемет таралуы және көркем шығармаларда
каллиграфиялық материалдардың кеңінен қолданылуы осыған
жатады.
Құраннан алынған визуалды және дискурсивті мотивтерді
тиімді, нақты және орынды пайдалану ислам мәдениеті мен
өнеріне көп әсерін тигізді. Олар араб алфавитінің қарқынды
дамуына, әдемі өрнектердің үйлесімді жиынтығын жасауға,
өзіне ғана тән стильдің керемет таралуына және каллигра-
фиялық материалдардың көркем шығармаларда кеңінен қолда-
нылуына себеп болды.
Құран үзінділерін пайдалану жұмысы ешқашан ұқыпсыз,
құрметсіз жүргізілмеуі керек еді. Сондықтан да әдемі жазу
немесе каллиграфия өнері ертедегі мұсылмандарда керемет
шеберлікпен және жылдамдықпен дамыды. Араб жазуы талап
ететін икемділік пен шеберлік, анықтық исламға дейінгі не-
месе исламнан кейінгі ешқандай каллиграфияда болған емес.
Биіктігі мен ені бойынша ұзартулар мен қысқартулар әбден
қалыпқа түсірілді жазбалар әр түрлі пішінде және өлшемде
жасалды. Жазудың көптеген стильдері жеке қолданылған не-
месе каллиграфиялық емес мотивтермен біріктірілген. Небір
әдемі, небір өрнекті жазу үлгілерінжаұсылмандар жасаған.
Мұсылман әлеміндегі ең қызықты заманауи эстетикалық
жетістіктердің кейбірі - шын мәнінде мұсылман халықтары-
ның ең танымал көркемдік объектісінің айналасында дамып
келе жатқан жетістіктер. Мұсылманның әрбір іс-әрекеті мен
ой-пікірі дінмен байланысты болғандықтан, Құдай сөздерін
кез келген декоративтік схемаға, әрбір естілетін және көзбен
көретін туындыға қосу қалаулы мақсат болып табылды.
18
Құран үзінділері тек діни маңызы бар заттарға ғана емес, со-
нымен қатар маталарға, құмандар мен ыдыстарға, сандықтар
мен жиһаздарға, қабырғалар мен ғимараттарға, тіпті қарапай-
ым ас үй ыдыстарына Ислам тарихының әр ғасырында және
мұсылман әлемінің барлық бұрышында сәндік мотив ретінде
қолданылды. Бұл үрдіс әдебиет және вокал өнерінде де кең
таралған және ерекше орын алады. Құран үзінділерін жаза-
тын әдемі каллиграфияны қосқанда, исламдық өнер Құранның
дискурсивті әсерін ғана емес, сонымен бірге оның эстетикалық
бағытын да ұстанды. Қасиетті Құран үзінділерінен басқа ма-
териалдар – тақуалық сөздер, мақал-мәтелдер, Құдайдың, Пай-
ғамбардың немесе діни тұлғалардың есімдері, ғимараттардың
детальдары, қамқоршылардың немесе суретшілердің есімдері
жазылса да, араб жазуының бейнелі де әдемі иллюстрациялық
үлгілеріне ерекше назар аударылған. Рабаттан Минданаоға, Ка-
нодан Самарқандқа дейін араб тілінде жазылған Құран үзін-
ділері өнердің ең таңдаулы элементтеріне айналған. Әлемнің
бірде-бір эстетикалық дәстүрінде бір ғана Кітап пен каллигра-
фия өнері мұндай шешуші рөл атқарған емес.
Соңғы жылдары бірқатар ғалымдар ислам өнерінің символ-
дық сипаты туралы көп жазды.
19
Олардың ішінде мұсыл-
ман еместері де, мұсылмандары да бар. Бірақ олардың
бәрі батыстық ортада туған немесе білім алған. Олардың ис-
ламдық өнерге символдық мән беруі «өнер поэзиямен, түспен,
сызықпен, пішінмен, дыбыспен, қозғалыспен және т.б. әдіспен
абстрактілі идеяны көрсету тәсілі болып табылады» деген-
ге саятын жалпы қабылданған ұғымды ғана білдірмейді. Бұл
тұрғыдан алғанда, әрине, өнердің бәрі – символ. Бұл авторлар-
дың айтпағы, ислам өнерінің символдық салдары деп санай-
тын нәрселер үшін әлдеқайда көп нәрсе талап етіледі.
|